Криптографиялық протоколдар. Мысалға сіздің алдыңызда электрондық құпия дауыс беру есебі тұрсын. Алдымен сіз сайлауға қатысатындар және ұйымдастырушылар үшін жалпы ереже ойлап табуыңыз керек. Төмендегідей ережені алса да болады:
Сайлауға тек дауыс беру құқығы бар адамдар қатысады.
Әр сайлаушы бір рет қана дауыс береді.
Сайлаушының қалай дауыс бергенін ешкім анықтай алмайды.
Сайлаушының бюллетенінің көшірмесін ешкім жасай алмайды.
Сайлаушының дауыс бергендегі нәтижесін ешкім өзгерте алмайды.
Әр сайлаушы берген даусының есептелгеніне көз жеткізе алады.
Енді сайлаудың орындалуының ережелерін анықтайық:
Сайлаушы бюллетенін Орталық Сайлау Комиссиясының (ОСК) ашық кілтімен шифрлайды.
Сайлаушы бюллетенін ОСК-ға жібереді.
ОСК бюллетендерді дешифрлап, сайлау нәтижесін жариялайды.
Алдыңғы үш қадам протокол болып табылады. Яғни протокол бірнеше жақпен орындалатын іс-әрекет тізбегі. Протокол орындаушылар ашық каналмен қатынасып отырған абоненттер. Жалпы жағдайда протокол орындаушылар бір біріне сенбейді деп ұйғарылады. Протоколда криптография қолданылса, онда ол криптографиялық протокол деп атайды.
Жоғарыдағы мысалға қайта оралсақ, оның әбден пайдасыз екенін аңғарған боларсыз. ОСК кімнің бюллетень жібергенін, ол дауыс беруге құқығы барма білмейді. Тағы да бір протокол келтірейік:
Сайлаушы бюллетеніне өзінің жабық кілтімен қол қояды.
Сайлаушы бюллетенін ОСК-ның ашық кілтімен шифрлайды.
Сайлаушы бюллетендерді ОСК-ға жібереді.
ОСК бюллетендерді дешифрлап, қол қою шынайылығын тексереді.
Нәтижені жариялайды.
Енді дауысты тек құқығы бар адамдар бере алады. Бюллетенге қойылған қол арқылы ОСК иесінің құқығын тексере алады. Сонымен қатар ол берілген дауыстарды бақылап, дауыс беру рәсімін қайталауға жол бермейді. Бұл протоколдың кемшілігі бар: ОСК кімнің қалай дауыс бергенін анықтай алады.
Кемшілікті жою үшін сайлауға екі комиссия қатыстыруға болады. Мысалы, Орталық тіркелу комиссиясы (ОТК) және ОСК.
Сайлаушы тіркеу номерін сұрап, ОТК-ға хат жібереді.
ОСК сайлаушыға кездейсоқ тіркеу номерін жіберіп, оны өзінің мәліметтер базасынеда сақтайды.
ОТК тіркеу номірлерін ОСК-ға жібереді.
Сайлаушы кездейсоқ идентификациялық нөмір таңдайды. Ол нөмір, тіркеу нөмірі және бюллетеннен тұратын хабарды ОСК-ға жібереді.
ОСК тіркеу нөмірін ОТК жіберген құжаттағы мәліметпен салыстырады. Егер тіркеу нөмірі тізбекте бар болса оны сызып тастайды. Содан кейін идентификациялық нөмірін сайлаушылар тізбегіне енгізіп, дауысын ескереді.
ОСК сайлау нәтижесін идентификациялық нөмірімен қоса жариялайды.
Протокол орындалу кезінде барлық хабарлар шифрланған және қол қойылған деп санаймыз. Барлық шараларға қарамастан ОТК сенімді ұйым болуы тиіс, өйткені ол дауыс беруге құқығы жоқ адамдарды тіркеу мүмкін. Бірақ егер ОТК тіркелген сайлаушылар тізімін жарияласа (тіркеу нөмірінсіз), онда тіркелген адамдардың саны саналған дауыс санынан кем болған жағдайда оны сенімсіз деп жариялауға болады.
Протоколдың кемшілігі ОТК және ОСК бірігіп алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |