Қысқарған сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғану үлгісі
Қысқарған сөздердің орыс тілінен өнімді түрде енуі төл қысқарған сөздердің жасалуына да əсер етті. «Ауатком», «аупартком» тəрізді сіңісті атаулармен бірге жазу дəстүрінде ТТТ (түрлі-түсті телевизия) мульт- жинақ (мультфильмдер жинағы) т.б. жаңа үлгілер де қолданылып жүр. Ал аударма əдісімен жасалған СОКП, БЛКЖО, СОТА (КПСС, ВЛКСМ, ТАСС аббревиатураларының қазақша толық атауларынан қысқартылған) тəрізді үлгілер тілдің қоғамдық-əлеуметтік міндеттеріне сай бола алма- ды, өйткені аббревиатуралар – интернационалдық, ресми сипаттағы сөз- дер, сондықтан да олар барлық тілде мүмкіндігінше бірдей таңбалануға тиісті. Бұл тілдік, сондай-ақ информациялық қарым-қатынасты жеңілде- теді.
Жаңа əліпби, жаңа емле
ІІІ тарау. ЖАҢА ƏЛІПБИ. ЖАҢА ЕМЛЕ
Жаңа емле ережелерінің танымдық-тағылымдық негіздері
Латын əліпбиіне көшу ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс ая- сының одан əрі кеңейе түсуіне мүмкіндік жасау дегенге саяды. Тіліміздің ішкі табиғатына əліпбиіміздің сай болуын айтылым (орфоэпия) мен жа- зылым (орфография) жүйесінің үйлесімділігі деп түсіну керек. Жаңа латыннегізді əліпби қабылданды, демек жаңа емле ережелері қажет. Себебі, əліпби ресми қабылданғаннан кейін түзілетін ережелер əліпби- ге сəйкес болуы керек. Мəдени жұртшылыққа белгілі қолданыстағы ки- риллицадағы 42 əріп орфографияны қиындатқан, тілімізді ұлттық бей- несінен ажыратқан күрмеуі қиын, күрделі мəселе болды. Осы əліпбидегі əріптердің төрттен бірі ұлттық дыбыстық қорымызға сəйкес келмейді. 42 əріптің құрамындағы ё, й, ц, э, ю, я, щ, ь, ъ - идеологиялық қысым- нан, саяси əрекеттің əсерінен болғаны белгілі. Əліпбиі солай болған соң, ереже де соған сəйкес болды. Ереженің жартысына жуығы орыс тілінен енген сөздерді түпнұсқаға лайық таңбалаудың ережесіне айналып кетті. Осының салдарынан орфография да қостілді орфография болып шықты.
Латын əліпбиіне көшу қарсаңындағы өте жауапты кезеңде өткен кездегі кемшіліктерді қайталамай, артықшылықтарды да ескеріп отыруымыз керек. Əліпби түзу аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып табы- латыны белгілі. Бұл кезең əртүрлі ортологиялық құралдар (емле ереже- лерінің анықтағыштары, ономастикалық атаулардың анықтағыштары, т.б.) жəне ортологиялық лексикография түзудің (орфографиялық жəне
орфоэпиялық сөздіктер құрастырудың) бастамасы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |