Алғы сөз Уəли Нұргелді


Шет тілдерден енген сөздердің орфографиясы



бет31/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Шет тілдерден енген сөздердің орфографиясы




Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы. Қазіргі қазақ орфо- графиясы – бүгінгі қоғамдық-əлеуметтік міндеттерге толық жауап беріп отырған, кемел дəрежедегі орфографиялардың бірі. Қазақ орфография- сы бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулардан өтті; қайта қарап, толықтырудың əрбір сатысынан өткен сайын қазақ емлесінің жалпы жəне жекелеген мəселелері жетіле түсті. Қазақ жазуы мен орфография- сының қазіргі жай-күйі оның негізгі принциптерінің ғылыми, нақты принциптер екендігін дəлелдеп отыр. Дегенмен, тіл ұдайы қозғалыс- тағы, үздіксіз даму, өзгеру процесіндегі құбылыс екендігін ескерсек, онда оның қалыптасқан, тұрақталған емлелік қағидаларының өзінде де тыңнан қарап, жаңаша тиянақтауды қажет ететін проблемалардың туып отыратындығы – заңды жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда, қазіргі қазақ орфографиясында өзге де бірлі-жарым мəселелермен қатар, емлелік ережелері мен жекелеген ерекшеліктерін айқындай түсуді қажет ететін тұстардың бірі – қазақ тілінің сөздік құрамына енген шет тілі сөздерінің жазылуы.
«Орфографиялық ережелерде, – деп көрсетеді К. М. Мұсаев, – шет тілден, əсіресе орыс тілінен енген сөздердің жазылу принциптері айқын берілуі керек. Өйткені бұнда жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің ара- сындағы сан түрлі айырмашылықтар көрінеді» [53, 17 б.] Шет тілден сөз ауысу процесі – белгілі бір тілдің сөздік құрамы баюының басты жолда- рының бірі. Бұл процесс – өз бетінше емес, халықтар арасындағы қоғам- дық-саяси, əлеуметтік жəне мəдени байланыстардың нəтижесінде туып, сол арқылы дамитын, қабылдаушы тілдің сөздік құрамын байыта оты- рып, оның ішкі мүмкіншіліктерінің көзін ашатын, жекелеген лексикалық единицалардың семантикалық мағынасының кеңеюіне, грамматикалық тұлғалардың активтенуіне де əсер ете алатын күрделі құбылыс.
Қазіргі қазақ тілінің түрлі стильдік тармақтарына таралған орыс тілі элементтері екі ыңғайда болып келеді. Оның бірі – қазақ əдеби тілінің жазбаша жəне ауызша формаларында қолданылып, сөздік құрамның бір бөлшегі болып қалыптасқан лексикалық единицалар да, екіншісі – негізінен көркем əдеби шығармаларда əр алуан стильдік мақсаттарда (мысалы, туындының тақырыбы мен сюжетіне немесе кейіпкер обра- зына байланысты) жұмсалынатын, сөздік құрамнан тысқары тұратын, стильдік қызметтегі сөздер (вкрапления). Соңғы топтағы сөздердің ор-

фограммасында еркіндік болады, яғни көркем əдебиетте нақты стиль- дік-көркемдік мүддемен пайдаланылған орыс тілі сөздерінің графика- лық-фонетикалық тұрғыдан берілуі арнайы емлелік қағидаларды талап етпейді.
Ал бір тілден екінші тілге ауысып, сол тілдің əдеби сөздік құрамына толық енген сөздердің (заимствования) лингвистикалық статусы төмен- дегі критерийлер бойынша анықталады:
«а) қабылдаушы тілде шет тілі сөздерінің графикалық-фонетикалық тұрғыдан берілуі тұрақты сипатта болуы керек; ə) қабылдаушы тілдің белгілі бір грамматикалық топтары мен категорияларына сəйкес келуі қа- жет; б) семантикалық тəуелсіздігі, яғни қабылдаушы тілде дублет, сино- ним сыңарлары болмауы қажет; в) əдеби тілге енетін сөз үшін – əртүрлі тілдік өрістерде, термин үшін – нақты бір терминологиялық аяда ұдайы қолданылуы керек» [54, 18 б.].
Осындай сипаттар тұрғысынан қарағанда, қазіргі түркі тілдері үшін (оның ішінде қазақ тілі үшін де) шет тілден сөз қабылдау процесіндегі негізгі көз – орыс тілі болып отыр. Ғалымдардың көрсетуінше, көпте- ген түркі халықтары тілінің сөздік құрамы, əсіресе терминология саласы орыс тілінен нəр алып келеді; қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, қазақ тəрізді тектес тілдердің лексикасындағы орыс тілінен қабылданған ғылыми-тех- никалық, қоғамдық-саяси, оқу-педагогикалық жəне т.б. салаларға қатыс- ты терминдердің көлемі – 70-80 проценттей [55, 35 б.].
Ал бұндай мол көлемді, кең өрісті орыс тілі сөздері қабылдаушы тіл- де өз алдына оқшау топ болып тұрмай, оның фонетикалық, морфология- лық-синтаксистік ерекшеліктеріне бағынады, сөз тудыру, сөз түрлендіру процестеріне қатысады, қабылдаушы тілдің бірқатар ішкі заңдылықта- рына байланысты графикасы мен дыбысталуы жағынан да өзгерістерге ұшырап отырады. Сол себепті де ұлт тілдерінің емлелік ережелерінде орыс тілінен енген сөздердің жазылуы, олардың қосымшалармен түрле- нуі арнайы көрсетіледі.
Орыс тілінен сөз ену процесі түркі халықтарының тарихына, қоғам- дық-əлеуметтік даму кезеңдеріне байланысты болғандықтан, бұл мəселе түркологияда əдеби тіл проблемаларына, тіл тарихына қатысты зерт- теулерде көбірек қарастырылады. Орыс тілінің түркі тілдері дамуына ықпалы, сөздік байлығына, морфологиялық-синтаксистік, фонетикалық жүйесі мен стильдік тармақтарына əсері жеке тағы басқа мəселелер зерт- телген еңбектерде [56], сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздердің ем- лесі туралы да айтылады; зерттеушілер мұнда ену кезеңдеріне тəн тілдік жəне тілден тыс факторларды басшылыққа алады. Осыған сəйкес түркі тілдері орфографиясында орыс тілінен енген сөздердің жазылуы бірнеше
Орфография
принциптерге негізделеді; яғни түркі тілдерінің көпшілігінде орыс тілі- нен енген сөздер екі түрлі жазылады; бір тобы – өткен кезеңдерде ауызекі тіл арқылы еніп, қабылдаушы тілдің айтылу заңдылықтарымен өзгеріп кеткендіктен, сол өзгерген күйінде, дəстүрлі түрде, айтылуы бойынша, екінші тобы – орыс тіліндегі орфографиясы негізінде жазылады. Соңғы топқа түркі тілдеріне совет дəуірінде мол енген, жазба тіл арқылы қалып- тасқан терминдік сөздер жатады.
Түркі тектес тілдердің сөздік құрамындағы орыс тілінен енген сөз- дердің емлесі жайында арнайы ұсынылған еңбек толық мəлімет бере алады. Бұл мəселеге жете көңіл бөлу қажет екендігін Е.И. Убрятова да көрсеткен болатын [57, 92 б.].
Қазіргі қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы орыс тілі сөз- дерінің жазылуы – бірқатар нормаланған, қалыпты сипат алған мəсе- лелердің бірі. Олар, негізінен, орыс орфографиясына сəйкес өзгеріссіз жазылады. Бірсыпыра сөздер айтылу дағдысымен өзгерген түрде жазы- лады. Орыс тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі қазақ емлесі сүйенетін фонетикалық-морфологиялық принциптерге негізде- леді.
Қазақ əдеби тіліне енген орыс тілі сөздерінің емлесін қалыптастыру жұмысы 20-30-жылдардан басталады. Профессор Қ. Жұбанов орыс тілі- нен қабылданған терминдерді, өзге де құрал-жабдық, аспап, зат, ұғым, құбылыс атауларын орыс орфографиясы бойынша жазу керектігі туралы ұсыныс білдірген болатын [58, 244 б.].
Орыс тілінен енген сөздердің жазылуы дұрыс көрсетілген емлелік ережелердің алғашқысы – қазақ алфавитінің орыс графикасына көшуі негізінде, жаңа алфавитке сəйкес жасалып, қабылданған қазақ орфогра- фиясы ережелерінің жинағы [59]. Осы қағидаларға сəйкес 1941 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің емле сөздігінде» түбір сөздер орыс орфо- графиясы бойынша жазылып, оларға қосымша жалғанғандағы бірқатар ерекшеліктер (мысалы, қосарлы сс, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, бір дауыссыздың түсіп қалуы; ватт – ваттың; екі дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерге қосымшаның ы, і дəнекерлері арқылы жалғануы т.б.) көрсетілген, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілі арқылы енген сөздер айтылуы бойынша жазылған [60].
Қазақ орфографиясын жетілдіру мақсатында жүзеге асырылған басқа да бірқатар шараларда орыс тілінен енген сөздердің емлесі одан əрі реттеле түсті. Бұл мəселе жан-жақты таратылып айтылған маңызды құрал – «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» жарық көрді; оқу программасына арналған көмекші құралдар жария- ланды [61]. Ал «Қазақ орфографиясының негізгі ережелері» 1957

жылғы 5 июньде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Ука- зымен бекітілді.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қазақ тілінің ішкі заңдылықтары мен табиғи ерекшеліктеріне сəйкестеліп жасалған, ғылы- ми негіздері мен басты принциптері дұрыс айқындалған емлелік қағида- лар екендігін оның жарты ғасыр бойы жазу практикасында қолданылып келгендігі дəлелденіп отыр. Осы ережелер жинағы негізінде бірнеше орфографиялық, түсіндірме жəне əртүрлі салалық терминологиялық сөздіктер жасалды, оқу-педагогика жұмыстары жүзеге асырылды.
Дегенмен, бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік қағи- далары қоғам дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері мен тұжырымдары жағынан тар ауқымдылық танытуы да мүмкін. Қа- зақ əдеби тілінің қазіргі даму дəрежесі, оның қоғамдық-əлеуметтік қыз- метінің кеңеюі, стильдік тармақтары мен терминологиялық жүйесінің күрделене түсуі, сөз, жазу мəдениеті проблемаларына теориялық-прак- тикалық тұрғыдан үлкен мəн беріле бастауы тəрізді факторлар қазақ ор- фографиясын одан əрі жетілдіре, жақсарта түсуді талап етті; сондықтан да «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жаңа редакциясы жасалып, оны Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы бекітті [62]. Мұның 1957 жылы қабыл- данған орфографиялық қағидалардан принципті айырмашылықтары жоқ. Жаңа нұсқада орыс тілінен енген сөздердің емлесі, бұрынғы ереже- дегідей, түбір сөздердің жазылуы (§18), оларға қазақ тілі қосымшалары- ның жалғануы (§ § 35, 40, 41, 42, 43, 44) жəне дəстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер туралы қағидалар болып бөлініп, жеке-жеке, айқын көрсетілген. Ал жаңа нұсқада толық өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңы к, г дыбыстарына бітетін орыс тілінен ауысқан сөздерге қосымшалардың жалғануы жəне толықтырылған тұс – рк, нк, рг, нг, кс, кт, лк, нкт, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталатын сөздер- ге қосымшалар жалғанғандағы ерекшеліктер. Өйткені нақ осы мəсе- лелердің өзі жазуда біршама қиындықтар тудырып келді, əрі бұған дейінгі еңбектерде, оқулық құралдарда əрқилы ұсынылып келді: бірқатар пікір- лерде педагог, ток, блок, Красноводск тəрізді сөздердің соңындағы к, г дыбыстарының фонетикалық табиғатына сəйкес қосымшалардың жіңішке варианттарын жалғау (ток – тогінің, блок – блогінің, педагог – педагогтік, Красноводск Красноводскіден) ұсынылса, келесі бір тұжы- рымдарда соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты тогының, педагогқа, блокқа, Красноводскыдан болып жуан буынды қосымшалар- мен түрленуі керек деп айтылғаны мəлім [63, 16 б.].
Орфография
Сөйтіп, 1983 жылы қабылданған негізгі ережелердің жаңа нұсқасын- да орыс тілі сөздерінің жазылу ерекшеліктері толық қамтылып, айқын көрсетілген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары баспасөз беттерінде орыс тілінен ауысқан сөздердің жазылуы туралы жиі-жиі сөз қозғалып, əртүрлі ой-пікірлер айтылып жүр. Осындай мақалалардың бірінде, мəселен, қазақ тіліне жазба тіл арқылы енген станция, спирт, кабинет тəрізді сөздерді тілдің заңдылықтарына бағындырып, айтылуы бойынша жазу (яғни станса, іспірт, кəбинет) керектігі айтылса, келесі бір пікірлерде, керісінше, түпнұсқа тілдегі түрін мейлінше сақтап жазу, тіпті металл, грамм, класс т.б. сияқты қосарлы дауыссыздармен аяқталатын сөздер- ге қосымшаны дауыссыз дыбыстардың бірін түсірмей (яғни класты, металға, граммен деп өзгертпей) түбірін толық сақтау (яғни, классты, металлға, граммен [65], сондай-ақ нг, нк тəрізді дыбыстар тіркесіне біткен сөздерді ы, і дəнекер дыбыстарынсыз түрлендіру (яғни танкіге емес, танкке, митингіге емес, митингке) жəне басқа да өзгерістер ен- гізу туралы сөз болады [66]. Бұл пікірлердің өзі, сөз жоқ, жазу практи- касында кездесетін қиындықтарға, сонымен қатар Негізгі ережелерде жеке көрсетілмеген кейбір ерекшеліктерге байланысты туған. Демек, өзге тілден енген сөздердің жазылу табиғатының сөз болуы бұл мəсе- ленің əлі де болса айқынырақ белгілеп, жеке-жеке айырмашылықтарды ескере отырып, толықтыра, нормаландыра түсетін тұстары бар екен- дігін көрсетеді. Мысалы, Негізгі ережелердің 35-параграфында жіңіш- келік белгісіне аяқталған ноль, роль, руль типтес бір буынды сөздерге жіңішке буынды қосымша жалғанады делінген: ноль-ге, роль-ге, руль- ге. Ал соңғы буыны нақ осындай гастроль, король, пароль сөздеріне неліктен жуан буынды қосымша жалғануы тиіс? Емле сөздіктерінде гастроль-ға, гастролы, король-ға, королы, пароль-ға, паролы болып көрсетілгенімен, қазіргі жазба тіл үлгілерінде көбінесе жіңішке буын- ды қосымшалардың жалғанып жазылуы байқалады (король-ге, королі; гастроль-ге, гастролі; пароль-ге, паролі). Немесе акр, альт, вальс, вкаль, князь, нерв, пост, ткань, ферзь тəрізді бір буынды сөздерге қазақ тілінің қандай қосымшалары жалғанады? Бұл тұста да емле сөздіктері мен жазу практикасында алшақтықтар жоқ емес: сөздіктерде вальсқа, вальсы, тканьдар, вуальға, вуалы болып, ал тіл қолданысында вальске, вальсі, тканьдер, вуальге, вуалі, князьге, князі болып екі ыңғайда таң- баланып жүр.
Сонымен бірге, нормативті сөздіктерде бір типтес сөздердің қазақ тілі
қосымшаларымен түрленуінде де варианттылықтар ұшырасады. Мыса-

лы, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» («Ғылым» баспасы, 1978)
төмендегідей жайттар кездеседі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет