Құрама шифрлар. Құрама шифр алгоритмінде блоктық және ағындық шифрлау тәсілдері бірге қолданылады. Практикада құрастырма шифр DES алгоритмінің әр түрлі режимдерінде пайдаланылады.
Идеал шифр талабы. Клод Шеннон егер:
Біркелкі таралу заңдылығымен шын мәнінде кездейсоқ екілік тізбек болып табылатын кілт қолданса;
Кілт ұзындығы бастапқы хабардың ұзындығына тең болса;
Кілт бір ғана рет қолданса шифр абсолют сенімді болады деп дәлелдеді.
Бұл үш талаптың бірден орындалуы әрине қиынға түседі. Дегенмен абсолют сенімді шифр бар және ол бір жолғы блокнот деп аталады. (onetime pad). Шифрді 1917 жылы Мэйджер Джозеф Мобори және Гильберт Вернам ойлап тапқан. Кілттің кездейсоқ символдарының тізбегі блокнот беттеріне жазылады. Хабар жіберуші шифрлау үшін кілтті осы блокноттаналып шифрлау процедурасын аяқтағаннан кейін қолданған бетті жояды. Хабар жіберушінің де тура сондай блокты болуы тиіс. Шифрмәтінді дешифрланғаннан кейін ол да қолданған бетті жояды.
ОТР тәсілінің қызықты қасиетіне тоқталайық. Келесі сөйлемді
WE HOLD THEZE TRUTHS TO BE SELF-EVIDENT
Вижинер кестесін қолданып шифрлайық. Кілт төмендегідей кездейсоқ символдардан тұрады:
Al lstu dents includ in gp ostg-raduate
Сонда мынадай шифрмәтіналамыз:
Wp sgex wlrlw bewebv bb ht gwel-vvlxegx
Енді басқа кілт тізбегін таңдап алайық:
Qr pglx jhnie pakqkx bj zo fuxh-vkdrrcu
Шифрмәтін былай дешифрланады:
MY DATA NEEDS MEMORY AS IF BYTE-ALIGNED
Демек, сіздің таңдап алған кілтіңіздің мағынасы бар мәтін беретіндігі, сіз нағыз кілт немесе нағыз мәтін тапты дегенге кепіл бола алмайды.
Теоретикалық тұрғыдан алгоритм сенімді, бірақ оны практикада қолдану қолайсыз. Кілттің ұзындығымен тең болуы керек. Бұл талаптардың қазіргі ақпараттық жүйелерде орындалуы қиын әрі қымбатқа түседі. Бұл тәсілді шын мәнінде өте құпия хабарлар үшін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |