Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет27/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

-лер, -лық, -лік) арқылы «ұласуы» тəрізділерді қоссақ, сөздердің бірге жазылуы аса күрделі, аса қиын мəселе екендігін көреміз.
Бірақ біздің мақсатымыз құрама сөздердің бұл айтылған типтерін біріккен сөз деп танимыз ба, жоқ па дегенге үзілді-кесілді жауап беріп, дəлелдеп шығу емес. Бұл жерде біз құрама сөздердің мұндай түрлерін, əсіресе соңғы жылдарда, біріктіріп жаза бастаудың нышаны бар екеніне жəне бұлай жазудың негізсіз еместігіне назар аудардық.
Жазу тəжірибесінде күрделі сөздердің кейбір типтерін біріктіріп жазу үрдісі кейінгі жылдарда күшейе түскені байқалады. Осымен байланысты Орфографиялық сөздіктің соңғы басылымында (1988), алдыңғылармен салыстырғанда, бірге жазылған сөздердің саны едəуір көбейе түскен. Алайда осы үрдістің себебін «күрделі сөз мағынаны білдіреді» деген мек- теп көлеміндегі қағидамен түсіндіруге болмайды. Мысалы, сырт пішіні бірдей бола тұра, неге ақ аю бөлек, ақбөкен бірге жазылады? Ал, біздің ойлауымызша, бұл құбылыстың мəнін жалпы тіл біліміндегі фразеоло- гия теориясы (Копыленко М.М., Попова З.) біршама аша түсетінін кейбір күрделі сөздердің сыңарларына семасиологиялық талдау жасай отырып та байқауға болады [52, 40 б.]. Мысалы, ақ аю, қоңыр аю дегендегі ақ, аю экстралингвистикалық ұғымды (өмірдегі) ақ, аю дегендерге сəйкес келеді. Тіркес құрамындағы мұндай семалар денотат бір (Д1) деп белгіле-
неді: Д1 + Д1. Сары ағаш, қара ағаш- тардағы сары, қара семаларының
экстралингвистикалық фактормен тікелей емес, жанама байланысы бар
(жемісі сары, діні қара т.б.) екені көрініп тұрады, сондықтан бұл семалар денотат екі (Д2) деп белгіленеді. Ал мұндағы ағаш экстралингвистикалық ұғыммен тікелей ұштасып жатқандықтан, денотат бір (Д1) деп аталады:
Д2 + Д1. Өгіз шағала, түйе құс дегендегі өгіз, түйе экстралингвистика-
лық ұғымдағы «өгіз» бен «түйе» емес, «үлкен», я болмаса «соларға ұқ-
сас» дегенге меңзейді. Мұндай семалар коннотат бір (К1) деп аталады, ал бұлардың екінші сыңарлары (құс, шағала) денотат бірге (Д1) жатады: К1
+ Д1. Тіркестің неге бұлай айтылатыны, яғни уəждемесі (мотивациясы)
көрініп тұрады. Сондай-ақ қанды ағаш тіркесіндегі ағаш-тың денотат
бірге (Д1) жататыны айтпаса да түсінікті. Ал бұл сөздің қанды-мен неге
Орфография
тіркес құрайтыны синхрондық тұрғыдан мүлде белгісіз, яғни уəждемесі жоқ. Əдетте мұндай семалар коннотат екі (К2) деп көрсетіледі: К2 + Д1. Жау қазын, жау жұмыр дегендегі жау, жұмыр, қазын-дардың экстра-
лингвистикалық мəні синхрондық тұрғыда мүлде белгісіз: яғни уəжде- месі жоқ. Фразеология теориясы бойынша мұндай семалардың тіркесі К2 + К2 түрінде белгіленеді. Тас бақа тіркесіндегі тас, бақа лексемалары
шындық өмірдегі тас пен бақа-ны білдірмейді. Бұл сөздердің экстра-
лингвистикалық фактормен байланысы тікелей емес, жанама түрде жүзе- ге асады, сондықтан мұндағы семалар К1 + К1 түрінде бейнеленеді. Осы ізбен талдай берсек, ақ бөкен –дегі ақ экстралингвистикалық ұғымдағы
ақ емес, жануардың (Д1) неге бұлай айтылатыны белгісіз. Сондықтан мұндай тіркестерді К2 + Д1 түрінде көрсетуге болады. Ақ қу тіркесіндегі ақ семасын Д1, қу семасын К2 деп белгілейміз. Өйткені мұндағы ақ экс- тралингвистикалық факторға сəйкес болса, қу сөзінің экстралингвисти-
калық мəні қазіргі тіл тұтынушыға белгісіз. Сондықтан мұндайлар Д1 +
К2 семалар тіркесіне жатады.
Сонымен, жоғарыда айтылған тіркестерді былай көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет