Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет36/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Нк, нг, кс, кл, нкт, кль, брь, бль, кт сияқты дауыссыз дыбыстар- дың тізбегіне аяқталатын сөздерге жіңішке қосымшалардың жалғану себебі осындай дауыссыздар легіне біткен орыс тілі сөздерінің қазақша айтылуында (естілуінде) і дауысты дыбысының қосылып естілуіне (ай- тылуына) байланысты. Яғни олар нгі – митингі, нкі – банкі, кіс – бокіс, нкіт пункіт, кіл бинокіл, біл ансамбіл, кті факті болып айтылады да, негізгі тұлғаларға жіңішке буынды қосымшалар жалғанады: митинг-
Орфография
і-ге, банк-і-ге, бокс-ші, пункт-ке, бинокль-ге, октябрь-ге, ансамбль-ге, факт-і-ге. і дауысты дыбысының дəнекерлік қызметі осындай сөздердің бір тобына қосымша жалғанғанда, емледе де сақталады: митингіден, ки- оскіден, банкіге, фактілер т.б.
Орыс тілінен енген -нд дыбыстарына бітетін сөздерге де қазақ тілі қосымшалары екі ыңғайда жалғанады: бір тобы ы дəнекері арқылы: фонд, фонды-ға, фонд-ы-сы, раунд, раунд-ы-ға, раунд-ы-сы; ал голланд, исланд, таиланд, секунд сөздеріне қосымша тікелей жалғанады: гол- ланд-қа, голланды; секунд-қа, секунд-ы. Соңғы қатарға жататын сөздер саны көп емес, олардың дəнекер дыбыстарсыз қосымшалармен түрле- нуі сөздіктерде, оқу құралдарында, ғылыми əдебиеттерде тұрақталып орнықты.
3. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды түбір сөздердің ва- риант қосымшаларды қабылдауы күрделі терминдердің құрамындағы анықтауыштардың жазылуында да байқалады. Қазіргі жазу практика- сында орыс тіліндегі документальный, экспериментальный, профессио- нальный, дифференциальный сын есімдері қазақ тіліне аударылғанында, бірнеше орфограммада беріліп жүр: документті – документалды – до- кументальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді; профессионалды – профессионал т.б.
Орыс тіліндегі -альн, -льн қосымшалары арқылы жасалған термин сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуіндегі варианттылық терминологиялық сөздіктерде де кездеседі. «Математика-физика тер- миндерінің сөздігінде» (Алматы, 1959) -альн, -льн қосымшалы термин сөздер төмендегіше берілген: дифференциальный – дифференциалдық теңдеулер системасы, дифференциал лампа, дифференциаль шағылысу; ортогональный ортогональді регрессия, үштік ортогональды система; фундаментальный – фундаменталь система, фундаментальды группа, фундамент анықтауыш; потенциальный – потенциалдық қисық сызық, потенциалдық энергия жəне т.б.
Жалпы, -ист, -изм, -щик, -чик, -ер, -щина, -тура, -ант, -ив қосым- шалары арқылы жасалған термин сөздердің ұлт тілдеріне қабылдауында мынадай заңдылықтар бар. Көпшілік жағдайда бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздер аффикстерімен бірге қабылданады, ал егер түбір сөздің өзі қабылдаушы тілде жеке тұрып та қолданыла алатын болса, онда орыс тіліндегі сөз тудырушы қосымшалары ұлт тілдеріндегі (-чи/-чі, -шы/
-ші, -лық/-лік т.б.) эквиваленттерімен беріледі. Жəне де -ист, -изм, -ер,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет