Алғы сөз Уəли Нұргелді


Қосар [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің орфограммасы



бет52/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Қосар [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің орфограммасы.


Жазылымда бір əріппен у жəне и түрінде таңбаланатын дауысты- дауыссыздардың тіркесі «қысқа дауыстылар», «шолақ дауыстылар», «тел əріптер», «жарты дауыстылар» деп əрқилы аталып келгені белгілі.
Кезінде А. Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі [ы], [ұ] қысқа естілетін ды- быстар, ал [й], [у] дыбыстарын жарты дауысты деп, олардың жазылуын азу, қару, жабу; қиын, киім т.б. деп көрсеткен. Ғалымның бұл ережесі қазақ жазуының базасындағы құндылықтардың бірі ретінде танылып, кирилше жазу орфографиясында (1957) бұл үлгі қайта жаңғырды. 1957 ж. ережеге дейін бірде қыйын, бірде қиын, бірде жабу, бірде жабұу болып, əрі-сəрі жазылып жүрген сөздер қиын, киім, жабу, азу делініп бір ізге түсіріліп, өз шешімін тапқаны мəлім.
Қазақ тіліндегі [у] дыбысы дауыстылардан соң жалаң [у] болып, ай- тылымда [тау], [дəу] түрінде дыбысталады, жазылымы да солай. Ал да- уыссыздан соң келсе, [ұу], [үу] түрінде [тұу], [түзүу] болып айтылады, тұу деп жазылса да, ту деп жазылса да əртүрлі оқылмайды, айтылымда- рында айырма жоқ. Сондықтан кезінде А.Байтұрсынұлының төте жазуындағы бұл үлгі (1912 ж.) кирилше əліпбиде тиянақ тауып, дəстүрге айналды.
Өйткені қосарлап таңбаланса да, даралап таңбаланса да айтылымын- да, А.Байтұрсынұлы атап көрсеткендей, еш айырма жоқ. Екіншіден, жа- зу-сызуға қойылатын жинақылық, ықшамдылық талабына сай келетін- діктен, аталмыш дыбыс тіркестерінің дара түрде таңбалануы дəстүрге айналды. Ендігі жерде қазақ жазуының латын əліпбиіне көшуімен байла- нысты шұбалаңқылыққа ұрынбау үшін А.Байтұрсынұлы көрсетіп берген үлгіге артықшылық беру қажет дейтін дəстүрлі пікір бар.
Сондай-ақ жазудағы аталмыш дəстүрлі норманы қайта қарау керек, дыбыстар, морфемалардың буын жігі əріп тасасында бүркеленбей жа- зылуға тиіс дейтін де пікір жоқ емес. Мысалы, қыйын, жабұу, кійім, т.б.

Дəстүрлі бірінші пікір бойынша ұйыту, киіну, тарихи, кейіту тəрізді т.б. сөздер латын əліпбиімен төмендегіше орфографияланады:


uıytý (5 таңба) saıası(6 таңба)
kıiný (5 таңба) ıakı (4 таңба)
tarıhı (6 таңба) ıaǵnı (5 таңба) ıkemdelý (8 таңба)
keıitý (6 таңба) ýlanýy (6 таңба)

Ал екінші пікір бойынша бұл типтес сөздер латын əліпбиінде қосар əріппен төмендегіше орфографияланады:




uıytuý (6 таңба) saıasyı (7 таңба)
kiıinúý (7 таңба) iıákiı (6 таңба)
taryıhyı(8 таңба) yıaǵnyı (7 таңба) iıkemdelúý (10 таңба) keıitúý (7 таңба) uýlanuýy(8 таңба)
Сондықтан екі тел дыбысты бір əріппен жиын, суар деп орфография- лауды дəстүрлі норма бойынша теріске шығарумен келісе қоюға болмай- ды. Ерін қатысы жағынан [ұу], сондай-ақ езу қатысы жағынан [ый, ій] түрінде бір-бірімен кірігіп кеткен тел дыбыстарды (қосар дыбыстарды) бір əріппен орфографиялау орынды деп танылады. Қосар дыбыстарды бұлайша орфографиялаудың тағы бір өзіндік артықшылығы – сөздегі əріп санының азды-көпті ықшамдалуына мүмкіндік береді.
Бұлайша бір-бірімен артикуляциялық, үн мен дауыс қатысы жағынан контаминацияланған екі дыбысты жазылымда бір əріппен берудің тиімді жағы бар. Бұндай үлгі интертерминдердің де, төлтума атаулардың да ор- фографиялануын біріздендіреді. Мысалы: a) төлтума атаулар: tý, táý, dáý, taý. ə) интертерминдер: unıversıtet, ınstıtýt, ýran, últra.
Түптеп келгенде, и де, й де бір ғана үнді дауыссыздың дыбыстық мағы- насын білдіреді. Қазақ тілінің дыбыстық қорында мағыналық бірліктерді ажырататын негізгі дыбыстардың құрамында бір ғана еріндік емес и бар. Қысқа [й] жəне [и] дейтін екі түрлі дыбыс жоқ. Ай деп жазылса да, аи деп жазылса да оқылуы - [аи]. Мысалы, Айман, Иса деген сөздер латын гра- фикасы бойынша бір ғана «ı» əрпімен Aıman, Isa болып жазылады. Орыс тілінің орфографиясының ырқымен магний, кальций, йога, йод, йота деп жазылған халықаралық терминдер ендігі жерде латын əліпбиі бойынша magnı, kalsı, ıoga, ıod, ıota болып таңбаланады.
Жаңа əліпби, жаңа емле
Тек шеттілдік қана емес, кию, күю, ою, кею, қою; сия, жая, қия, оя, жоя, тұщы, ащы, кеще сияқты қазақ тілінің төл сөздерінің жазылуында да қолданылылған [йұу], [йүу], [йа], [шш] сияқты бірнеше дыбысты бір əріппен берудің графемасы ретінде жұмсалған ю, я, щ əріптері kıý, kúıý, oıý, keıý, qoıý; sıa, jaıa, qıa, oıa, joıa, tushshy, ashshy, keshshe түрінде ор- фографияланады.
Нақтырақ айтсақ, сөз соңында жəне ортасында ию-мен берілетін сөз- дерде ю (йу) орнына у жазылады. Себебі екі и (ı) қатарлас келетіндіктен, екі ı -дің біреуі ғана жазылады. Мысалы, кию - kıý (киу), қию - qıý (қиу), ию-ıý (иу). Қалған жағдайда жəне бірбуынды сөздерде ю орнына йу жа- зылады. Мысалы, ою - оıý - ойу (о-йу), аю - аıý - айу (а-йу).
Я əрпінің жазылуы. Жаңа əліпбиде бұл əріп жоқ. Сондықтан кирилше жазудағы я-ның орнына латыннегізді əліпбиде кейде ıa əріп тіркесі жа- зылады, кейде а жазылады. Сөз басында кездесетін Ясауи, япыр-ау, яғни, ядро, яһуди, т.б. сөздерде ıа -мен таңбаланады. Жаңа əліпбиде и мен й дыбысына бір ғана Іı əріптік таңбасы берілгендіктен жəне өзінен кейін а жалғасатын болғандықтан, оны дауыссыз й дыбысы деп танимыз, соған орай тасымалға бөлеміз. Мысалы, Iasaýı - Ia -sa -ýı, ıaǵnı - ıaǵ - nı.
Сөз ортасында жəне сөз соңында зияткер, қиямет, алдияр сияқты сөз- дерде и (ı) соңынан я (ıа) жазылғанда екі «ı» қатар келеді. Сондықтан бір ı (и) түсіріліп жазылуы тиіс. Мысалы, zıatker (зиаткер), qıamet (қиамет), aldıar (алдиар) деп жазылады. Демек, бұрынғы я орнында а жазылады.
Сөз соңында кездесетін я-ға байланысты емле де нақ осындай болуы тиіс. Мысалы, мия -mıa (миа), автономия - avtonomıa (автономиа), био- логия - bıologıa (биологиа), химия - hımıa (химиа), Əсия - Ásıa (Əсиа).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет