Алғы сөз Уəли Нұргелді


Қазақ орфографиясы негізгі ережелері



бет42/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Қазақ орфографиясы негізгі ережелері – латын графикасы негізін- дегі қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латын негізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын жаңа əліпби бойынша дұрыс жазу мəдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Емле ережелерінің негізінде орфографиялық, орфоэпи- ялық сөздіктер, анықтағыштар осы ережелерге сəйкес құрастырылмақ. Ұлттық жазу-сызудың емле ережелерін жасауда алдымен ескерілетін заң- дылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды. Олар:

    • тілдің жалғамалы (аглютинация) заңдылығы;

    • тілдің ықшамдалу заңдылығы;

    • тіл дыбыстарының үндестігі (дауыстылардың дауыссыздармен үндестігі) жəне дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділік заңы.


Осы айтылған заңдылықтар мен ерекшеліктер аясында жазба тіл- дің жаңа Ережесінің нұсқасы жасалды. Ережеде латын негізді əліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының репрезетанттары болып табылатын əріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді; сөз- дерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сəйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жазу үлгісі берілді; қосар дыбыстардың (ұу/үу, ый/ ій) дара əріппен (у, и əріптерімен) таңбалануының үлгісі ұсынылды; қа- зақтың төл əдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерек- шеліктері көрсетілді; латын негізді əліпбиде жоқ ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ, əріптерінің жазылу баламасы берілді; бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тəртібі көрсетілді; халықаралық терминдер мен атаулардың (шетел тілдік сөздердің) орфографиялану үлгісі берілді; күрделі сөздердің (біріккен, кіріккен, тіркесті сөздер, қос сөздер) жəне бас əріппен жазылатын атаулардың емлесі, сондай-ақ тасы- малдаудың тəртіптері көрсетілді. Ал жаңа ереже жобасында қазақ орфо- графиясының негізгі ережелерінің ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заң- дылықтарына сəйкес болуы; тəжірибеде сыннан өтіп, дəстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы; техникалық жақтан қазақ орфография- сының қолдануға оңтайлы, мобильді, жинақы болуы; халық тілінің ды- быстық қор əлеуетінің кеңірек қамтыла түсуі; жаһандану үрдісінде жа- зу-сызудың ұлттық сипатының сақталып, космополиттік əсірелікке ұшы- рамауы көзделіп, орфографиялық ережелер түзудің басшылыққа алынған негізгі ұстанымдары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет