Алғы сөз Уəли Нұргелді


Айтылуы бойынша жазылатын сөздер



бет34/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Айтылуы бойынша жазылатын сөздер





1

2

3

абақты

кəмпит

нөмір

ауылнай

кəрзеңке

облыс

банды

көпене

ояз

барқыт

кəшек

пəтер

бəтеңке

кереует

пəуеске

бəтес

керзі

пеш

божы

конфиске

пүліш

болыс

конфискелеу

резеңке

болыскей

көзір

самаурын

бөкебай

көпес

сəтен

бөрене

көшір

сиса

бөтелке

кірпіш

сом

бөшке

күршек

сот

газет

қамыт

сіріңке

галош

қарбыз

тəрелке

доға

қашауа

теңге

жəрмеңке

қожайын

учаске

жəшік

қорап

үстел

жемпір

лашық

үтік

жеребе

мəнер

шай

картоп

мəрмəр

шайнек

кастрөл

минут

шана

Қазіргі жазу практикасында бұндай сөздер қатары бірде соңғы ды- бысынсыз, бірде соңғы дыбыс сақталып немесе соңғы дыбысы қысаң ы, і дыбыстарымен алмастырылып, бірнеше варианттарда жазылып жүр (мысалы: аптек – аптека, диет – диета, штанга – штангы, лампа – лампы, мода – моды т.б.). Соңы а дыбысына бітетін сөздердің сөздік- терде берілуі де əртүрлі. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» бірін- ші басылымында соңғы дауыстысыз, ықшамдалып жазылған орыс тілі

сөздерінің саны едəуір: анкет, аптек, арматур, диет, газет, контор, координат, котлет, лампы, моды, наград, цитат т.б. Сөздіктің екінші басылымында бұл сөздердің бір тобы бұрынғыша анкет, банды, контор, координат, газет, минут түрінде, ал көпшілігі орыс орфографиясына сəйкес жазылып ұсынылған: аптека, арматура, гитара, диета, лам- па, лигатура, награда, цитата, бірақ: диетасхана, наградтау. «Қазақ тілінің көп томдық түсіндірме сөздігінде» мұндай сөздер бірнеше вари- анттарда беріледі: анкет – əдеби норма, анкета – «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы, аптека – əдеби норма, ал аптек, əптек – сөйлеу тілі эле- менті ретінде, диета – норма, диет – «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы.
«Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» екінші басылымына сөз соңына
дыбысы бар 300-ге жуық лексикалық единицалар енгізілген. Олар – қазіргі қазақ əдеби тілінің барлық функционалдық стильдерінде, көркем əдебиетте жəне ауызекі сөйлеу тілінде активті қолданылатын сөздер. Сөздікте олардың жазылуы үш түрлі беріледі: бір тобы түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазылады; бұлар негізінен жазба тіл арқылы енген пер- спектива, директива, коллега, декада, дидактика, спартакиада, серена- да, логика, формула, поэтика, графика т.б. тəрізді термин сөздер. Екінші тобы – соңғы дыбысы түсіріліп, айтылуы бойынша жазылады: газет, минут, секунд, цифр, котлет; ал үшінші тобы қысаң -ы,-і дыбыстары- ның көмегі арқылы таңбаланады: банды, моды т.б.
дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуындағы бұндай əртүрлі жайттар жеке сөздердің құрамына ену жолдары мен ауысу кезеңдерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мəселен, газет, минут, секунд сөздері мен логика, формула, графика, директива типтес единицалардың қазақ тіліне қабылданған кезеңдері де, соған байланысты ауысу жолдары да əртүрлі. Алғашқы сөздердің өткен ғасырларда негізінен ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, қабылдаушы тілдің айтылу нормаларымен қалыптас- қандығын олардың алғашқы баспасөз беттерінде, Абай шығармаларын- да жұмсалғандығы дəлелдей түседі. Сондықтан да бұл сөздердің соңғы дауысты дыбысының түсіп қалуында қазақ тіліндегі екпін құбылысының əсері бар. Қазақ тілінде екпін тұрақты түрде соңғы буында ғана байқа- латын болғандықтан, түпнұсқа тілде ортаңғы буында екпін түсетін газе- та, минута, секунда сөздерінің соңындағы екпінсіз дыбысының бəсең айтылып, естілуіне, айтыла келе түсіп қалуына себепші болады. Лампа, штанга, майка, марка, мода тəрізді сөздер соңындағы дауыстының қы- саң ы, і дыбыстарымен алмастырылуы да бұл сөздердің орыс тіліндегі айтылу екпініне байланысты. Түпнұсқа тілде алғашқы буындарға түсетін екпін қазақ тіліне қабылданып естілуінде соңғы дыбыстың көмескіленуі- не əсер етеді. Алайда қазақ тілі үшін сөз соңының бірнеше дауыссыз ды-
Орфография
быстар тізбегіне аяқталуы тəн емес болғандықтан, бұл сөздерді айтқан- да, ы, і дыбыстары қосарланып естіледі де, айтылудағы осы заңдылық аталған сөздердің жазылуында да байқалады.
Сөйтіп, орыс тілінен енген бір топ сөздердің айтылуы бойынша жа- зылуы олардың, негізінен, ауызекі тіл арқылы еніп, дəстүрлі сипат алған- дығына байланысты. Өткен ғасырларда енген, сөйлеу тілінің ықпалымен дыбысталуы да, жазылуы да қалыптасқан бұндай сөздердің емлесі Негіз- гі ережелерде, басқа да арнаулы құралдар мен сөздіктерде көрсетілген. Дегенмен, қазіргі жазу практикасында жергілікті тіл ерекшеліктерінің əсерінен жасалатын фонетикалық варианттар мен орыс орфографиясына сəйкес жазылған тұлғасын қатар қолдану (мысалы, самаурын самауыр – самовар; кереует – керует – кровать) фактілер кездеседі. Жазу норма- ларына кедергі келтіретін мұндай ауытқушылықтарды болдырмас үшін қазақ тілі емле сөздіктеріндегі жазылу үлгілері жазу практикасында бас- шылыққа алынуы қажет.
Ал соңғы дыбысы түсіріліп жазылатын минут, секунд, цифр, газет, пар сияқты сөздердің ықшамдалып жазылуы – қазақ əдеби тілі үшін жа- тық, дағдылы норма. Бұл сөздердің бірнеше тұлғаларда жазылуы, яғни орыс орфографиясы бойынша газета, минута, секунда, цифра, пара бо- лып жазылған қатарларының жазба тіл тіл үлгілерінде мүлде кездеспеуі осыны айқындай түседі. Осындай бірқатар сөздердің əсерінен алғашқы емле құралдарында қысқартылып немесе жартылай өзгертіліп (ы, і ды- быстарының көмегі арқылы) жазылған сөздердің саны біршама мол болғанымен (аптек, арматур, диет, гитар, лигатур, мандолин, наград, цитат, моды, лампы т.б.), кейінгі сөздіктерде олардың орыс орфография- сына толық сəйкестендірілген түрлері ұсынылады (аптека, арматура, диета, гитара, лигатура, мандолина, награда, цитата, мода, лампа); бұл жайт жазу практикасында да қалыптаса бастады. Əсіресе ғылыми жəне публицистикалық стильдерде бұл типтес сөздер бірыңғай, түпнұсқа тілдегі графикалық-фонетикалық тұлғасынан өзгеріссіз жазылып келеді. Ал бұл стильдер – қазіргі қазақ əдеби тілінің дамуында жетекші рөлге ие болып отырған жəне көп жағдайда лексикалық-грамматикалық, орфо- графиялық құбылыстарды реттеп, нормаландыратын доминант салалар; сондықтан да кодификациялау жұмыстарында бұл тармақтар маңызды қызмет атқарады.
Сөйтіп, жазу практикасында цитата, кантата, арена, вокабула, тирада, кассета, координата, терраса жəне лампа, марка, мода, анке- та, аптека, диета т.б. термин сөздерді түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазу мерзімді басылымдарда орныға бастады. Бұл ретте жазу нормасын бірыңғайландырудың орфоэпиялық нормаларға нұқсан келтірмейтінін де

атау қажет. Ресми сөйлеу актісінде немесе күнделікті тұрмыстық ауы- зекі сөйлеу тілінде бұл сөздер бірнеше варинаттарда немесе ықшамда- лып та айтыла береді (мысалы, аптек/ /əптек/ /аптека; диет/ /диета; координат, кассет, террас, цитат); бұл жайт – ауызша тіл үшін норма. Ал сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы араларында елеулі айырмашылықтар бар екендігі, олардың əрдайым бірімен-бірі дəл келе бермейтіндігі белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет