Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет33/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Түбір сөздердің жазылуы. Орыс тілінен енген түбір сөздер қазіргі қазақ орфографиясындағы негізгі қағида бойынша, орыс орфографиясы- на сəйкес, өзгертілмей жазылады.
Орыс графикасына негізделіп, қосымша əріптермен толықтырылған қа- зақ алфавитінің бекітілген кезінен бері қарай қолданылып келе жатқан бұл қағида бірден-бір дұрыс ереже болып отыр. Орыс тілінен енген сөздерді осы қағида негізінде жазу қазақ емлесінде бұрын орын алып келген ала-құла- лықтарды жойып, жазу нормаларын бірізге түсірді. Жəне де қазақ əдеби тілінің сөздік құрамына совет дəуірінде енген орыс тілі сөздері, негізінен, интернационалдық мазмұндағы жəне СССР халықтарының көпшілігіне ортақ терминдік сөздер мен сөз тіркестері; ал терминдік қабаттың ерек- шеліктері үшін де (дефинициялық дəлдігі, ортақ интернационалдық сипатта болуы т.б.) түбір сөздерді орыс орфографиясымен бірдей, графикалық-фо- нетикалық тұрқын бұзбай жазу емлесі, біріншіден, СССР-дегі ұлт халықта-

рының барлығында интернационалдық мазмұндағы терминдердің жасалуы мен жазылуында мүмкіндігінше айырмашылықтар болмау керектігі тала- бымен байланысты [69, 60 б.]. Сонымен қатар қазақ тіліндегі бұл қабатты түпнұсқа қалпын өзгертпей жазу орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы басқа тілден енген термин сөздердің дефинициясына нұқсан келтірмей дəл түсіну- ге көмектеседі; орыс тілін оқып-үйренуді, жетік меңгеруді жеңілдетеді; жазуда варианттылық туғызбайды уəжбен байланысты болды.
Айтылуы бойынша жазылатын сөздер. Орыс тілінен ауысқан сөз- дердің ішінде қазақ тілінің айтылу заңдылықтарына негізделіп, өзгерген түрінде жазылатын бір топ лексикалық бірліктер бар. Бұндай сөздердің емлесі Негізгі ережелерде көрсетілген: «Дыбысталуы өзгеріп енген сөз- дер өзгерген күйінше жазылады: жəшік (ящик емес), бəтес (батист емес), теңге (деньги емес), сот (суд емес), бəтеңке (ботинка емес), ми- нут (минута емес), газет (газета емес), сиса (ситец емес) т.б.» Дəстүр- лі түрде, қазақ тілінде айтылуы бойынша таңбаланатын, негізгі төркіні орыс тілі болып саналатын бұндай сөздердің қазақ əдеби тілінің сөздік құрамындағы жалпы саны 70-тен асады.
Кеңес дəуіріне дейінгі кезеңде орыс тілінен ауысқан сөздердің көпшілігі – күнделікті тұрмыстық сөздер мен шаруашылық, кəсіп жəне құрал-жабдық атауларын беретін лексикалық бірліктер. Негізгі қарым- қатынас функциясында ауызекі тілдің ролі басым болған кезеңдерде енген мұндай сөздердің түпнұсқа тілдегі графикасын да, айтылуын да сақтау қажеттілігі болған жоқ, керісінше, ауызекі сөйлеу тілінің əсерімен дыбыстық жағынан өзгерген түрлерін пайдалану түсінікті, əрі тиімді болды. Сондықтан алғашқы қазақ жазба тіл үлгілері – тұңғыш баспасөз беттерінде де қазақ тілінің дыбыстық жүйелеріне сəйкестендірілген тұлғаларын жазу орын алады. Түпнұсқа тіл мен қабылдаушы тілдің ды- быстың фонетикалық айырмашылықтары əсерінен апокопа (болыс – во- лость, облыс – область), синкопа (бөрене – бревно), протеза (үстел – стол), эпентеза (сүрек – срок, бөрене – бревно, күршек – крючок) тəрізді тілдік құбылыстарға ұшыраған осындай сөздердің жазылу емлесі қазақ тілі емлелік сөздіктерінде берілген. Жəне де бұндай сөздерде жарыспа- лылықтың болуы да – заңды құбылыс. Сондықтан жазу практикасын- да олардың емле ережелерінде, сөздіктерде көрсетілген үлгілерін бас- шылыққа алу орынды (1-қосымша).
Айтылуы əсерінен өзгертіліп жазылатын сөздердің келесі бір тобы – соңы дыбысына аяқталатын сөздер. Олардың емлесі туралы қағида Негізгі ережелерде көрсетілмегенімен «Қазақ орфографиясы мен пунк- туациясы жайындағы анықтағышта» арнайы ұсынылады: «Орыс тілінен енген бірқатар сөздердің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қалыптас-
Орфография
қандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады: газет (газета емес), минут (минута емес), пар (пара емес), секунд (секунда емес), аптек (ап- тека емес), гранат (граната емес), координат (координата емес), цифр (цифра емес), террас (терраса емес)»[46].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет