Дыбыс – фонема – графема
Сонымен, негізгі объектіміз жазба тілдің негізгі элементтері (əріп, əліпби) жəне олардың жұмсалу жүйесі мен ережелері болғандықтан, ең алдымен жұмыс аппараты ретінде жазу деген ұғымның деффенициясын анықтап алуға тура келеді. Соңғы жылдардағы оқулықтардың бірінде
«жазу» ұғымына мына тəрізді анықтама беріліп жүр. «Письмо современ- ная наука о языке называет систему знаков, используемую для фиксации звуковой речи» [11]. Осындай анықтамаға сүйенсек, жазу дегеніміз «ды-
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
бысталған сөзді арнайы таңбалар жүйесімен хатқа түсіру» немесе ауыз- ша айтылған сөзді жазба тілге транспозициялау болып табылады. Бас- қаша айтқанда, акустикалық сигналдарды оптикалық сигналға көшіру (Л.Р.Зиндер). Енді осы айтылған қағидаға сəйкес дыбысталған сөзді (акус- тикалық сигналды) қазіргі жазуымыз бойынша оптикалық сигналға айналдырып көрейік: [ат], [уот˚], [уөт˚′], [йет′] т.б. Бірақ жазу тəжірибесінде дəл бұлай жазбай, ат, от, өт, ет деп таңбалайтынымыз неліктен? Ауыз- ша сөздің дыбыстық жамылғысы мен хатқа түскен суреті неге сəйкес емес?
Сырт қарағанда, «жазуда негізгі дыбыстар таңбаланады да, негізгі еместері еленбейтіндей» көрінеді. Əрине, бұлай деу – жазу теориясы тұрғысынан дəлірек емес. Өйткені тілдегі дыбыстарды «негізгі» жəне
«негізгі емес» деп бөлу лингвистикалық тұрғыдан қате пікір болып та- былады. Тілдік дыбыстардың «негізгі» жəне «негізгі емесі», «елеулі»,
«елеусіздігі» болмайды, тілді тұтынушы үшін бəрінің мəртебесі бірдей. Сондықтан жоғарыдағы сұраудың жауабын басқа тұрғыдан іздестіруге тура келеді. Ол үшін бұл жерде алдымен тілдегі дыбыс дегеннің өзі не нəрсе екенін пайымдап алу қажет. Сөз дыбыстары – «сөйлеу мүшелерінің күрделі артикуляциялық қызметінен пайда болған акустикалық жаңғырық жəне сол жаңғырықтың құлаққа шалынуы». Тіл дыбыстары – сөздер мен морфемалардың өмір сүру формасы. Сөздің бір-бірімен ұласып жатқан дыбыстар тізбегінен жеке дыбыстар тек фонемалардың өкілі жəне сол фонеманың сөздегі нақты қолданысы ретінде даралана алады» [12]. Міне, мұндай пайымдарға қарағанда, сөздегі дыбыс – фонемалардың өкілі (ре- презентанты) болып табылады. Ал «фонема – тілдің мағыналық бірлік- терін: морфемаларды, сөздерді құрайтын жəне оларды бір-бірінен ажы- ратып тұратын тілдің дыбыстық құрылысындағы əрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кішкене бірлік» [13]. Енді жоғарыда айтылған мысалдар- дағы [ат], [уот˚], [уөт˚′], [йет′] дегендегі [т], [т˚], [т˚′], [т′] дыбыстары <т> фонемасының сөздегі нақты репрезентанттары, басқаша айтқанда, мани- фестанты. Сондықтан да «белгілі бір фонема белгілі бір дыбыстардың класы, дыбыстардың типтері» делінеді. Фонеманың бұл қасиетін фоноло- гиядағы «инвариант – вариант» теориясы тереңірек аша түсті. Бұл қисын бойынша, фонема – инвариант, дыбыстар оның сөздегі (речь) репрезен- танттары варианттары деп танылады. Əр вариант (экземпляр) инвари- анттағы мəнді белгілерді сақтай отырып түрленеді, əр экземплярда, мей- лі оның саны қанша болса да, əйтеуір инвариантқа тəн қасиет сақталады. Ал дыбысталған сөздің акустикалық жамылғысы хатқа түскенде, инвари ант-фонеманың негізгі варианты, инвариант фонемалардың өзі «əріп» арқылы таңбаланады. Міне, сондықтан да – фонема <т> инварианттың
[т], [т˚], [т˚′], [т′] вариант-репрезентанттары үшін бір ғана таңба алынады да, ат, от, өт, ет болып жазылады.
Жазу теориясымен шұғылданушылардың бірі В.Хаастың «…орфо- графия является более удачной, если она отклоняется от фонетической точной репрезентации речи» деуі де сондықтан (сілтеме Реформатский бойынша алынды [13]).
Тілдегі фонемалардың саны мен əліпбидегі əріп саны бірдей болуы шарт. Бірақ мұндай сəйкестік бұрын-соңды ешбір тілдің жазу тəжірибе- сінде кездеспейді деуге болады. «В принципе число букв алфавита может и соответствовать числу фонем, однако такого положения нет, как буд- то, ни в одном языке мира» [14]. Тілдегі фонемалардың саны əліпбидегі əріп санымен сəйкес келмеуі, сондай-ақ тілдің тарихи даму барысында болатын дыбыстық өзгерістерге байланысты бір əріп бірнеше фонеманы немесе бірнеше əріптердің тіркесі бір фонеманы білдіруі ықтимал.
Дыбыстық тіл мен жазба тілдің ең шағын тұлғалары – фонема мен əріптің арасындағы күрделі қатынас жазу теориясында графема деген жаңа бір ғылыми ұғымның пайда болуына себеп болды. Сонымен, гра- фема деген ұғым дыбыстық тілдің əрі қарай бөлшектенбейтін ең кішкене тұлғасы фонема мен жазба тілдің əрі қарай бөлшектенбейтін ең кішкене тұлғасы əріптің арасындағы қатынастың жиынтығы болып ұғынылады. Басқаша айтқанда, графема дегеніміз таңбаланушы (фонема) мен таңба- лаушының (əріптің) бірлігі болып табылады [15].
Жоғарыда айтылған инвариант – вариант теориясы тек фонологияда ғана емес, жазу-сызумен де байланысты қарастырыла бастады.
Инвариант-вариант теориясы тұрғысынан ауызша тілдің ең шағын дыбыстық бірлігі фонема-инвариант, ал оның айтылымдағы репрезен- танттары – тілдік дыбыстар-варианттар болып табылса, жазба тілдің əрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең шағын тұлғасы – графема-инвариант, ал оның репрезентант-варианттары əріптер болып табылады. Жазу теория- сындағы бұл қағида жазу-сызудың жалпы жүйесін, ішкі құрылымын тереңірек жан-жақты түсінуге негіз болады. Белгілі бір жазуға жалпы баға беру субъективті не болмаса жеке бір фактілердің төңірегінде емес, осындай теориялық негізден шығуға тиіс. Осымен байланысты қазіргі қазақ жазуын фонема-вариант, вариант-дыбыс; графема-инвариант, вари- ант-əріп тұрғысынан қарастырудың ерекше мəні бар.
Жазу – ауызша тілдің дыбыстық құрылымына табан тіреген жүйе (система) десек, онда сол жүйенің өзіне тəн ішкі құрылымы болады. Ал құрылымның өзі тұрақты элементтерден жəне сол элементтердің өзара қарым-қатынасынан тұрады. Ал жазба тілдің ауызша тілмен өзара бай- ланысы тек сыртқы байланыс емес, мысалы, жазба тіл ауызша тілдің
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
айнаға түскендей көшірмесі болса, бұл сыртқы байланыс қана болар еді. Онда ешбір қиындық та болмас еді, айтылған сөзді сол күйінде бұлжыт- пастан хатқа түсіруге болады. Ал, шындығында, бұл байланыс – ауызша тілдің де, жазбаша тілдің де ішкі құрылымына, сол құрылымды құрап тұрған элементтердің жəне олардың өзара ұйымдасқан қарым-қатынасы деңгейінде болатын ішкі құрылымдық байланыс.
Ауызша тілдің дыбыс құрылымындағы мағынаға əсер ететін ең кішкене бірлік-фонема жəне осы тұлғаның (единицаның) субстанция- сы (материализациялануы), яғни сөз дыбыстары түрінде өмір сүруі; фонемалардың жазба тілде субстанциялануы, яғни таңбалануы (графе- ма), ол таңбалардың билатериалдық сипатта болуы (мазмұны жағынан фонеманы білдіруі, тұрпаты жағынан белгілі бір символ (сурет) түрін- де болуы т.б. ауызша тіл мен жазба тілдің байланысын анағұрлым терең- де, атап айтқанда, құрылымдық элементтердің деңгейінде екенін байқа- тады.
Қазақ тілі ауызша жəне жазбаша түрде қызмет етеді. Ал жазбаша тіл болса, əуелде қазақ тілінің дыбыстық құрылымына табан тірей отырып, өзінің жүйесін, құрылымын əрі қарай бекіте түсуге тиіс. Қалай дегенмен де, ауызша тіл тəрізді қазақтың жазба тілінің өзіндік жүйесі бар. Ал бұл жүйенің жақсы (қолдануға оңтайлы, икем, үнемді, бірізді т.б. деген мағы- нада), я болмаса нашар (қолдануға қиын, икемсіз, бірізділік, үнемділік принцип сақталмаған т.б. деген мағынада) деп бірден баға беруге бол- майды. Мұндай тұжырымға келу үшін алдымен, жоғарыда айтылғандай, ауызша тіл мен жазбаша тіл элементтерінің (сөз дыбыстары, фонема, гра- фема, əріп, əліпби) өзара байланысын, қарым-қатынасын ішкі құрылым- дық деңгейде қарастыру қажет. Бірақ бұлай қарастырудың өзіндік тəсіл- дері көп. Біз бұл жерде қазақ жазуының жүйесін «фонема-əріп», басқаша айтқанда, жазба тілде «фонема əріппен таңбаланады» немесе «əріп фо- неманы таңбалайды» деген əдеттегі қағидадан басқаша жол ұстандық. Сөйтіп, қазақ жазуының жүйесін «дыбысталған сөз – фонема – графе- ма – əріп» тұрғысынан қарастыруды мақұл көрдік. Өйткені «фонемадан əріпке» деген қағида бойынша жазудың лингвистикалық мəнін толық ашу мүмкін емес. Бұл қағида бойынша фонеманың өкілі – «əріп» деп танылады. Ал фонема дегеніміздің өзі, бір жағынан, абстракті бірлік. Олай болса, абстракт бірлікті жазбаша қалай таңбалауға болады? Міне, сондықтан жазу жүйесіне талдау жасауда бастау алатын, табан тірейтін негізгі дерегіміз дыбысталған сөз болуға тиіс. Өйткені фонема ал- дымен сөз дыбыстарында көрінеді. Сөйтіп, абстракті бірлік сөздегі дыбыс арқылы материалға айналады. Фонема вариант, вариация түрінде белгілі бір дыбыстық құндақта өмір сүреді. Сөз дыбыстары фонемалардың ауыз-
ша сөздегі «өкілі» болып табылады. Міне, сондықтан фонема ауызша сөздегі өзінің дыбыстық құндағы арқылы танылады.
Сонымен, дыбысталған сөз сол күйінде бірден хатқа түспейді: ал- дымен сөздегі дыбыстарды қай фонеманың өкілі (репрезентанты) екенін тани отырып, жазушы акустикалық сигналды оптикалық сигналға көшіреді. Бұл айтылған процесті схема түрінде былай көрсетуге болады.
Сөз (речь) дыбысталған сөз [с˚′, ү, ұ′, р˚′, ө, т˚′, т˚′, ө, у′]
Тіл (язык) фонема < сүуреттеу>
Сөз саптау жазу суреттеу
(речевая деятельность)
Сөйтіп, бұл процестен мынаны байқауға болады: ауызша сөздің ең кішкене единицасы – дыбыс жазба сөздің ең кішкене единицасы – əріп, бір-бірімен тілдің ең кішкене единицасы фонема арқылы байланысып жатады. Осы байланыстар жазуда орфография арқылы реттеліп отыра- ды. Сонда орфография дегеніміз, тар мағынасында, «дыбысталған сөзді (акустикалық сигналды) жазба сөзге (оптикалық сигналға) көшірудің ережесі» болып табылады.
Бұл процесті біз шартты түрде дыбысталған сөзді фонологиялық електен өткізу деп алдық. Алғаш сауат ашып жүрген адам қашан қара танып кеткен- ше жазылған сөзді ежелеп оқиды. Яғни əріптің фонемалық мəнін іздейді. Мысалы, тіс деген сөздегі дауыссыз фонемаларын жуан əуезбен [ты], [сы] деп, дыбыстық құндығынан бөліп жеке-жеке дыбыстап алады да, соңынан бəрінің басын қосып жіңішке тембрмен [т′, і, с′] түрінде дыбыстайды, яғни сол сөздегі фонемаларды өзінің дыбыстау құндылығына қайта бөлеп айта- ды. Əдетте, жазылған сөзді оқуға жақсы дағдыланғанға дейін осылай бола- ды. Ал оқу дағдысы жетілген кезде жазылған əріптерді (əріп-фонеманың өкілі) сол сөздегі фонемалардың дыбыс құндағына бөлеп, сөз түрінде айту сананың бақылауынан тыс, өздігінен (автоматты түрде) болады.
Жазылған сөзді айтқанда ондағы фонемаларды белгілі бір позицияға тəуелді реңктерін дұрыс айту орфоэпиялық нормаларды сақтау болып табылады. Соңғы жылдарда əсіресе жас буын өкілдерінің тілінде орфо- эпиялық нормалардың бұзылуы көбіне оқушы жастардың тілінде, радио- телевизия хабарларында айтылатын сөздерде жиі ұшырайды. Əсіресе жазба текске сүйенген дикторлар мен комментаторлардың тілінде ауыз- ша тілдің нормалары өрескел бұзылып жатыр. Мысалы: қазақ елі, ақ орда, бір қатар, он бес тəрізді т.б. сөздердің аралығында <қ>, <н>
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
фонемаларының реңктері [ғ], [м] түрінде дыбысталуы керек: [қазағ елі], [ағ орда], [бірғатар] т.б. Бірақ жазылған сөзді оқығанда ауызша сөздегі аса мəнді бұл заңдылыққа жете мəн берілмесе, сөздің дыбысталу тұрқы бұзылады да, ондай сөз құлаққа тосын естіледі. Сөз жазылуынша [қазақ елі], [ақ орда], [бірқатар] деп айтылды делік. Əрине, бұл жерде сөздің фо- немалық құрамы бұзылған жоқ. Егер сөздің фонемалық құрамы бұзылса, онда ол басқа сөзге немесе дыбыстардың мағынасыз тіркесіне айналады да тыңдаушыға мүлде түсініксіз болып қалады. Бірақ сөздің фонемалық құрамын бұзбай айту жеткіліксіз, сонымен бірге фонеманың белгілі бір позициядағы дыбыс құндағымен дұрыс айту да аса қажет. Олай болса орфоэпиялық норма дегеніміз сөз құрамындағы фонемалардың белгілі бір позициядағы дыбыс құндағына бөлеп, айту дегенге саяды. Сонда жа- зу-сызу дегеніміз (орфоэпияны қоса алғанда) жазарманның ғана үдесі- нен шығып қоймауға тиіс, сол жазылғанда тыңдарманның да талабын қанағаттандыратындай болуы керек. Олай болмаған жағдайда орфоэпия тек қалам ұстаушылар үшін ғана болып қалады. Ал жазудың өз ерек- шеліктерін ескермей, емле тек оқуға бейімделсе, онда орфография тек тыңдарман үшін ғана болып қалады.
Ал жазылған сөзді оқығанда (оптикалық сигналды акустикалық сиг- налға көшіргенде) бұл əрекет керісінше болады:
Сөз (речь) жазылған сөз кию, қорыт Тіл (язык)
фонема < кійүу> <қорытүу>
Сөз саптау дыбыстау [к, і, й′, ү, у′ ] [қ˚, о, р˚, ү, т˚, ұ, у ]
Бұл процестен де жазылған сөздің дыбысталуы фонема арқылы жүзеге асатынын байқаймыз. Жазылған сөзді əріптен фонемаға көшіргенде, оқушы фонеманы сол сөздегі өзінің дыбыстық құндағына бөлеп айтады. Сонда орфоэпия дегеніміз, тар мағынасында, «жазылған сөзді (оптика- лық сигналды) дыбыстық сөзге (акустикалық сигналға) көшірудің ереже- лері» болып табылады.
Біз бұл жерде дыбысты (дыбысталған сөзді) фонемаға «көшірудің» тəсіліне, яғни фонологиялық електен өткізуге тоқталдық. Бірақ жазу- дың мəні мұнымен толық ашылмайды. Егер жазу-сызуда фонема мен əріптің қатынасы 1:1 болып, бір əріп бір фонеманы белгілейтін болса, онда мəселенің басы ашық болар еді де, дыбысталған сөздің құрамын- дағы фонемалардың саны мен əріптің саны үнемі сəйкес түсіп жатар еді. Мысалы: <с> <а> <у> – сау дегендегі фонема мен əріптің қатынасы 3:3. Бірақ жазу тəжірибесінде фонема мен əріптің қатынасы үнемі бұл сияқты
сəйкес келе бермейді. Мұндай жазудың типі тіпті жоқтың қасы. Егер тіл- дегі инвариант фонема мен əліпбидегі əріптің саны дəлме-дəл болса, онда жеке сөздің құрамындағы фонемалардың саны мен сол фонемалар- ды белгілейтін əріп саны да бірдей болып, жазу дегеніміз «фонемалық транскрипция» жүйесі болып шығар еді. Жазу теориясында мұндай жазу пəлендей қолайлы деп танылмайды.
Сонымен, қазіргі қазақ жазуында, басқа жазуларда да солай, дыбысталған сөздің фонемалық құрамы мен хатқа түскен сөздің əріп құрамы сан жағынан кейде сəйкес болса, кейде сəйкес келмей жатады. Мысалы: [тау], <тау>, тау деген сөздегі фонема мен əріптің қатынасы 3:3, ұл дегендегі фонема мен əріптің қатынасы 2:2 болса, [к˚′ү л˚′ү у′], <күлүу>, күлу, (ұл˚ ұу) <ұлұу> сөз- деріндегі фонемалар мен сол фонемаларды білдіретін əріп саны бірдей емес, яғни бірінші сөздегі фонема мен əріптің қатынасы 5:4, ал екіншісінде 4:3.
Достарыңызбен бөлісу: |