Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет26/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

-ағаш, -көк, -тал: əулиеағаш, қараағаш, қандыағаш, қазылағаш, са- рыағаш, жаманкөк, балдыркөк, ашкөк, ақтал, көктал (ива сизая), қара- тал, сауыттал, қызылтал, сабаутал, жылауықтал т.б.
Бірақ бұл қатарға изафетті тіркестің екінші түрінен (алма ағашы, өрік ағашы, сандал ағашы) ықшамдалып жасалған күрделі атаулар (алма ағаш, өрік ағаш, сандал ағаш) жатпайды.
Орфография
Соңғы сыңарлары құс тəрізді жалпылама сөзбен келген құс атаулары- ның да жазылуы осы тəрізді: қарақұс, сарықұс, сұршақұс.
Бір сыңары жалпылама мəнде жұмсалатын мұндай сөздердің қата- рына -аралық, -тану, -құмар, -жанды тəрізді дерексіз ұғымдағы сөздер арқылы жасалған біріккен сөздерді жатқызуға болады: ауданаралық, мектепаралық, облысаралық, қалааралық, колхозаралық, пəнаралық, абайтану, жамбылтану, əуезовтану, шығыстану, ұйғыртану, жара- тылыстану, қоғамтану; дүниеқұмар, малқұмар, қызқұмар, əнқұмар, шенқұмар, малжанды, далажанды, əйелжанды, күйеужанды т.б.
Ал бұл айтылғандарға керісінше, соңғы сыңары жалпылама мəнді сөздердің бірі болмай, нақты бір өсімдіктің (мия, қылша, қонақ, қаңбақ, кекіре, жусан т.б. я болмаса құстың (тырна, шағала, бүркіт, торғай т.б.) атауы болып келсе, олар күрделі зат есімдер делініп, бөлек жазылады. Өйткені нақты бір заттың азаюы болып табылатын бұл сөздер бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалатын немесе жалпылама мəнде қолданылатын есімдерге қарағанда құрама сөз құрамындағы дербестігін біршама сақтап отырады. Сондықтан олар біріккен сөз емес, күрделі сөздер (күрделі есімдер) деп танылады да, əр сыңары бөлек-бөлек тұлғаланады.
Мысалы: көк мия, ешкі мия, ақ мия; қызылтамыр қылша, тау қыл- ша, мойнақ қылша, бұйра қылша; ат қонақ, ит қонақ, қарабас қонақ, тау қонақ, күріш қонақ, бал қаңбақ, сор қаңбақ, май қаңбақ, əбе қаңбақ; түйе шетен (пижма), май шетен, гүл шетен; көк кекіре, ақ кекіре, сары кекіре, у кекіре; ас бұршақ (горох), бөрі бұршақ (люпин), атбас бұршақ ( бобы), сиыр бұршақ (лобия), түйе бұршақ; шағыр жусан, құм жусан, ақбас жусан, қара жусан, сарбас жусан, бөрте жусан, мығыр жусан, мық жусан, түйе жусан т.б. Екінші сыңары нақты бір құстың атын біл- діретін күрделі құс атаулары да осы ізбен жазылады: сақалды тырна, ақ- бас тырна (журавль красавка), ақ тырна; ақ шағала, өгіз шағала, байбай шағала, су шағала, су бүркіт (орлан), саржақ су бүркіт, құм бүркіт, шөл бүркіт, мола бүркіт, түз бүркіт; итала қаз, сарала қаз, қара қаз, қоқи қаз, қараша қаз, қоңыр қаз; меңіреу құр, ақ құр; су құрқылтай: кегір үй- рек, қөгала үйрек, көкмойын үйрек, ақбас үйрек т.б.
Айдарлы торғай, ақбас торғай, ақкөт торғай, алақанат торғай, бұйра торғай, бұқпа торғай, балшықшы торғай, барылдақ торғай, ба- рылдауық торғай, боз торғай, бозша торғай, жарылдауық торғай, до- дабас торғай, жасыл торғай, жасымақ торғай, жатаған торғай, жау торғай, жорға торғай (сойка), жүрдек торғай, жалпылдақ торғай, жыршы торғай, зіңкілдек торғай, кезеген торғай, көбелек торғай, көк- ала торғай (трясогузка белая), көкқасқа торғай, қарала торғай, қа- рабауыр торғай, құшынан торғай, қара торғай, сібір қара торғайы,

қожабас торғай, қотыр торғай, қызылбас торғай, қызылқұйрық торғай, майкөт торғай, мақтан торғай, молда торғай, мұңды торғай, ноғайбас торғай, мысық торғай (иволга немесе сарғалдақ), пайыз торғай (ще- гол), сайрауық торғай, сарала торғай, сарыбауыр торғай, сары торғай, сауға торғай, селкілдек торғай, суаяқ торғай, суықбас торғай, суық торғай (снегирь), сұрша торғай, үрпекбас торғай, шөже торғай, шө- жебас торғай, шөпек торғай, шырша торғай, шырылдауық торғай т.б. Бұл жерде қарабас қонақ, ақбас жусан, суаяқ торғай, қарабауыр торғай, қожабас торғай, қызылқұйрық торғай тəрізді үш сыңарлы құрама есімдердің жазылуына назар аударуға тура келеді. Үш сыңары мұндай құрама есімдердің алғашқы екі сыңарын бірге жазу тиімді көрі- неді. Өйткені бірінші екі сыңарды бір-бірінен бөле-жара қарау олардың семантикалық тұтастығына қайшы келеді. Мысалы, ақбас жусан атауын
«ақ» сөзінен бөліп алып «бас жусан», суаяқ торғай дегенді «су» сөзі- нен бөліп «аяқ торғай» деп қолдану мүмкін емес. Бұл – құрама сөздің алғашқы екі сыңарының, соңғысымен салыстырғанда, идиоматизация- ланғандығын көрсетеді. Алғашқы екі сыңардың біріккен сөз екендігін мынадай құбылыстан да байқауға болады. Үш сыңары құрама атаудың кей жағдайда үшінші сыңары эллипсиске ұшырап айтылғанмен, қалған екі сыңары бəрібір сол заттың атауы болып жұмсала береді. Мысалы: қарабауыр торғай қарабауыр, қызылқұйрық торғай қызылқұйрық, көк- мойын үйрек көкмойын, кодірен бидай кодірен, қосауыз мылтық қосауыз, ақиық сұңқар ақиық, аққұйрық арлан аққұйрық т.б.
Соңғы жылдарда екінші сыңары əртүрлі грамматикалық тұлғада кел- ген құрама сөздердің бір тобын біріккен сөз деп танып, бірге тұлғалау жазу тəжірибесінде кездесе бастады:
а) жатыпатар, алыпатар, қанішер, батаоқыр, бақанаттар, ұйқы- ашар, жолашар, күнқағар, тоқымқағар т.б.;
ə) көріпкел, шауыпкел;
б) құлақкесті, көкейкесті, тұяқкесті, жүрекжарды, жұмысбасты, ерғашты, қағазбасты, етекбасты, шаруабасты, желсоқты т.б.;
в) қағаберіс, кіреберіс, тастайберіс, құлайберіс, шығаберіс, жата- беріс т.б.
г) күншығыс, күнбатыс, бетбұрыс, беталыс т.б. Бұл типтес құрама сөздерді біріккен күйде жазуға негіз болатын белгі – етістік тұлғалардың деграмматизациялануы.
Бір сыңары көптік жалғауымен келген құрама сөздердің бір тобын біріккен сөз ретінде бірге жазу ғылыми əдебиетте жиі кездесіп отыра- ды. Солардың біралуаны мына тəрізді: бассүйексіздер, баскөкіректілер, буынаяқтылар, түзуқанаттылар, түзутұмсықтылар, қосмекенділер,
Орфография
ашатұяқтылар, еттұмсықтылар, мүйізтұмсықтылар, сүтқоректілер, тамыратпалылар, тамыртүйнектілер, күрделігүлділер, қосжынысты- лар, шатыршагүлділер, тамыржемістілер, бірұялылар т.б.
Алайда түзу тұмсықты құстар, ет тұмсықты жануарлар дегенді бөлек- бөлек жазып, түзутұмсықтылар, еттұмсықтылар дегенді бірге жазуымыз, сырт қарағанда, бірізді көрінбейді. Бірақ бұлай жазуды мүлде жүйесіз деуге болмайды. Мысалы, мұндағы заңдылық құрама сөз сыңарының эллипсиске ұшырауы, тіркестің ықшам түрде айтылып, біріккен сөзге айналуы: бір ұялы өсімдіктер бірұялылар. Ал құрама сөздің эллипсиске ұшырамаған түрі бөлек-бөлек тұлғаланады: сүт қоректі жануарлар, та- мыр түйнекті өсімдіктер т.б.
Бұл жерде -лар, -лер қосымшасының грамматикалық мағынасымен бірге, тым айқын болмаса да, сөз «ұластырушылық» қасиеті бар тəрізді. Осы екі топтағы (26, 27) сөздердің бірге жазылуының шегі бар. Оларға сырттай ұқсас тіркестердің бəрі бірдей біріктіріліп жазыла бермейді. Бұл жерде олардың этнографиялық мазмұнда жұмсалуы (ботаоқыр, бақа- наттар, тоқымқағар), терминдік немесе номенклатуралық мəнде қолда- нылуы (алыпсатар, бассүйексіздер, тамыратпалылар т.б.), субстанция- лануы (көріпкел, жүрекжарды, жатыпатар т.б.) тəрізді ерекшеліктерді ескерілуге тиіс. Ал өзге жағдайда мұндай құрама сөздердің бірге жа- зылуына регламент қою қажет.
Осы күнгі баспасөз беттерінде батысгерманиялық, шығысқазақстан- дық тəрізді құрама сөздерді бірге жазу дағдысы жиі кездесе бастады. Те- гінде, бұлай жазу орыс тіліндегі үлгіге арқа сүйеу тəрізді. Дегенмен тіл тəжірибесінде қолайсыз болса, өзге тілдік ешбір үлгі өміршең бола алмас еді. Бұл жерде шығысқазақстандық деп біріктіріп жазу -дық, -дік қосым- шасының -лар, -лер тəрізді «ұластырушы» қасиетіне сəйкес келетін секіл- ді. Ал -лық, -лік қосымшасыз келген құрама сөздің бұл түрі Орта Азия, Батыс Германия, Шығыс Қазақстан түрінде бөлек-бөлек тұлғаланады.
Сонымен, құрама сөз сыңарларының біріккен сөзге айналуының бір- неше жолдары бар екендігіне назар аудардық. Олар – а) дыбыстық-се- мантикалық контаминацияға ұшырап барып, біріккен сөзге айналуы: жарғанат (жарғақ қанат), ендігəрі (ендігіден əрі), білезік (білек жүзік), əйтпесе (олай етпесе), қайтіп (қалай етіп); ə) əр басқа екі сөздің тіркесе келіп, үшінші бір өзгеше мағынаны білдіруі арқылы біріккен сөзге ай- налуы: орынбасар, оттегі, кəсіпорын, өнеркəсіп, алақоржын (тышқан). Біріккен сөздің бұл аталған түрлері бұрын-соңды шыққан зерттеулерде тиісті дəрежеде, əр қырынан қарастырылған. Міне, осы айтылғандарға қоса біріккен сөздің тағы мынадай түрлері бар деуге болатын тəрізді. Олар, жоғарыда айтылғандай, құрама сөз сыңарларының жалпылама

мəнде, дерексіз сипатта жұмсалуының негізінде жасалған біріккен сөз- дер. Мысалы: сарықұс, қарақұс, қандыағаш, тасжапырақ т.б. жəне құрама сөз сыңарларының бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалуынан жа- салған біріккен сөздер: темірқанат (құс), бізтұмсық (құс), тоқалтіс, ақшұнақ (тышқанның түрі), мұзбалақ, кезқұйрық, балтатұмсық (құс), қаратамыр (өс.), қозыгүл (өс.), ақсақал, қосаяқ, қосауыз т.б.
Осы айтылғандарға құрама сөз компоненттерінің деграм-матизация- лануы, эллипсиске ұшырау, субстанциялануы, кейбір қосымшалар (-лар,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет