Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет38/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Бас əріптің қолданылуы


Бас əріптің қолданылатын орындары Негізгі ережелерде, мектеп оқу- лықтары мен анықтағыш құралдарда айқын көрсетіліп, бұл қағидалар едəуір қалыптасып кетті. Жалқы есімдердің, қысқарған сөздер мен төл сөздердің көпшілік жағдайларда өлеңнің əрбір жолының, сондай-ақ күр- делі атаулардың – мемлекеттің, саяси ұйымдар мен кəсіпорындардың, оқу орындары мен мекеме, газет, журнал, кітап, шығарма аттарының бас əріппен басталып жазылатындығы жазу тəжірибесінде толық орын тепті. Əйтсе де осы мəселе төңірегінде арнайы еңбектерде шағын түрде



айтылып немесе мүлде қағыс қалып жүрген жайлар бар. Соның салда- рынан бірқатар сөздер мен атауларды, мысалы, ордендер мен медальдар- дың аттарын, құрметті атақтарды немесе орыс орфографиясы бойынша қос сөз болып, əр сыңары бас əріппен таңбаланатын жер-су аттарын жазуда қиындықтар байқалып жүр.
Төменде қазақ жазуында бас əріп арқылы жазылатын жалқы есімдер мен күрделі атаулардың негізгі түрлері топтастырылып беріліп отыр.

Орыс орфографиясына сəйкес бас əріппен жазылатын күрделі атаулар мен жалқы есімдер


Республика аттарының əрбір сөзі бас əріппен таңбаланады: Қырғыз Советтік Социалистік Республикасы, Моңғол Халық Республикасы, Югославия Социалистік Федерациялық Республикасы. Коммунистік жəне жұмысшы партиялар аттарының емлесі де орыс орфографиясымен бірдей, яғни бұнда «партия» деген сөзден басқасы бас əріп арқылы жазы- лады: Куба Коммунистік партиясы, Қазақстан Коммунистік партиясы, Ямайка Жұмысшы партиясы. Сондай-ақ ең жоғарғы сайланбалы пар- тия, комсомол басқару органдарының күрделі атауларын жазуда да, орыс емлесінің қағидалары сақталады: ВЛКСМ Орталық Комитеті, Совет Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы.
Одақтық, республикалық министрліктер мен мемлекеттік комитет- тер, ұйым, мекеме, кəсіпорын жəне оқу орындары атауларының алғашқы сөзі бас əріптен басталып жазылады: СССР Құрылыс министрлігі, Жеңіл өнеркəсіп министрлігі, Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік коми- тет, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехника институты, Қазақстан Журналистер одағы. Бұндай күрделі атауларды жазуда орыс емлесі бо- йынша бас əріптен басталатын сөз бен қазақ емлесі бойынша бас əріптен басталатын сөздің бірдей болмайтындығын ескеру қажет. Мысалы, орыс тілінде «Государственный комитет Совета Министров Казахской ССР по кинематографии» деген күрделі атауда «Государственный» сөзі бас əріптен басталса, қазақша аудармасында «Кинематография» сөзінде жа- зылады: Қазақ ССР Министрлер Советінің Кинематография жөніндегі комитеті.
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет бабының аттары мен құрметті атақтар- дың əрбір сөзі бас əріп арқылы таңбаланады: Министрлер Советінің Председателі, Совет Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері.
Жеке адамдардың социалистік құрылысты орнату жəне Отанды қорғау жолындағы ерліктері үшін берілетін ордендер мен медальдар үш ыңғайда жазылады: а) алдыңғы сөзі бас əріптен басталады: Ленин ордені, Халықтар достығы ордені; ə) күрделі сөздің барлық компонент- тері (орден деген сөзден басқасы) бас əріп арқылы таңбаланады: Еңбек Қызыл Ту ордені, Октябрь революциясы ордені; б) орденнің, медальдың аты тырнақшаға алынып, бас əріппен белгіленеді: «Құрмет Белгісі»
Орфография
ордені, «Даңқ» ордені, «Батар Ана» жəне «Ана Даңқы» медальдары. Жеке адамдардың қоғам мен халық алдындағы елеулі еңбектеріне орай берілетін құрметті атақтардың алғашқы сөзі бас əріптен басталып жазы- лады: Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ ССР-інің халық артисі. Сондай-ақ еңбек жетістіктері мен табыстары бағаланатын құрметті атақтардың алғашқы сөзі ғана бас əріптен басталады: Құрмет грамотасы, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркістан қала- сының Құрметті азаматы.
Бірінші сыңары батыс, жаңа, жоғары, қиыр, оңтүстік, орта, орта- лық, солтүстік, төменгі тəрізді сөздер болып келетін, мемлекет, жер-су, қала аттарының əрбір сөзі бас əріптен басталады: Батыс Европа, Жаңа Зеландия, Жоғарғы Вольта, Қиыр Шығыс, Оңүстік Корея, Орта Азия.
Араб тіліне тəн артикльдер арқылы жазылатын қала, жер-су аттары, кітап, шығарма аттары негізінен, өзге халықтар тіліне ортақ емлесін сақтайды: Эль-Кубейт, Эль-Джадида (қала аттары), Эль-Катиф (порт),
«Фусул ал-мадани», «Дивани лұғат ат-түрк». Бірқатар жалқы есімдердің алдындағы артикльдер «қазақшаланып» («əл» түрінде), бас əріппен де- фис арқылы жазылады: əл-Фараби, əл-Бируни, əл-Кимаки. Сондай-ақ араб халықтары тілінде «баласы, ұлы» деген мағынаны білдіретін «ибн» сөзімен келетін кісі есімдері екі түрлі жазылады: а) «ибн» сөзі жалқы есімнің алдында келсе, бас əріппен жазылады да, есім мен əкесінің аты арасында (отчество құрап) жұмсалса, кіші əріппен жазылады: Ибн Сина, Ибн Рушд; Ахмед ибн Абдуллах – Ахмед Абдуллах баласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет