I тарау. ДЫБЫС – ФОНЕМА – ГРАФЕМА – ƏРІП – ƏЛІПБИ
Жазудың адамзат өміріндегі маңызы былай да түсінікті. Оны сана- малап, егжей-тегжейлі айтып жатудың өзі артық. Жазу арқылы адамзат қоғамы мəдениетке қол жеткізіп, цивилизацияға қадам басты. Осы күнгі жазулар бірден пайда болған жоқ. Олар, түрлі зерттеулерде айтылғандай, дамудың небір жолдары мен сатыларынан өтті. Осының нəтижесінде адамзат тарихында, зерттеушілердің айтуынша, жазудың мынадай тип- тері мен түрлері пайда болды:
І Семасиографиялық немесе ІІ Фонолографиялық идеографиялық (тілдің тұрпат
(тілдің мазмұн жағына негізделген) жағына негізделген)
Жазудың түрлері
А. Пиктография (хабардың Б. Силлабографиялық жалпы мазмұнын бейнелеуге (графикалық таңбаның негізделген). объектісі – буын).
Б. Иероглифика немесе Б. Фонемография (графикалық логография (сөзге негізделген) таңбаның объектісі – фонема)
Əрине, орыс əліпбиіне негізделген қазіргі қазақ жазуы я болмаса араб əліпбиіне негізделген бұрынғы жазу (А.Байтұрсынұлының нұсқасы); не- месе латын əліпбиін негіз еткен 30-40-жылдардағы қазақ жазуы ғылыми тұрғыда дəлелдемей-ақ жай ғана ой жіберіп қарағанның өзінде жазудың фонографиялық типіне, фонемографиялық түріне жататынын байқауға бо- лады. Бірақ бұл топшылау басы ашық ақиқат болғанмен, дəл осы ақиқатқа қатысты шешілмеген түйіндер, жауабын күтіп тұрған сұраулар бар. Мы- салы, араб əліпбиіне негізделген қазақ жазуындағы əріптердің саны 24, ал латын əліпбиі бойынша 29, орыс əліпбиіне негізделген қазіргі жазуда 42.
Ғылым мен техника, білім мен мəдениет, тіпті жалпы прогресс жазуымен байланысты. Сондықтан жазу-сызу мəселесі қашан, қай кез- де, қай елде болмасын, ат төбеліндей зерттеушілердің ғана емес, жал- пы жұртшылықтың назарын өзіне аударып отырады. Мысалы, ағылшын жазуының неше ғасырлық тарихы болғанына қарамастан, тіл мамандары жазуды оңтайлы етудің, емлені жеңілдетудің, тиімді қолданудың жолда- ры мен теориялық негіздерін үнемі қарастырып отырған.
«Не случайно в литературе неоднакратно ставился вопрос об исчез- новении всякого фонемного основания английской письменности. Не случайно и то, что английское письмо приводится в качестве примера письма, приближающегося к идеографическому.
Осознание этой ситуации лингвистической наукой выражается неред- ко в призывах к сближению письменного и звукового языков, выдвигают- ся самые различные проекты преобразования английской орфографии, вплоть до создания нового алфавита» [7].
Қазіргі орыс жазуы І Петр заманынан бері бірнеше өңдеуді басынан өткерді. Орыс жазуының зерттеле бастауы В.К.Тридиаковский мен М.В.Ломоносов еңбектерімен байланысты. Ал одан беріде орыс жазуы- ның жалпы жəне жеке мəселелері жөнінде жүздеген зерттеу жазылды [8].
«Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қазақ оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тəрізді ағартушы- лар, қазақтың ұлттық жазба əдеби тілін қалыптастыру үшін оның ды- быстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тəртібіне қоя бастады [9].
Қазақ жазуын жақсарту, оңтайлы ету, тиімді қолдану, əліпбиін өзгерту т.б. мəселелер қазақ қоғамында дүркін-дүркін көтеріліп, үнемі қоғамдық назарда болып отырды. Мұндай пікірлер соңғы жылдарда да жиі айтыла бастады [10]
Əрине, əр автордың өзіндік дəлелі, уəжі бар. Бұл жерде əңгіме олар жөнінде емес. Біздің ойымызша, қандай бағыт ұстансақ та, алдымен те- ориялық тиянақ керек. Ол үшін қазіргі қолданып жүрген жазуымыздың құрылымын, жүйесін қалай да бір талдау елегінен өткізіп алу аса қажет. Міне, осымен байланысты дыбыс тілі мен жазба тілді, олардың негізгі құрылымдық элементтерін (сөз дыбыстары, фонема, əріп, əліпбиді) өза- ра байланысты қарай отырып, қазіргі жазуымыздың фонологиялық не- гізін іздеу жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |