Байланысты: «Өркен газеті Наурыз айы 2023ж.» (копия)
Алғыс айту парызымыз 1- наурыз күні Физика-математика факультетінің, информатика кафедрасында ИР-11, И-11, топтары мен топ жетекшісі Г.А.Дошеваның ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызымыз» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Барша әлемге жаңа дем беріп, жарық сыйлайтын көктемнің алғашқы күні 1-наурыз елімізде Алғыс айту күні болып жарияланды. Осы шара қарсаңында ұйымдастырылған тәрбие сағатының мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беріп, студенттердің сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, олардың үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым -қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Шараға информатика кафедрасының оқытушылар құрамы қатысты.
Тәрбие сағатын физика-математика факультетінің деканы Абулкасова Д.Б. студентерге жылы лебізін білдіріп, алғыс сөзімен ашып берді. Шара барысында студенттер өлең шумақтары арқылы асыл адамдарына, білім берген оқытушыларына өз ризашылықтарын білдірді. Шараға байланысты арнайы түсірілген бейнеролик тамашаланды.
Кейін халқымыздың рухани дүниесінде ерекше орын алатын қазақы күй «Әлқисса» қос домбырамен орындалды. Керемет күйден соң қонақтардың көңілін көтеру мақсатында миға шабуыл жасайтын ойындар ойнатылды. Бұл барлығының жүзіне күлкі сыйлаған сәт болды. Шараны осындай көңіл күймен жалғастыру үшін гитараның сүйемелдеуімен әуезді ән де орындалды. Әнді барлығы бірге қосылып орындады. Тәрбие сағатының аяғында факультет деканының орынбасары Иксебаева Ж.С. студенттерге ризашылығын білдіріп, оқуларына сәттілік тіледі. Кештің соңында студенттер қонақтарға арнайы дайындалған шағын сыйлықтарын тарту етіп, мерекелерімен құттықтады. Тәрбие сағаты осындай жақсы лепте өз мәресіне жетті.
ИР-11 тобы студенті: Адилханова Айсезім
Наурыз Tour
Наурыз айының 4 күні Физика-математика факультеті мен Мәдениет және өнер факультетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Наурыз Tour» атты 1 күндік студенттік саяхат жобасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты факультеттер арасындағы достастық пен бірлік, ұйымшылдық қасиеттерін арттыру. Өзге факультет белсенділерімен танысып, жаңа достар табу. Ұлттық вайбты сезіндіру болатын.
Шараға әр факультеттен 6 белсенді студент қатысты. Қатысушыларға қойылған басты талаптардың бірі қазақы дресс-код еді. Бұл талапты барлығы орындап оюлармен өрнектелген ұлттық киіп келді. Осының арқасында тур ерекше атмосферада басталды. Турдың тағы ең бір қызықты, әрі ұтымды тұсы университет қабырғасында емес , қатысушыларға басында айтылмаған құпия орында өтуінде еді. Студенттерді бұл жерге ұйымдастырушылармен алдын ала дайындалған автобус әкелді. Автобус ішінде гитара тартылып, өлеңдер айтылды. Барлығы көтеріңкі көңіл күйде межелі жерге табан тіреді.
Алдымен ұйымдастырушылар студенттерге өткізіліп жатырған шараның бағдарламасын буклет түрінде таратып, тур барысымен, жоспармен таныстырды. Шара басында құпия болған жер «Самал» туристтік лагеріндегі студенттерге арнайы құрылған киіз үй болатын. Киіз үйге жеткесін шараның басты мақсаттарының бірін орындап, 6 факультет белсенділерінің арасындағы таныстықты арттыру үшін студенттерді топтарға бөліп, кішігірім ойындар ойнатылды.
Ойындар аяқталғаннан кейін студенттерді ұлттық тағамдар күтіп тұрды. Барлығы көже мен бауырсақтан дәм татып, әлденіп алды. Содан соң турдың келесі кезеңі спикерлермен сұхбат басталды. Барлығын киіз үй ішіне жинап, салқын күні өте жылы атмосферада қатысушылар үшін арнайы шақыртылған танымал жандармен сұқбат бастады. Олар өздері қызмет ететін салалары туралы айтып берді, кеңестерімен бөлісті. Шара үшін арнайы дайындап келген ақпараттарын беріп, студенттердің сұрақтарына ұтымды ой айтты. Сұхбаттан кейін барлығы түскі асқа жайғасты. Ұйымдастырушылар құрамы студенттерге арнайылап палау дайындады. Дастархан басында мерекелік бағдарлама бойынша ән де айтылды, би де биленді. Өз өнерін көрсетем деуші студенттердің номері тамашаланып, қатысушылардан ақ тілектер легі жаудырылды. Мерекелік бағдарлама барысында Физика-математика факультет деканының орынбасары Жанна Сагинтаевна мен Мәдениет және өнер факультет деканының орынбасар Абылқайыр Максутович сөз сөйлеп, саяхат жобасы туралы пікірлерін айтып студенттерге ыстық лебізін білдірді. Барлығы тамақтанып болған соң турдың келесі кезеңі ұлттық ойындарға да жетті. Шара барысында пайда болған 6 топ арасында қызу тартыс басталды. Арқан тартыс, қол күресі және өзгеде ойындар ойнатылды. Студенттердің көңілін көтерген, бәсекеге толы ойындар аяқталған соң «Фото Time» басталды. Студенттер үшін арнайы шақырылған фотографтар осы ерекше күннен естелікке суреттерге түсті. Кейінен тур осы жерде қорытындыланып өз мәресіне жетті. Меніңше шара өз міндеті мен алға қойған мақсатын толықтай атқара алды. Ал осы турды ұйымдастырушылар мен белсене қатысқан студенттерге алғысымды білдіріп, сәттілік тілеймін!
ИР-11 тобы студенті: Адилханова Айсезім