Байланысты: Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері
Күрделі сөздердің орфографиясы. Бөлек жəне бірге жазылатын сөздер қазақ орфографиясындағы аса күрделі мəселелердің бірі болып отыр. Əуелден қалыптасқан дəстүр бойынша жеке түрде айтылатын, қол- данылатын сөздер босаралықпен бөлек жазылады. Лексикографиялық еңбектердегі реестрлік қатар түзетін лексикалық бірліктер, яғни түбір, туынды түбірлер бөлек жазылатын сөздердің ерекше тобына жатады.
Жаңа əліпби, жаңаемле Жазылымда босаралықпен жазылатын сөздерге шылаулар жатады. Сон- дай-ақ тұрақты сөз тіркестерінің əр сыңары босаралықпен таңбаланады. Бұл дəстүр нормаға айналып, жазу тəжірибесінде тұрақтана түсті. Алай- да сөздердің бірге не бөлек тұлғалануы бірте-бірте өз шешімін тауып ке- леді. Жазу тəжірибесінде сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түсті. Бұл үрдістің орфограммасының реттелуі белгілі модель арқылы жүзеге асқа- ны айқындалып отыр.
Атаулық мəн алған жəне жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды біл- діретін сөзге айналған тұрақты тіркестердің бірге жазылуы тұрақтал- ды: ақкөңіл, ақкөңілді, ақкөңілділік; ержүрек, ержүректік; басбұзар, басбұзарлық; безбүйрек, безбүйректік; ақпейіл, ақпейілділік; аққұлақ, аққұлақтану т.б.; бас қатыру – басқатырушылық; тізе қосу – тізеқо- сушылық; көре алмау – көреалмаушылықт.б.
-лық/-лік, -шылық/-шілік, -лы/-лі жұрнақтары арқылы бірге жазыла- тын сөздердің қатары молайды: бұғышаруашылық, малшаруашылық; жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік; ашатұяқты, сүтқорек- ті, көпшілікқолды, ауырдəулетті т.б.
Сонымен қатар, отқасалар, есікашар, бақанаттар, атқамінер, тұ- саукесер т.б. сөздер белгілі модель бойынша жүзеге асырылып келеді. Бұлар əуелдегі өзінің отқа салу, есік ашу, тұсау кесу деген денотаттық семантикасынан коннотативтік семантикаға көшу арқылы біріккен сөз- дердің типіне жатады. Көңілшай, келіншай, шүкіршай, кеңесшай деген- дер де біріккен сөздердің осы аталған типін құрайды.
Бірге жазылатын сөздердің аталмыш типтері ережеде тиісінше қамтылмақ.
Ережеде бөлек жазылатын тіркесті атаулар, тіркесті терминдердің əр сыңары екпінмен айтылатындықтан, дəстүр бойынша бөлек жазы- лады.
Компоненттері грамматикалық, қатынаста, яғни анықтауыштық, то- лықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста айтылатындықтан, сөз тір- кестерінің сыңарлары қалыптасқан дəстүрге сай бөлек жазылады: ақ үй, боз үй, қара үй, ағаш үй т.б., бірақ осыларға тұрпат межесі ұқсас, ал мазмұн межесі əр басқа ақүй аманат, ақмал, аққоянның жұты, іріқара тəрізді атаулар бірге жазылады.
Əдетте тілдік бірліктерді мүшелеудің құрылымдық принципі бар да, функционалдық принципі бар. Құрылымдық принцип бойынша тілдік бірліктер фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлемге мүшеленеді. Ал функционалдық принцип бойынша номинативтік, конструктивтік, коммуникативтік деп үш топқа мүшеленеді. Мысалы құрылымдық прин- цип бойынша бұрынғы орфографиялық сөздік (1963 ж.) бозторғай«боз»
жəне «торғай» деген екі сөзге бөлінеді. Боз өз алдына, торғай өз алдына дербес сөз деп танылады. Себебі боз сөзі боз шүберек, боз ат, боз үй тəрізді басқа да тіркестердің құрамында ұшырасады делінді. Ал функ- ционалдық принцип бойынша бозторғай бір ғана мағынаны білдіреді, ақиқат дүниедегі бір ғана заттың атауы болады, сөйлемнің бір ғана мү- шесі болып жұмсалады т.б. Сондықтан номинативтік бірлікке жатады.
Алайда қай мəтінде болмасын қандай да артикуляцияланған сөз ағы- мында кездеспесін, бір-бірінен жұбын жазбай тұратын, бір екпінмен айтылатын тілдік бірліктер болады. Мысалы, қаракөлеңке қай мəтінде болмасын жұбын жазбай тұрады, бір екпінмен айтылып, бір мағынаны білдіреді. Егер тілдік бірліктерді дискреттілігін құрылымдық (структу- ралық) принципі тұрғысынан қарасақ, қара көлеңке екі лексемаға (қара жəне көлеңке) мүшеленетіні белгілі. Ал аталмыш тілдік бірліктердің дис- креттілігін функционалдық принцип тұрғысынан қарасақ қаракөлеңке номинативтік бірлік, біріккен сөз типіне жатады.
Біріккен сөзді орфографиялауда 1963 жылғы үлкен Орфографиялық сөздіктің принципті ұстанғаны байқалады. Үлкен Орфографиялық сөздіктің одан кейінгі М.Балақаев жəне Р.Сыздықованың ғылыми ре- дакциясы шыққан басылымдарында бетбұрыс өзгеріп, функционалдық принцип негізге алына бастады.
Əрине, бозторғай,көкқұтан,бозат,бозкілем,көккөйлекдегендер – күрделі тілдік құрылымдар. Бірақ бозторғай, көкқұтан деген атаулар парадигмалық деңгейдегі интеграцияланған тілдік бірліктер болса, көк көйлек, боз ат дегендер синтагмалық деңгейде интеграцияланған бірліктер. Төмендегідей тіркесті түбірлер біріктіріп жазуға бейім тұра- ды. Олар:
аң-құстардың, жəндіктердің т.б. биологиялық тек, түр атаулары: ақбө- кен, аққу, ақлəйлек, қаралəйлек, көкқұтан, аққұмырсқа, қызылқасқыр, сарыағаш,қызылағаш,алмаағаш,жидеағаш,қарабидай,ақбидай,ақте- рек, көктерек, аққайыңт.б.;
ғылымның əр алуан саласында қолданылатын терминдер оттегі,
сутегі т.б.;
тұрмыстық зат атаулары: құсжастық, құстөсек, аяққапт.б.
ұлттық спорт жəне ойын атаулары: тоғызқұмалақ, қызқуу, орамал- тастамақ, сақинасалмақт.б.
Осындай, күрделі құрылымдар – форма жағынан болсын, мазмұн жағынан болсын жымдасып, біртұтас болып бірігуге бейім тұратын- дықтан, оларды бірге жазу жағы ескерілуге тиіс. Оны басқа тілдің фак- тілерімен де салыстыруға болады. Мысалы, темір жəне жол лексема- лары қазақ тілінде бірігуге бейім тұрады, грамматикалық формасы жоқ. Ал орыс тіліндегі железная дорога тіркесінің тілдік табиғаты басқаша, яғни грамматикалық формасы тіркес сыңарларын біріктіруге бөгесін бо- лып тұрады. Өйткені əр сыңардың грамматикалық формасы, екпіні бірге жазуға ырық бермейді.