Алгебра және анализ бастамаларындағы күрделі тақырыптарды оқытудың әдістемесі



бет2/2
Дата04.04.2023
өлшемі37,37 Kb.
#79238
1   2
Байланысты:
Баянд

Курсты оқу міндеті:

  • оқу процесінде қамтылған сұрақтарды тереңірек қарастыру;

  • теория мен практиканы ұштастыра білу;

  • тиімді әдіс-тәсілдерді үйрету;

  • формуланы дұрыс пайдалана білуге үйрету;




  • есептің нақты жауабын анықтай білуге үйрету;

  • күрделі есептердің жоспарын құрып, жай есепке айналдыра білуге үйрету.

Курс бағдарламасынан күтілетін нәтижелер:

  • тригонометриялық теңдеулерді шешудің тиімді әдістерін үйрену;

  • функцияның берілу түріне орай анықталу облысын және мәндерінің жиынын табудың тиімді жолдарын үйрену;

  • көрсеткіштік және логарифмдік өрнектерді дұрыс түрлендіре білуді үйрену;

  • фигуралардың элементтерінің қосымша қатынастарын есептейтін формулаларды қолдана білу;

  • мәтін есептерді дұрыс талдай білуді үйрену.

Курстың практикалық маңыздылығы
Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, есептер шығарып, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздық пен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Курстың құрылымы
Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған.
Сабақтың жүргізілу әдістері
Теориялық, практикалық, семинар сабақтар
Біліктері:

  • оқушының материалмен өз бетінше жұмыс жасауы;

  • алған өлшеу нәтижелерін талдап, жүйелеу;

  • математикалық есептерді шығарып, жауапты талдау;

  • қарапайым есептер құрастыру;

  • есеп шығару әдістерін білу;

  • өзін-өзі бағалау.

Бағдарлама көлемінде қарастырылатын есептердің шешімін өз бетімен таба білетіндей дәрежеге жеткізу.
Түсініктеме хат
 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2019 – 2020 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік – бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге оқу үдерісін жұмылдыру арқылы, тәжірибе-бағдарлық мазмұндағы тапсырмалармен қоса жүйелі шешу әдістері арқылы бағдарланады.
Бұл курс 9 сынып оқушылары үшін (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат) ҚР-ның бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған (ҚР МЖБС, Астана, ҚР БҒМ 2012, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы, 23.08.2012 жылғы № 1080 бұйрығымен бекітілген).
ҚР БҒМ мен Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының оқу бағдарламасы (Астана 2013, ҚР Білім және ғылым министрінің 23.08.2012 жылғы № 115 бұйрығымен бекітілген). «Қазақстан Республикасының 2013-2014 оқу жылындағы жалпыға білім беру мекемелерінде ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты (ҚР БҒМ, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының ғылыми кеңесінде ұсынылған 25 мамыр 2013 жылғы №5 хаттамасы).
Бұл оқушылардың білімін кеңейтуге бағытталған, жоғары сынып оқушыларына қиындықтар туғызатын математикалық тақырыптар бойынша есептер шығару арқылы математикадан дайындық деңгейін көтеру, қосымша әдістермен және стандарттық емес тәсілдермен оқушыларды таныстыру, сондай-ақ шешу тәсілдерін жүйелеу, ҚЖСБ 2012 сәйкес тапсырмаларды шешу ғана емес тиімдісі, теңдеулер тапсырмаларын шешу де тиімді.
Математиканы оқытудың негізгі тапсырмалары мен міндеті – оқушылардың математикадан білім, біліктілік жүйесін саналы және тиянақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл курс пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруды қарастырады, математикалық қабілеттілікті дамыту және көрсету, мамандыққа бағыт беру, бір сөзбен айтқанда математикамен тығыз байланысты жүргізіледі. Оқушыларда негізгі және пәндік құзыреттіліктерді дифференциалды деңгейлеу, ынтымақтастық технологиясы, жобалау технологиясы, АКТ пайдалану,тірек конспектісі,материалды ірі блоктармен пайдаланып дамыту.
Курстың мақсаты: жоғарғы мектеп математикасының негізгі бөлімдері бойынша оқушылардың білім мен біліктерін кеңейту және тереңдету, жүйелеуге мүмкіндік жасау.
Курстың тапсырмалары:
 Орта мектеп бітірушілердің пәндік және негізгі құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік жасау;
 Проблемалық және стандартты емес жағдайда білімдерін пайдалана білу;
 Оқушыларда жекелей және топтық жұмыс істеу дағдысын дамыту;
 Кітаптағы қиындығы жоғары есептерді шығармашылықпен шығару дағдысын дамыту;
 Оқушылардың өзіндік бақылау мен өзара бақылау, рефлексия біліктерін
 дамыту;
Курс бағдарламасын меңгерту кезіндегі нұсқаулық:
 Оқушыларда негізгі және пәндік құзыреттілігін дифференциалды деңгейлеу, ынтымақтастық технологиясы, жобалау технологиясы, АКТ пайдалану,тірек конспектісі,материалды ірі блоктармен пайдаланып дамыту.
 Оқушылардың дайындық деңгейін оқу материалына сәйкес бейімдеу.
 Оқылған материалдың практикалық бағытын бағдарлауды жүзеге асыру;
 Қазіргі уақыттағы әртүрлі ақпараттар көзін пайдаланып өзара қарым-қатынас әдістерімен қамтамасыз ету.
 
Оқушылардың білімдерін қалыптастыру және дамыту:
 Есептердің мағынасын ажырата білу.
 Негізгі бағыттарды іздеуге ,анықтауға үйрету.
 Жүйелі түрде есептердің дұрыс шешімдерін табуға бағыттау.
 Есеп шығаруда дәстүрлі жолдарын таба білу.
 Логикалық, аналогтық және жүйелі ойлауын дамыту
 Есеп шығаруда тиімді тәсілдерді таба білу.
 
 
 
 
Әдістемеліктің ерекшеліктері:
 Қосымша әдебиеттер мен тірек конспектілермен жұмыс;
 Оқушылардың зерттеу жұмыстары;
 Электронды оқулық пен әдістемеліктер көмегімен жұмыс;
 Оқушылардың теорияны меңгерудегі өздік жұмысы;
 Практикалық блок:
 Сыныптағы практикалық жұмыс (есептер және ең қиын бақылау сұрақтары);
 Өз бетімен шешу;
 Тест тапсырмаларын шешу;
 Орындалған тапсырмаларды өзіндік және өзара тексеру
 Соңғы жылдардағы тестер жинағынан қиындық тудыратын тест тапсырмаларын жинақтау;
ББД бақылау және бағалау.
 Сынақ тапсыру ,конспект бойынша ауызша сұрау;
 Кескін жұмыстары;
 Өзара жұптық және топтық тексеру;
 Өзара тексеру;
 Тестілеу;
Сабақта мақсатты меңгерту үшін төмендегі форма ұсынылады:
Лекция, практикалық семинарлар, модельдеу, өзара оқыту сабақтары, жоба қорғау сабақтары.
Берілген бағдарлама блок бойынша апробациядан 2011-2012, 2012-2013оқу жылдарында 10,11 сыныптар бойынша Өскемен қаласының № 7, 10, 17, 42, 4, 15, 26 мектептері мен гимназияларында өткен. Курстың нәтижелігі байқау тестерінің сапасы (65%),ал пән бойынша( 60%дейін) көруге болады.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар.
Оқушылардың курсты оқу барысында білуі тиіс:
-курстың негізгі жоспарындағы формулалар мен негізгі түсініктер;
-дәрежені төмендету формуласы, үш аргументті бұрыштың формуласы, универсалды ауыстыру;
- Безу теоремасы, Горнер схемасы;
- полярлық және тікбұрышты координата жүйесінде жазық фигуралардың беттері аудандарын есептеу формулалары;
- «күрделі экспонент» түсінігін беру;
- симметриялық, кері және біртекті теңдеулердің жалпы түрлері;
- параметрі бар теңдеулер тен теңсіздіктердің классификациясы;
- логарифмдік өрнектерді түрлендіруге қосымша формулалар.
Қолдана білу:
- функцияларды зерттеуге бірінші және екінші ретті туындылар;
- күрделі салуларға көмекші әдістер;
- функциялардың графиктері;
- күрделі экспонент немесе негізінде айнымалысы бар логарифмді теңдеулер тен теңсіздіктердің шешу әдістері; 
- аркфункция белгісінің ішінде айнымалысы бар трансценденттік өрнектерді эквивалентті түрлендіру тәселдері;
- графиктік интерпретация әдісін кірістіре параметр, модуль белгісі бар теңдеулер тен теңсіздіктердің шешу әдістері; 
- біртектес және қайтымды,симметриялы, жоғарғы дәрежелі теңдеулерді шешу әдістері; 
- логарифмдік өрнектерді түрлендіруге стандарт емес әдістер және қосымша формулалар;
-тригонометриялық және иррационалдық өрнектері бар теңдеулердің түбірлерін іріктеу тәсілдері әдісі;
- интеграл табуда айнымалыны ауыстыру әдісі; 
-логарифмдік және көрсеткіштік функциялардың монотондылық қасиеттері;
-логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер тен теңсіздіктердің шешудегі экстремалдық функциялар қасиеттері және интервалдар әдісіндегі стандарт емес ауыстырулар;
- полярлық және тікбұрышты координата жүйесінде жазық фигуралардың беттері аудандарын есептеуге анықталған интеграл , айналу денелерінің көлемін есептеу;
- геометриялық есептерді шешудің қосымша әдістері.
Пайдалана алу
Тапсырманы орындап білімді ары қарай жалғастыруда, өзіндік жұмыстар процесі мен практикалық іс-әрекетте білім мен білікті игеру 
• Практикалық есептер және формула бойынша түрлендіру, кіргізілген формулалар, дәрежесі бар, радикалдар, логарифмдер, тригонометриялық функциялар, туынды, алғашқы функция, керек болған кезде қосымша формулаларды қолдану, курстың негізгі жоспарындағы тәсілдер, әдістер, анықтамалық материалдар және қарапайым есептеу құрылғылары;
• графиктік, графиктерді интерпретациялап көрсетуде әртүрлі байланыстарды функциялардың көмегімен беру;
• физикалық және әлеуметтік-экономикалық мағынадағы қолдаңбалы есептерді шешу; қарапайым математикалық моделді салу мен зерттеу. Және фигурлар қасиеттері мен оқып білген формулалар негізінде қиын емес практикалық ситуацияларды зерттеу(моделдеу);
• кеңістік денелерінің беттері аудандары мен көлемдерін есептеуге арналған практикалық есептерді шешуде қажет болса анықтамалық материалдар және қарапайым есептеу құрылғыларын пайдалану.
Білу:
- есеп шешудің стратегиясын немесе жемісті әдісін таңдау, есеп шешуді орындағанда өзіндік тексеруді іске асыру және толық негіздеуді жүргізу;
- әртүрлі моделдер (мысалы, диаграммалар, кестелер, схемалар немесе графиктер) пайдаланып математикалық ақпарат және берілгенін ұсыну;
- есеп шешуге сәйкес модель (мысалы , теңдеу, диаграмма, график) ойластыру;
- болжам жасау, сараптау, тарату;
 - комбинация/нәтиже алуға әртүрлі әдістерді ұйғару;
 -таза математикалық немесе нақты өмірдегі ситуациялармен байланысты стандарт емес есептерді шешу;
 -қиын немесе таныс емес ситуацияларға математикалық әдістерді қолдану;
-Интернет және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану.
Құзіреттіліктерді меңгеру:
• оқу–танымдық,
• бағдарлы – мақсатты,
• рефлексивті,
• коммуникативті,
• ақпараттық,
• еңбек –әлеуметтік:
Бағдарламаның мазмұны 
Тақырып:«Өрнектерді түрлендіруге қосымша тригонометриялық формулаларды қолдану».
Мақсаты:Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруге теориялық материалды қолдана білу білігі және білу, білімді жүйелеу (дәрежені төмендету формуласы, үшбұрыштың формуласы, универсалды ауыстыру).
Тақырып: «Күрделі функциялар графиктерін салуға көмекші тәсілдер».
Мақсаты:Күрделі функциялардың графиктерін салуды неғұрлым тереңдетуді қамтиды және модуль таңбасы бар функциялардың графиктерін салуды жүйелеуді қарастыру.
Тақырып: «Геометриялық есептерді шешудің әдістері».
Мақсаты: білімді жүйелеу, геометриялық есептерді шешуге қосымша теориялық материалды қолдана білу білігі мен білуі, алған білімді практикада қолдану. Оқушылардың математикалық деңгейін көтеруді дамыту.
Тақырып:«Айнымалылары аркфункция таңбасының ішінде болатын трансценденттік өрнектерді эквивалентті түрлендіру».
Мақсаты: Кері тригонометриялық функциялар кездесетін өрнектерді түрлендіруде стандартты емес тәсілдерді қолдана білуді қалыптастыру.Тепе-теңдіктерді түрлендіруді оқуда мысалдарды қолданып шешу білімін жүйелеу.
Тақырып: «Тригонометриялық теңдеулер мен тіңсіздіктерді шешу әдістерін жүйелеу».
Мақсаты: Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу- көбейткіштерге жіктеуде стандартты емес тәсілдерді қолдана білу мен білігін қалыптастыру, жаңа айнымалы еңгізу, графикалық тәсіл, квадраттық теңдеу мен теңсіздікке келтіру.
Тақырып: «Жоғарғы дәрежелі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу».
Мақсаты: Жоғарғы дәрежелі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге стандартты емес тәсілдерді қолдана білуді қалыптастыру: көбейткіштерге жіктеуде , жаңа айнымалы еңгізу, графикалық тәсіл, , квадраттық теңдеу мен теңсіздікке келтіру, Безу теоремасын қолдануда анықталмаған коэффициенттер әдісі, Горнер схемасы.
Тақырып: «Айнымалылары модуль таңбасының ішінде болатын теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістері».
Мақсаты: Айнымалылары модуль таңбасының ішінде болатын теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде стандартты емес тәсілдерді қолдана білуді қалыптастыру, тақырып бойынша білімді тереңдету.
Тақырып: «Қолданбалы есептерді шешуге дифференциалды есептеуді ұсыну».
Мақсаты :Математика және физикадағы практикалық есептерде теориялық материалды қолдана білу білігі және білу, білімді жүйелеу.
Тақырып: «Логикалық есептерді шешу».
Мақсаты: Кеңістікті сезіне білуін дамыту есептерін, практикалық – бағдарлау есептерін, қабілетті комбинациялауды дамыту, ықтималдықты статистикалық анықтау, таңдау, шеңбер бойымен қозғалу есептерін, арифметикалық есептерді шешуде функциональдық сауаттылықты дамыту.
 
 
 
 
 
 
 
 
10 сынып қолданбалы курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
 

Сабақ№
 

Мазмұны

Сағат саны

Теория
 
 
 

практика

Өткізу формасы

Білім берудің
нәтижесі

Дидактика
лық қамту

1.Өрнектерді түрлендіруге қосымша тригонометриялық формулаларды қолдану (4 сағат)

1

Дәрежені төмендету формуласы

1

0,5

0,5

Қон
дыр
малы
дәріс, практикалық
жұмыс

 
Тірек конспектісі, есепті 





























Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет