Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет24/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Күрделі сөздер.


а) күрделі зат емес: ауыл шаруашылығы, ауыз əдебиеті, аса таяқ, соқпақ жол, ата мекен, қалбағай омыртқа, кіндік шеше т.б.;
ə) күрделі сын есім: ақ боз (ат), ал қызыл (орамал), қызғылт қоңыр (тас), ақ шаңқан, шаңқан боз, ақсары (адам), сары шұбар, қара ала, күй- ік сары, құрым сары, көк ала, ақ сұр т.б.;
б) күрделі етістіктер: келе жатыр, кешігіп қала жаздады, қайнап кетті, бұртете қалды, жалп ете түсті т.б. ;
Орфография
в) күрделі үстеулер: түс əлетінде, түн ортасында, түс кезі т.б. ;
г) күрделі сан есімдер: он тоғыз, қырық бір, бір бүтін оннан екі, жиырма бес, төрттен екі, үштен бір, бір мың тоғыз жүз, сексен алты т.б.

  1. Қос сөздер: бала-шаға, қоян-қолтық, үйме-үй, тау-тау, жекпе- жек, дақ-дəулет, бес-алты, он-он бес, бірлі-жарым т.б.

  2. Біріккен сөздер: өнеркəсіп, балабақша, кəсіподақ (кəсіпшілер одағы), жаужұмыр (өсімдік), қолғап, қосаяқ (тышқан), кезқұйрық (құс), итарқа (шатырдың түрі), алаөкпе (ауру), өнертабыс, шамшырақ, еш- кім, ешқандай, əлдекім, əлдебіреу т.б.

  3. Қысқарған сөздер: ауатком, əсерком, агроөнеркəсіп, автодү- кен т.б.

Міне, осындай қысқаша мысалдың өзінен-ақ құрама сөз құрылымы- ның əлдеқайда күрделі жəне жазылуының əртүрлі екендігін (бөлек, бірге, сызықша арқылы) байқауға болады. Дегенмен құрама сөздердің бəріне ортақ басты-басты белгілер бар. Құрама сөздің қай-қайсысы болсын, мейлі ол күрделі зат есім (ауыл шаруашылық, кіндік шеше, ата мекен т.б.), күрделі сын есім (қызыл қоңыр, қара барқын, ақ сары, құрам қы- зыл т.б.), күрделі сан есім (қырық бір, он тоғыз, төрттен бірі) болсын, қос сөз болсын (тау-тау, үлкен-кіші, үйлі-баранды, ыдыс-аяқ, қып-қы- зыл т.б.), біріккен сөз болсын (өнеркəсіп, қолбасшы, арасалмақ, бұзау- бас т.б.), қысқарған сөз болсын, олар белгілі бір заттың (өлшемнің, түр- түстің, іс-əрекеттің атауы (номинациялық қызметі) болып, бір мағына- ны білдіріп (семантикалық қызметі), сөйлемнің бір ғана мүшесі ретін- де (синтаксистік қызметі) қызмет атқарады. Қазақ орфографиясының тəжірибесіне сүйенсек, құрама сөздің бір ғана заттың атауы болуы, бір ғана мағынаны білдіруі, сөйлемнің бір ғана мүшесі ретінде жұмсалуы олардың бірге не бөлек жазылуына таяныш бола бермейді. «Егер құрама сөз бір ғана заттың атауы болып жұмсалса, бір ғана мағынаны білдірсе, бір ғана синтаксистік қызмет атқарса, оларды неге бірге жазуға болмай- ды?» деген заңды сұрау туады (мысалы, жиырма сегіз бір ғана сандық мағына атауы білдіреді).
Бұл аталған үш белгіге (триадаға) сүйенсек, қас пен көздің арасында: көзді ашып-жұмғанша деген фразеологизмдерді де біріктіріп жазған болар едік. Өйткені бұл тіркестер де «тез, тым шапшаң» деген бір ғана мағынаны, ұғымды білдіріп, бір ғана қимыл амалының атауы болып тұр. Бірақ жазу тəжірибеміз мұндай сөздерді біріктіріп жазуға ырық бермей- ді. Себебі, осы аталған фразеологизмнің сыңарлары тілдік бірлік (едини- ца) ретінде өз дербестігінен айырылған жоқ. Күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі зат есім сыңарларының бөлек-бөлек таңбалануының

қазақ орфографиясында дəстүрге айналуы олардың тілдік бірлік ретінде өз дербестігін сақтауына байланысты деуге болады.
Сонымен, құрама сөздердің бəріне ортақ үш белгіден басқа жеке-же- ке белгілер де болуға тиіс. Сол жеке белгілер құрама сөз типтерін (күр- делі сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер) бір-бірінен өзгешелеп тұрады. Мысалы, құрама сөздің бір типі – күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі зат есімдердің əр сыңары тілдік бірлік ретінде біршама сөз дербестігін сақтауы – осы аталған сөздер тобына тəн жеке белгілердің бірі.
Құрама сөздердің екінші бір типінің сипаты бұлардан (күрделі сөз- дерден) басқаша. Бұл топқа белгілі сыңарларының мағынасы көмескіле- нуі, контаминацияға ұшырауы арқылы дербестігінен айырылған құрама сөздер жатады. Құрама сөздердің бұл типі біріккен сөздер деп аталады. Мысалы: жаужұмыр, сайгүлік, ендігəрі, қолғап, жаушымылдық (пион), ашудас, белбеу, күздігүні, қозмалдақ, жаздыгүні, əумесер, қыстыгүні т.б. Бұл типтегі құрама сөздердің бірге жазылуына олардың дыбыстық контаминацияға ұшырауы тəрізді жеке белгілері сүйеу болады. Бірақ бұл
белгі өте шектеулі, санаулы сөздерді ғана қамтиды.
Құрама сөз сыңарларының өз дербестігінен біршама айырылуының тағы бір жолы бар. Құрама сөз сыңарларының мағыналық контамина- цияға ұшырауының нəтижесінде, үшінші біртұтас мағына пайда болады да, біріккен сөзге айналады. Бұл аталған жеке белгі де құрама сөзді бірік- кен сөз деп тануға мүмкіндік береді де, тұтас тұлғалауға таяныш болады. Мысалы: тоқтыбалақ (құс), тауқұдірет (құс), өнеркəсіп, ақжаулық (этн.), қызойнақ, атжалман, бірқазан (құс), сушықара (құс), тазқара, тастүлек, қолбала, қалыңмал, беташар, есепшот, кəсіпорын, көрсары, маубасбұқа (құс), несібелді байқасқа (құс), сукөз, т.б. Осындай тəсіл- мен біріккен сөз əсіресе өсімдік атауларында жиі кездеседі: қазтабан (өс.), желімбасақ (өс.), жөтелшай (өс.), аққұлақ (өс.), балықкөз (өс.), бөрікқұлақ, ботакөз (өс.), бозкілем (өс.), томарбояу (өс.), бетіқышық (өс.), аққой (жуаның түрі), биемшек (өс.), аққайың (шөптің түрі), жер- сабын (өс.), кəріқыз (өс.), кермексабын (өс., «ушастый»), күйіксары (өс.), қызылқұрт (өс. «жабник»), көзсабақ (окулировка), қаратұяқ (өс.), қо- зықұлақ (өс., «волосатик»), қозықұйрық (өс.), қоңырбас (өс., «мятник»), қосбас (өс., «двукисточник»), қораматау (өс., алаботаның түрі), алабота (өс.), құлынембес (өс.), қоянсүйек (өс., «песчаная акация»), құлқайыр (өс.,
«мальва»), құлаңқұйрық (өс.), құртқашаш (өс.), қызылбояу («подмарен- ник»), қызылқұрт (өс., «волосатик»), қырықбуын («хвощ»), қасқыржем (өс., «спаржа»), қырыққұлақ (өс.), майқара (өс., «полынь пустынная»), майракебіс (өс., «свербига»), нариген (өс.), отсабын (өс.), өгізкөз (өс.,
Орфография
«пупавка»), өгізтіл (өс., «анхуза»), саңырауқұлақ (өс.), сиырқұрық (өс.), сия көк (өс., жұпар сиякөк «льнянка душиста»), сіргеқара (өс.), сіпсебас (өс., «метлица»), тасшүгін (өс.), таумасақ (өс.), тайтұяқ (өс.), теке-
сақал (өс., «додарция»), теңгебас (өс., «сусак»), түйесіңіт (өс.), түй- еқарын (өс.), түйеқұйрық (өс.), түйетабан (өс.), уқорқасын (өс.), үшқат (өс., «жимолость»), үпілмəлік (өс.), шашақбас (өс., «качим метельча- тый»), шоңайна (өс., «лопух»), шөңгебас (өс., «толстоголовник»); бал- тажұтар (құс), ақсазы (құс), ақиық (құс), аққабақ (бүркіттің бір түрі), ақсары (құс, «сарыч»), ақшегір (қыран құстың бір түрі), алыпқара (құс), балтатұмсық (құс), бұқатана (құс), аққұйрық арлан (құс) т.б.
Осы сөздердің қатарынан құрама сөз сыңарларының «бүтіннің бөл- шегі» ретінде жұмсала келіп, біртұтас мағынаға ие болғандарын да жатқызуға болады: қосауыз (мылтықтың түрі), қосаяқ (тышқан), бізқұй- рық (құс), кезқұйрық (құс), бізтұмсық (құс), шөгелтабан (бүркіттің бір түрі), қаратамақ (құс), қарабауыр (құс), көкмойын (құс) т.б.
Бірінші сыңары өсімдікке, ал екінші мүлде басқа бір затқа қатысты атаулардан жасалған құрама сөздерді біріккен сөздің қатарында қарап, тұтас тұлғалауға болады: арпабас, гүлтəжі, долантопшы, бұлшаққын, гүлсидам, гүлсерік (околцветник), гүлсағақ (цветоножка), гүлзардақ, құртқашаш (өс.).
Құрама сөздің дыбыстық, мағыналық контаминациясы нəтижесін- де пайда болған бұл тобын біріккен сөз деп тану пəлендей дау туғыз- байды. Өйткені бұл сөздердің жеке сыңары мағыналық жақтан тұтаса келіп үшінші бір лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: егеуқұйрық, өгізтіл (өс.), атауын қазақ тілінде сөйлеушілер «егеу» жəне «құйрық» немесе «өгіз» жəне «тіл» деп дербес сөзге бөле-жара қарамайды.
Құрама сөздердің ішінде біріккен сөз қатарына қосып, бірге жазуға таяныш болатын тағы бір жеке белгіні атап айтуға болады. Ол, мысалы, құрама сөз сыңарларының бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалып барып, бір бүтінге айналуы. Мысалы, гүл, жапырақ, тамыр деген сөздер бел- гілі бір заттың атауы болғанымен, олар нақты бір ғана есімдікке, мы- салы, шырғанаққа ғана тəн емес. Олар көптеген өсімдікте кездесетін вегатативтік органдар. Сондықтан бүтіннің бөлшегі ретінде бұл сөздер (гүл, тамыр, жапырақ т.б.) белгілі бір сөздің сүйемелі арқылы нақты бір өсімдіктің атауы болып жұмсалады. Бұл тəсілмен жасалған бірік- кен сөздер əсіресе өсімдік атауларында жиі кездеседі. Олардың бірін- ші сыңары əртүрлі сөздерден, ал екінші сыңары өсімдіктің белгілі бір мүшесінің атауы болып, лексикалық бір бүтін болады. Ондай мүше- лер көбіне а) көбею органдары: тамыр, мұрт, сабақ, жеміс, қат, жидек; ə) транспирация органдары: жапырақ, сабақ, мұрт; б) жер үсті органда-

ры: гүл тікен, бұта т.б. Осы аталған «бүтіннің бөлшегі» (гүл, жапырақ, тамыр т.б.) құрама сөздің тұрақты сыңары ретінде қайталанып отырады. Бұл құрама сөздер сөйлеу кезінде тіркестірілмей, дайын күйдегі тіркес ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет