Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет28/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

ақ аю

Д1 Д1

ақ аю

қоңыр аю

Д1 Д1

қоңыр аю

сары ағаш

Д2 Д1

сарағаш

қара ағаш

Д2 Д1

қарағаш

қанды ағаш

К2 Д1

қандыағаш

өгіз шағала

К1 Д1

өгіз шағала

түйе құс

К1 Д1

түйеқұс

ақ бөкен

К2 Д1

ақбөкен

ақ қу

Д1 К2

аққу

тас бақа

К1 К1

тасбақа

жау жұмыр

К2 К2

жаужұмыр

жау қазын

К2 К2

жауқазын

Сөйтіп құрамындағы семалар экстралингвистикалық фактордан (Д1) алшақтап (Д2 + К1), жəне одан қол үзген (К2) сайын екі құрамды күрделі есім сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түседі. Мұндайда, əсіресе Д1 Д1; Д2 Д1; Д1 Д2; типтерімен салыстырғанда, Д1 К1; К 1 Д2; К2 Д2; К2 К2 типіндегі тіркестер пəлендей қиындықсыз-ақ бірге жазылады. Өйткені, алдыңғы-
ларға қарағанда, бұлардың идиомалану сипаты əлдеқайда күшті. Олай
болса, екі құрамды есім тіркестердің идиомалығы артқан сайын, жеке сөздер тəрізді, олар тұтастай тұлғалануға бейім болып келеді.
Күрделі атауларды бірге немесе бөлек таңбалауды тек жазудағы шарт- тылық деп түсінбеу керек. Əдетте қатар келген белгілі бір сөздерді бос-

аралықпен, я болмаса босаралықсыз таңбалау олардың мазмұнына қа- тысты визуалды ақпарат беріп тұрады. Таңбалар арасындағы босаралық олардың əрқайсының мағыналық, формалық дербестігін, ал босаралық- сыздық бұлардың біртұтастығын көрсетеді. Осымен байланысты күрделі таңбалық құрылымдарды босаралықпен/босаралықсыз таңбалауды фор- ма мен мазмұннның бірлігі тұрғысынан қарауға тура келеді.
Біріккен сөз екі таңбаның жай ғана механикалық тұрғыдағы қосын- дысы емес. Екі таңба (А,В) бірігіп, жай сипаттағы (С) таңбаға айналу үшін бірігуге тиіс екі таңба əртүрлі деңгейдегі азды-көпті а) мағыналық, ə) формалық (материалдық) өзгеріске ұшырауы шарт. Сондықтан бірік- кен сөздерді анықтау үшін оларды алдымен мазмұнмеже, тұрпатмеже тұрғысынан қарастыру қажет. Олай болса, бірігуге тиіс таңбалардың се- мантикалық құрылымын денотат, сигнификат теориясы тұрғысынан қа- раудың мəні айрықша. Бұл ретте бірігуге тиіс белгілі бір екі таңбаның əрқайсының семантикалық құрылымындағы денотаттық, сигнификаттық компоненттерді өзара салыстырып көруге болады.
Сөз мағынасы – бірнеше компоненттік қабаттардан тұратын күрделі семантикалық құрылым. Бұл құрылым ақиқат дүниемен де, идеалды дү- ниемен де байланысты.
Қайсыбір сөздің ақиқат дүниеде меншіктеп алған «басыбайлы» дено- таты болады. Лексикалық бірліктің белгілі бір объектіні меңзеуі оның де- нотаттық мағынасы болып табылады. Денотаттық мағына заттық ойлау- мен, деректі ойлаумен байланысты. Денотаттық мағына тек материалдық мағынаны ғана емес, сезім, эмоция, психикалық күй, қатыстылық тəрізді т.б. материалдық емес нəрселерді де білдіреді.
Сөз мағынасындағы денотат ақиқаттағы объектіні, яғни объективті мəнділікті, ал сигнификат сол объектінің өзі емес, оның мəнді бел- гілерінің санадағы сəулеленуінің нəтижесін, яғни идеалды мəнділікті меңзейді. Сөйтіп, сөз мағынасының семантикалық құрылымы негізгі екі қабаттан, я болмаса екі компоненттен құралады деуге болады. Əрине, бұл екі қабаттың мағыналық құрылымындағы алатын орны барлық сөз- де бірдей болып отырмайды. Мысалы, деректі, заттық мəндегі сөздердің мағына құрылымында денотат қабат басым болса, абстракты лексикада сигнификат қабат басым.
Лексикалық мағынадағы сигнификаттық қабат дегеніміз – индивид санасындағы ақиқат дүние фрагментінің бейнеленуі туралы ақпарат.
Сигнификат – заттың, ситуацияның өзі емес, бірақ сол заттарды, құ- былыстарды, ситуацияларды мəнді белгілері арқылы бір класқа бірік- тіретін, оларды өзге класқа енетін зат, құбылыс, ситуациялардан ажыра- тып тұратын қасиет, белгілері туралы ақпарат.
Орфография
Сөз ақиқат дүниедегі белгілі бір затты, ситуацияны атап қана қоймай- ды, сонымен бірге ол рационалды танымның нəтижесі ретінде сол зат- тың адам санасындағы абстракциялануын да таңбалайды.
Адам санасындағы рационалды танымның нəтижесі ретінде ақиқат- тағы заттың дерексізденген түрдегі бейнесі сөз арқылы орнығып, тиянақ табады.
Индивид санасында ақиқаттағы нəрсе, зат, ситуация тұтас күйінде (фотодағыдай) бейнеленбейді, бірақ олардың мəнді саналатын қайсыбір белгілері ғана көрініс табады. Сөйтіп, адам санасында, я болмаса тілдік ұжымның санасында ақиқат өмірдің идеалды түрі пайда болады. Міне, ақиқаттағы заттың, нəрсенің, ситуацияның индивид санасында орныққан идеалды бейнесі сөздің сигнификаттық мағынасы болып табылады. Сиг- нификат қабат сөз мағынасының негізгі компоненті деп саналады.
Сөз мағынасының семантикалық құрылымындағы сигнификаттық компонент – таным процесінің нəтижесі. Таным процесі – өте күрделі құбылыс. Мысалы, ақиқат дүниедегі зат, құбылыс, уақиға, ситуация рецепторлық мүшелердің бірін тітіркендірудің барысында санада сол нəрсенің бейнесі пайда болады. Бірақ ол айнаға түскендей ақиқаттың
«көшірмесі» емес. Ол белгілі бір объектінің санадағы ойша суреті мен ойбейнесі (фото емес, картинка). Мысалы, адам санасында алма ағаш
«діңі», «бұтақтары», «жапырақтары», «қызғылт домалақ жемісі» бар нəрсе түрінде бейнеленеді. Бұл – ақиқат дүние үзігінің (фрагментінің) ойбейнесі. Санадағы ойсурет объектінің фотокөшірмесі емес, керісін- ше, аса мəнді деп танылған дің, бұтақ, жапырақ, жеміс, қызыл т.б. тəрізді белгілердің жиынтығы. Бұлар ойсурет түріндегі «алма ағаш» концептісінің құрылымдық элементтері. Алайда санадағы құрылым- дық белгілердің, элементтердің, бөлім, бөлшектердің бəрі бірдей вер- балдануы, яғни тілдік ақиқатқа айналуы шарт емес. Егер бұтағында алмасы бар жеміс ағашы десек, бұл – ақиқат дүние үзігінің когни- тивтік санадағы вербалдануы. Санада бейнеленген объект жəне оның элементтері бұтақ, алма, жеміс, ағаш деген тілдік бірліктер арқылы объективтеніп, тілдік ақиқатқа айналған. Таным процесінің барысында ақиқат дүниеден алынған бұл ақпарат осы күйде санада қалып қоймай, əрі қарай да өңдеуден өтуі ықтимал. Атап айтқанда, когнитивтік санада жинақталған ақпараттық мəні төмен компоненттердің беймəнделіп (де- актуализацияланып) редукциялануы мүмкін. Когнитивтік санада ондай маңызы төмендеген, беймəнді элементтер редукцияланады: [бұтағын- да] алма [сы бар жеміс] ағашы ˃ алма ағаш[ы] ˃ алма ағаш (түсінік- тірек болу үшін редукцияланған элементтерді тік жақшамен белгілеп отырмыз).

Бұдан əрі қарай өмірлік мəні, қажеттілігіне қарай, ақиқат дүниедегі объектіден алынған ақпарат өңделіп, ұғым деңгейіне көтеріледі. Сөйтіп санада «алма жемісі өсетін ағаш» деген ұғым пайда болады. Бұл ұғым- ның материалдық жамылғышы алма ағаш деген лексемалармен берілген. Осы лексемалардың (сөздің) ұғымдық жағы – сөз мағынасындағы сигни- фикаттық компонент, я болмаса сигнификаттық мағына.
Сонымен, когнитивтік санада ақиқаттағы белгілі бір объектімен байланысты семантикалық құрылым пайда болды. Бұл семантикалық құрылымның сигнификаттық компоненті «алма жемісі өсетін ағаш» де- ген ұғымды көрсетіп тұрса, денотаттық компоненті «алма» жəне «ағаш» деген екі басқа денотатты емес, бір ғана денотатты, яғни ақиқаттағы бір ғана объектіні көрсетіп тұр. Таңбаның сыртқы формасы алма жəне ағаш деген екі лексема болғанмен, екі лексема бір денотатты меңзеп тұр. Екі лексеманың ортақ денотаты біреу ғана.
Ақиқаттағы белгілі бір объекті жайында ақпараттардың когнитивтік санада өңдеуден өтіп, сигнификаттық (ұғымдық), денотаттық (заттық) компоненттер түзуі жəне бұл компоненттердің арнайы лексемамен (лек- семалармен) вербалдануы (тілдік ақиқатқа айналуы) мəселенің мазмұн- дық жағы.
Алайда жоғарыда, сөз басында айтқанымыздай, мəселенің тек мазмұн- дық жағымен шектелу біріккен сөз фонемін табу үшін жеткіліксіз. Сон- дықтан форма (материалдық) тұрғыдағы өзгеріске де назар аударуымыз керек. Өйткені белгілі бір таңбаның мазмұнындағы сапалық өзгеріс өзінің
«жекеменшік» формасының болуын қалайды. «Жекеменшік» формасы болмаса, ондай мазмұн жаңа сападағы құбылыс ретінде танылмауға тиіс. Сөйтіп, мазмұндағы өзгеріс практикалық сұранысқа байланысты қалайда формадағы өзгерістің болуын қажетсінеді.
Енді жоғарыда айтылған мысалға форма тұрғысынан қарастыру үшін қайта оралайық. Мысалы, «бұтағында алмасы бар жеміс ағашы» деген аталым – ақиқат дүние үзігінің когнитивтік санадағы ойсурет түріндегі бейнесі. Сезімдік қабылау арқылы алынған ақпараттар білімге айналады да, объекті жəне оның элементтері, сол элементтердің өзара қатынасы білім мазмұнын құрайды. Білім мазмұны лексемалар, грамматикалық тұлғалар арқылы объективтенеді. Бұл – ақиқат дүние фрагментінің үй- ірлі сөзбен берілген аталымы (номинациясы). Осы аталған үйірлі сөздің құрамындағы тілдік бірліктердің əрқайсының өзді-өзінің екпіні болады. Бұл жерде түсініктірек болу үшін сөз екпіні түскен дауыстыларды бас əріппен белгілейміз: бұтағынд[á] алмас[ы́ ] б[á]р жем[í]с ағаш[ы́ ]. Осы күрделі таңбаны өзінің меншікті материалдық формасына қарай үйірлі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет