Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет15/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Халық – Халығы (жалқы есім) құлық – құлқы (мінез-құлқы)
құлық – құлығы (құлақтың құлығы) мүлік – мүлкі (мүлігі)
қылық – қылығы күлік – күлігі бүлік – бүлігі былық – былығы салық – салығы қалық – қалығы шұлық – шұлығы түлік – түлігі т.б.

ə) нарық – нарқы (нарығы)


көрік – көркі (қыздың көркі) көрік – көрігі (ұстаның көрігі) бөрік – бөркі (бөрігі)
қырық – қырқы (этног.)
қырық – қырығы
парық – парқы (парығы) тұрық – тұрқы (тұрығы) ырық – ырқы (ырығы)
Орфография ерік – еркі (ерігі)
түрік – түркі
жерік – жерігі көрік – көрігі қорық – қорығы т.б.

б) мұрын – мұрны (мұрыны)


ерін – ерні (еріні)
орын – орны (орыны) қарын – қарны (қарыны) сарын – сарыны
нарын – нарыны

в) иық – иығы (иғы) сиық – сиқы (сиығы) ойық – ойығы


сұйық – сұйығы киік – киігі
қиық – қиығы т.б.

г) мойын – мойны (мойыны) қойын – қойны (қойыны) қайын – қайыны (қайны) жайын – жайыны


қиын – қиыны жиын – жиыны құйын – құйыны
шойын – шойыны т.б.

д) көңіл – көңілі жеңіл – жеңілі


қалып – қалпы (қалыбы)
қалып – қалыбы
құлып – құлпы (құлыбы)
əліп – əлпі (əлібі)
тұлып – тұлыбы т.б.

е) ауыз – аузы (ауызы) қауыз – қауызы жауыз – жауызы т.б.



з) ауыл – аулы (ауылы)
кеуіл (диал.) – кеулі (кеуілі)
суыл – суылы дауыл – дауылы т.б.
ж) дауыс – даусы (дауысы)
қуыс – қуысы туыс – туысы сауыс – сауысы т.б.
Бірақ, біздің түсінігімізше, қысаң дауыстылардың тап бұл арадағы түсіріліп, не түсірілмей қолданылуы таза фонетикалық шарттылыққа, мысалы, екпінге т.б. тəуелді емес. Егер бөркі, аузы сөзіндегі [ы]-ның
«түсіп» қалуы екпінге байланысты болса, онда құрығы, қауызы деген сөзде ы дауыстысы неге «түсіп» қалмайды? Тегінде, бұл құбылыстың себебі басқаша бір фактормен тығыз байланысты болуы ықтимал. Ал оның қандай фактор екендігін анықтау үшін, алдымен мынадай бір ста- тистикалық салыстыруға назар аударайық. Қазақ əдебиетінің классигі М.О.Əуезов шығармаларының толық жинағындағы (1-3 том) құрық сөзінің атау жəне өзге де грамматикалық тұлғалардағы жалпы қолданы- сының саны – 26. Ал осы сөздің тəуелдік тұлғасында жалғануы – 10. Яғни бұл сөздің тəуелдік тұлғасында жұмсалынған саны өзге тұлғала- рымен салыстырғанда əлдеқайда аз [36]. Сол сияқты əртүрлі тұлғада қол- данылатын жарық сөзінің жалпы саны 120 болса, тəуелдік тұлғасымен қолданылғаны 25 те, өзге тұлғада жұмсалғаны – 95. Ал ерін сөзі, барлық тұлғасын қоса есептегенде, 30 рет қолданылған. Оның ішінде тəуелдік тұлғасымен қолданылған сөздің саны 20 да, өзге тұлғада қолданылған осы сөздің саны 10-нан аспайды. Мұрын сөзі, барлық тұлғаларымен қоса есептегенде 52 рет қолданылған. Оның ішінде тəуелдік тұлғасымен кел- ген сөздердің саны 15-тен аспайды. Бұдан байқайтынымыз – мұрын, ерін тəрізді сөздердің дыбыс құрамындағы ы-ның түсіп қалып, мұрны, ерні түрінде айтылу себебі бұл сөздердің өзге сөздермен салыстырғанда, тəу- елдік тұлғасында жиі жұмсалуына байланысты. Ал құрық, жарық сөз- дері, керісінше, тəуелдік тұлғада, өзгелермен салыстырғанда, əлдеқайда сирек жұмсалады екен. Бұл фактор, яғни сөздің тəуелдік тұлғада ұзына бойы тұрақты жұмсалуы, сонарлармен іргелес келген қысаң дауыстының абсорбцияға ұшырауына, сөйтіп сөздің фонетикалық жақтан ықшамда- луына қолайлы жағдай тудырса керек.
Тіл – жанды құбылыс. Ол қарым-қатынас қызметін атқару барысында басы артық элементтерді екшеп отыруға тырысады. Қысаң дауыстылар- дың белгілі бір сөздер тобында, нақтылы бір фонематикалық жағдайда абсорбцияға ұшырауы тілдің дыбыс жүйесіндегі тенденцияның бірі деу-
Орфография
ге болады. Ал оны əдеби тілдің жазу нормасында, сондай-ақ орфоэпия- лық нормасында елеусіз қалдыру – белгілі бір алшақтыққа əкеп соғар еді. Ондайда тілдің шынайы халінен көз жазып қалу қаупі туады. Со- лай дегенмен де «абсорбция» жетегінде кете беруді тіл фактісі көтере бермейді. Себебі көңіл, бауыр, ауыл сөздерін көңлі, бауры, аулы түрінде тəуелдеу омонимдерді өрбітуге жол ашады. Бұл – тілдің омонимдерден
«қашу» тенденциясына қайшы келеді.
Əрине, ауызы, мұрыны, мойыны, иығы деп қысаң дауыстыларды бастан-аяқ күмəнді жерде түсірмей жазу орфография үшін оңай жол бо- лар еді. Бірақ бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы емес.
Бұл жерде абсорбция құбылысының семантикалық қарсылыққа ұшы- рауын немесе ұшырамауын таяныш етіп алу принципін ұстануға болады. а) Семантикалық қарсылыққа ұшырамайтын сөздер: мойын-мой- ны (мойыны емес), ауыз аузы (ауызы емес), дауыс даусы (дауысы емес), иық-иғы (иығы емес), ерін ерні (еріні емес), құлық құлқы (құлығы емес), бөрік бөркі (бөрігі емес), көрік көркі (көрігі емес), мүлік мүлкі (мүлігі емес), халық халқы (халығы емес), ерік еркі (ерігі емес), қалып – қалпы (қалыбы емес), əліп əлпі (əлібі емес), ғұрып ғұрпы (ғұрыбы емес), қырық қырқы (қырығы емес, этногр.), əріп əрпі (əрібі емес), мұрын мұрны (мұрыны емес), сұрық сұрқы (сұрығы емес), шырық – шырқы (шырығы емес), ойын – ойны (ойыны емес), қойын – қойны (қой- ыны емес), нарық – нарқы (нарығы емес), парық – парқы (парығы емес), ырық ырқы (ырығы емес), қарын қарны (қарыны емес), сиық сиқы (сиығы емес), қайын қайны (қайыны емес), кеуіл кеулі (кеуілі емес),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет