Жай бөлшек екі натурал санның бөліндісі () ретінде қарастырылғаннан кейін жай бөлшектің қасиеті оқып-үйретіледі.
Мұғалім тақтаға дөңгелек сызып, дөңгелекті тең төрт бөлікке бөледі, оның бір үлесін жай бөлшекпен түріңде жазады. Осындай үлестің үшеуі жай бөлшекпен түрінде жазылады. Ол бөліктер бояп қойылады. Енді осы бөліктердің әрқайсысын тағы да тең екі бөлікке бөлсек, дөңгелектің үлесі үлесіне тең болады. Сонда бөлшегі мен бөлшектерінің сандық мәндері бірдей екені дөңгелектердің боялған бөліктерінен көрінеді. Осы процесс керісінше қарастырылып, -ның -ке тең екені көрсетіледі. Демек,
Бөлшектің алымын да, бөлімін де, бір натурал санға көбейткеннен немесе бөлгеннен бөлшектің мәні өзгермейтіндігі айтылады.
Бөлшек сандарды оқыту
Жай бөлшектің түрлері
Жай бөлшектің алымы мен бөліміндегі натурал сандардың бір-бірінен үлкен, кіші болуына байланысты жай бөлшектер дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек болатыны мысалдармен түсіндіріледі. Сонымен қатар бүтін сан мен дұрыс бөлшектен тұратын сандар ерекше аралас сан деп аталатыны айтылады.
Бұрыс бөлшекпен берілген санды аралас сан түрінде жазу және керісінше аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу ережелері тұжырымдалады. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу қалдықпен бөлу арқылы көрсетіледі. Оқушыларға түсінікті болу үшін бұрыс бөлшектің алымын бөлінгіш етіп, бөлімін бөлгіш етіп алса, толымсыз бөлінді – аралас санның бүтін бөлігі; ал қалдық алымы, бөлгіш бөлімі етіп жазылатындығы айтылады. Бұл жағдай бөлшектерге амалдар қолдануда (бөлшектерді азайтуда) натурал сандарды бұрыс бөлшек түрінде және аралас сан түрінде ашып жазуда қажет.
Бөлімдері бірдей екі бөлшекті салыстыруда олардың алымына тәуелді болатындығы көрнекі түрде көрсетіледі: бөлімдері бірдей бөлшектердің алымы тең болса, тең бөлшек, ал алымы үлкені – үлкен бөлшек.