Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет21/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Синкопа

Эпитеза

машинист – машиниске, машинистер

асбтракт – абстрактіге

ориенталист – ориенталиске, ориенталистер

такт – тактіге

асбест – асбеске, асбестер

киоск – киоскіге

съезд – съезге, съездер

фонд – фондыға

поезд – поезға, поездар

стенд – стендіге




шрифт – шрифтіге




митинг – митингіге

Бұл типтес сөздердің кейбірі бірде синкопа түрінде жазылса, бірде эпитеза түрінде жазылып жүр: космонавт космонавтыға космонавқа, аэронавт – аэронавтыға, аэронавқа, аргонавт – аргонавтыға – арго- навқа, гидронавт гидронавтыға, терапевт терапевтіге терапевке, астронавт – астронавтыға – астронавқа т.б. Қазіргі жазу тəжірибеміз- де -вт, -зд, -ст дауыссыздар типіндегі атауларды қосымша жалғанғанда (пост – постыға, тест – тестіге тəрізді бірбуынды бірер сөзді еске ал- мағанда) синкопалық вариант түріндегі жазу дағдыға айнала бастады.
Сөз аяғындағы дыбыстық құбылыстың бірі – апокопа. Сөз аяғындағы дауыстыны түсіріп немесе түсірмей қолдануға байланысты əртүрлі жа-

зылып жүрген сөздер бар. Солардың біршама толық тізімі мына тəрізді:

алхоры – алхор зəңдемі – зəңдем


əзірейлі – əзірейіл зəуі сайтан – зəусайтан

бекзат – бекзада кешене – кешен


бордақы – бордақ қажы – қаж (діни)


бағана – баған контора – контор
бидайы – бидай көке мылжың – (жастықтың бидайысы) көк мылжың дабыра – дабыр қайны – қайын

дағара – дағар қақа басы – қақ басы


ерсілі – қарсылы қары – қар (қолдың қарысы, қары)
ерсіл – қарсыл қаса сұлу – қас сұлу
ертегі – ертек қодыға – қодық
зейне – зейін құры – құр ( құры босқа, құр босқа) нəсібе – нəсіп
нысана – нысан нышана – нышан

сағана – саған сигарета – сигарет таразы – тараз тəйірі – тəйір тəңірі – тəңір түгілі – түгіл уағза – уағыз


шабдалы – шабдал шілтері – шілтер шаштаразы – шаштараз

Осы параллельдерді, сырттай көз салғанның өзінде, бір ғана дыбыс- тық құбылыстың шеңберінде қарауға болмайды. Бұл параллельдердің пайда болуы кем дегенде төрт түрлі құбылысқа саятын тəрізді.



  1. Тəңірі, ертегі, бидайы (жастықтың бидайысы), алхоры, шабдалы, шілтері тəрізді сөздердің тəңір, тəйір, тəйірі (тəңірі), ертек, бидай (жас- тықтың бидайы), алхор, шабдал, шілтер түріндегі вокалсыз варианттың пайда болу себебі ашық буынның шектен тыс шоғырлануынан «қашу»

Орфография
тенденциясына байланысты болуы мүмкін. Əсіресе тəуелдік жалғау қо- сылғанда, мысалы, тəңірісі, шабдалысы, алхорысы сөздегі ашық буын- ның саны көбейіп, сөйлеуші үшін біршама физиологиялық қолайсыздық туғызуы ықтимал.

  1. Бұл параллельдердің ішінде бағана – баған, көке мылжың – көк жылжың тəрізді түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер бар. Көкемарал (немес маралоты) сөзіндегі көке де монғол элементі. Мұндағы көке, баға- на монғол тілінен ауысқан.

  2. Жоғарыда айтылған жарыспалы бұл сыңарлардың ішінде өзге тіл- ден екі түрлі тұлғада енген сөздер бар. Мысалы: заман – замана (азмэне парсы тілінің көптік тұлғасындағы сөз), нысан – нысана, нəсіп – нəсібе, бекзат – бекзада парсы тілінен жарыса енген параллельдер.

Жоғарыда көрсетілген параллельдердің кейбірі қазіргі əдеби тілде ко- дификацияланып, семантикалық дербестікке (ертегі «сказка», ертек «ска- зание», шаштараз «парикмахерская», шаштаразы «парикмахер», дабыр
«у-шу», дабыра «даурықпа» сөз т.б.), стильдік реңкке ие бола бастағанда- ры да бар (уағза көне; уағыз бейтарап, замана поэтикалық, заман бейта- рап т.б.). Ал қодық – қодыға, зейін – зейне, шілтер – шілтері тəрізді па- раллельдердің дауыстымен айтылатынын сыңарларына орфографиялық сөздіктердің басылымдарына регламент қойыла бастады.

  1. Орыс тілінен енген кейбір сөздердің екі түрлі қолданылуы да апо- копа құбылысымен байланысты. Мысалы: контор – контора, сигарет – сигарета, гитар – гитара, папах – папаха, фанер – фанера, наград – на- града, идиом – идиома т.б. осы типтес жарыспалы сөздердің жазылуын бір ізге салу үшін алдымен бұл құбылыстың себебіне назар аудару қажет тəрізді.

Орыс тілінен енген кейбір сөздердің соңғы дауыстысын қазақ тілінде сөйлеуші түсіріп айтуы ықтимал. Мысалы: координата – координат, диет – диета, арматура – арматур, анкета – анкет, идиома – идиом, карьера карьер т.б. Ал кейбір сөздердегі соңғы дауыстыны түсіріп айту мүмкін емес: кафедра, плита, шкала, тайга, техника, галифе т.б. Бұл сөздердегі соңғы дауыстының қазақ сөзінде (в речи) апокопаға ұшыра- мауының өзіндік себебі бар. Орыс тілінің дыбыс заңдылығы бойынша екпін түсетін дауыстыдан кейінгі дауысты (заударный гласный) басқа- ларға қарағанда сапалық редукцияға көбірек ұшырайды. Міне, сон- дықтан қазақ тіліне ертеректе ауызша канал арқылы енген минута, се- кунда, газета, цифра, контора сөздері жазба тіл каналы арқылы игеріл- ген ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминдерді, номенклатуралық атауларды (екпіннен соңғы дауыстының редукциялануына қарамастан) вокалды вариант түрінде қолдану тіл тəжірибесінде дағдыға айнала

бастады. Мысалы: амплитуда, планета, директива, фонема, фраза, акула т.б.
Тіл – жүйелі құбылыс. Əдеби тілдің нормасы, оның ішінде жазу нор- масы, алдымен тілдік жүйеге негізделеді. Алайда жүйе бар жердің бəрі бірдей əдеби тілдің нормасы бола бере ме? Кейбір жағдайда тілдік жү- йенің өзі екі немесе үш түрлі болып жарыса қолданылуы ықтимал. Олар- дың қайсысы əдеби тіл нормасына лайық деп танылуы керек?
Мəселен, кейбір түбір сөздерде түбір мен қосымшаның жігінде л/д дыбыстарының алмасу құбылысы л жəне д вариант түріндегі екі түрлі жүйеге саяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет