Алғы сөз Уəли Нұргелді


Палатализацияланған [а]-ның жазылуы



бет14/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Палатализацияланған [а]-ның жазылуы





Орфографиялық сөздікте берілуі

Қолданыста

дүбара дүдамал ділда

дүбəра, дүбəраға дүдəмал, дүдəмалға ділдə, ділдəға

Орфография



ділмар

ділмəр, ділмəрға

кіназ

кінəз, кінəзсы

күстана

күстəна, күстəналау

күшала

күшəла, күшəлаға

мүбада

мүбəда, мүбəдаға

мүбарак

мүбəрек, мүбəрекке

мүлайім

мүлəйім, мүлəйімге

мұттайым

мүттəйім, мүттəйімге

мінажат

мінəжат, мінəжатқа

Бірінші буында <ə>, ал екінші буында палатализацияланған [а] дауыс- тысы келетін сөздердің жазылуы жоғарыда аталған сөздер типінен өз- геше. Бірінші буындағы тіл алды дауысты <ə>-нің əсерінен келесі буын- дағы [а] палатализацияланады, <а>-ның қосалқы реңкі [ə] ескерілмей, не- гізгі реңкі бойынша жазылады: жəннат, зəузат, нəпақа, пəтуа, тəурат, пəруай, пəруаз т.б. Қазақ орфографиясында бірінші жəне екінші буында ə арқылы белгіленетін сөздер бар: мəрмəр, сəруəр, зəмзəм, тəмəм, əзəзіл т.б. Бұл топтағы сөздердің екінші буынындағы ə əрпі арқылы таңбала- нып тұрған дауыстыны палатализацияланған а деуге болмайды. Бұлай деуімізге себеп – екінші буынның тап бірінші буын тəрізді толық немесе біршама толық қайталануы.
Кейбір позицияда дауыстылардыңжуан-жіңішке оппозициясы «көмес- кіленеді» де, сол дыбыстың тіл алды дауыстысы немесе тіл арты дауыс- тысы екендігін ажырату едəуір қиынға соғады. Осындай ерекшелікке байланысты бірсыпыра сөздердің жазылуы практикада дұрыс шешімін таппай келеді (қосымша).



Орфографиялық сөздікте

Қолданыста

ақырет

ақірет

кесапат

кесепат

қабілет

қабылет

қаракетсіз

қарекетсіз

қағілез

қағылез

қасірет

қасырет

қатыгез

қатігез

қошамет

қошемет

құдірет

құдырет

лағынет

лағінет

мүбарак, мүбарагы

мүбəрəк, мүбəрегі

тəкаппар

тəкəппар





тақсірет тауқымет тақылет

тақсырет тауқімет тақілет

Бұл сөздердің сөздіктегі, практикалық қолданыстағы əліптемелерінде бірізділік жоқ екендігі байқалады. Мысалы, қағілез деп жазған соң, неге қатігез деп жазуға болмайды. Немесе неге лағынет, тəкаппар деп жаза- мыз? Неге лағінет, тəкəппар емес? Əліптемесі қиын мұндай сөздердің дұрыс жазылуының белгілі бір таянышы болуы керек. Біздіңше, ол тая- нышты сөздің буын құрылымынан іздеуге болады. Жоғарыда көрсетіл- ген сөздерді алдымен бейүндес (асингармониялық) екі буынға бөлуге болады: а-қы-рет (а-қі-рет емес), құ-ді-рет (құ-ды-рет емес), ке-са-пат (ке-се-пат емес), ла-ғы-нет (ла-ғі-нет емес), қа-бі-лет (қа-бы-лет емес), мүбə-рек (мү-бə-рак емес), қа-ре-кет (қа-ра-кет емес), тə-кəп-пар (тə- кап-пар емес), қа-ғы-лез (қа-ғі-лез емес), тақ-сі-рет (тақсы-рет емес), қа-сі-рет (қа-сы-рет емес), тау-қымет (тау-қі-мет емес), қа-ті-гез (қа- ты-гез емес), та-қы-лет (та-қі-лет емес), қо-ше-мет (қо-ша-мет емес), қо-сі-рей (қо-сы-рей емес).


Осы типтес сөздердің буын құрылымындағы ерекшелікті ескеру дұрыс жазуға негіз болады. Біріншіден, жуан мен жіңішке буын түй- іскен тұста дауыссыз дыбыс өзі жұптасып дауыстымен реңкі жағынан үйлесіп тұрады: қа-ғы-лез (қа-гі-лез, қағ-іл-ез емес), тə-кəп-пар (тə-кап- пар емес). Ал қағілез, тəкаппар, тақілет деп жазу қазақ сөзінің буын құрылымын бұзу болып табылар еді. -қі, -ғі,-ка тəрізді буындар қазақ сөзінің табиғатына тəн емес. Екіншіден, жоғарыда аталған сөздердің ішінде қабілет, қарекет, тақсірет тəрізді сөздердің бейүндес буын жі- гін қа-бі-лет, қа-ре-кет, тақ-сі-рет деп те, қа-бы-лет, қа-ра-кет, тақ- сы-рет деп те екі түрлі бөлуге болады. Дегенмен буындардың бейүндес жігін қа-бі-лет, қа-ре-кет, тақ-сі-рет деп бөлудің өз артықшылығы бар. Себебі қа-бы-лет, тақ-сы-рет деп буындасақ, сөйлеуде қа-был- ет, тақ-сыр-ет, қа-ра-кет түрінде айтылады да, <р>, <л> дауыссызы
<ы> дауыстысының реңкіне бейімделеді. Сөйтіп, «қабыл ет», «тақсыр ет» «қара кет (ті)» деген еркін тіркестен айырмасы болмай қалады. Ал буындардың бейүндес жігін қа-бі-лет, тақ-сі-рет, қа-ре-кет деп ажы- ратсақ [б], [с], [р] дауыссыздары [і], [е] дауыстыларының реңкіне бей- імделеді де, қабыл ет, тақсыр ет, қара кет (ті) еркін тіркестерінен өзгешеленіп тұрады.
Бейүндес буын жіктерінде қысаң [ы], [і] дауыстыларының таңбала- нуы мен таңбаланбауы – қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі. Мысалы: зақмет-зақымет, рақмет-рақымет, қызмет-қызымет,
Орфография
үкмет-үкімет, лағнет лағынет (лағінет)т.б. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде бұл тəрізді сөздер бірде қысаң [ы], [і]-мен жазылса, бірде, мысалы, қазірет, кейбірі рақмет, қызмет түрінде жазылады. Осы тип- тес сөздерді қысаң дауыстылар арқылы жазып, оппозициялық жікке бөліп көрейік: за-қы-мет, ра-қы-мет, қы-зы-мет т.б. Сөйлеу процесінде бұл сөздердегі <қ>, <з>,<ғ> дауыссыздары [ы], [і]-нің шылауында айты- лады да, өзгеше реңкке (біршама созылыңқы айтылуы тəрізді) ие болады. Осындай фонетикалық əсердің нəтижесінде бұл сөздердің дыбыстық құрылымы ритмикалық тұтастықпен айтылатын зақым ет, рақым ет, үкім ет тəрізді еркін тіркестердің дыбыс құрылымымен бірдей болып шығады. Ал бұл сөздердің [ы], [і] дауыстыларынсыз түріндегі <қ>, <з>,
<ғ> фонемаларының реңкі өзгеше болып (келте, кілт айтылуы), рит- микалық тұтастықпен айтылатын еркін тіркестерден өзгеше дыбыстық құрылымға ие болады.
Сөз ажыратуға септігін тигізетін осы өзгешелік ол сөздерді ритмика- лық тұтастықпен айтылатын сөз тіркестерінің дыбыстық құрылымынан ажыратып тұрады. Сондықтан бұлардың қызмет, зақмет, лағнет, рақмет, құрмет т.б. түрінде жазылуын орынды деуге болады.
Сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі қазақ сөзінің табиғатына тəн. Бұларды біржікті буындар деуге болады. Деген- мен біріккен сөздер – көг-ал (мұндағы ал морфемасы алсын «шабылған шөптің орнына қайтадан көктеп шыққан көк» дегенмен этимологиялық байланыстағы сөз болуы ықтимал), көг-орай, сондай-ақ өзге тілден қо- ныс аударған сөздердің (қа-ре-кет, қа-сі-рет т.б.) ішінде бейүндес буын- дардан құралғандары да кездесіп отырады. Бұларды екіжікті оппозиция- лық буындар деуге болады. Ал кейбір сөздерді үш немесе төрт жікті буын (жуан-жіңішке – жуан) түрінде жазу, сөзді тым жасанды көрсетеді. Мысалы: мұ-ба-рак-қа, дəн – да- қу-ым, дар – гу-ман, мү-шай-ре, бə-да- уи, пəр – уар – диг – ар т.б. Бұл типтес сөздерді сондықтан мүбəрəк, дəн- дəку, дəргүман, пəруəрдигар түрінде жазу əлдеқайда қазақ тілінің дыбыс жүйесіне үйлесімді.
Қазіргі қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі – түбір сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы буынындағы қысаң дауыстының түсіріліп немесе түсірілмей жазылуы. Мысалы: ауыл – аулы (ауылы), ерін – ерні (еріні), иық – иығы (иғы), мұрын мұрны (мұрыны), мүлік мүлкі (мүлігі), бауыр бауыры (бауры) т.б. Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда сөз түбірінде болатын бұл өзгерістің қанша сөздерді қамтитынын, таралу шегі қанша- лықты екенін байқау үшін фонетикалық жағдайы бірдей сөздерді өзара салыстырып көтеруге болады (қосымша).

Бұл салыстыруға қарағанда қысаң дауыстыларың түсіріліп қолда- нылуының фонетикалық жағдайы бірдей ортада жалпы сипат алмаған- дығы, кейбір сөздермен шектеліп отыратын талғампаздығы байқалады. Яғни бұл қысаң дауыстылар фонетикалық ортаға аса тəуелді емес. Қайсы- бір тұстарда қысаң дауыстыны түсіріп (не түсірмей) қолдану дүдəмал бол- са, енді бір сөздерге келгенде, семантикалық қарсылыққа ұшырайды. Мы- салы, халық халқы (халығы) деп айтқанымызбен, осы ізбен түлік, күлік сөздеріндегі дауыстыны түсіріп, тəуелдік жалғауын жалғау сөз мағынасын мүлде бұзады (мысалы, түлік-түлкі, күлік-күлкі т.б.). Дауыл, ауыл, суыл, көңіл сөздері де осы тəрізді, қысаң дауыстыны түсіріп қолдануға ырық бер- мейді: даулы, аулы, көңлі, сулы мүлде басқа сөз ретінде ұғынылады.
Бұл қайшылықтың, қысаң дауыстының сонормен іргелес келгендегі
«жұтылу» құбылысының (бұл құбылыс тіл білімінде абсорбция деп ата- лады) қалайда бір себепті болуға тиіс. Абсорбция құбылысының себебін əр зерттеуші əрқилы фонетикалық жағдайға байланысты түсіндіріп келді [35, 281].

а) халық –халқы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет