1.2. Ерте жастағы балалардың психологиялық-әлеуметтік дамуын
бағалауда жұмыс істеу, тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулерінің
халықаралық Жіктемесін қолдану
ЖХЖ сипаттамасы. Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастықта
Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау ҧйымы 2001 жылдың мамырдың 22-нде
қабылдаған жҧмыс істеу, тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулерінің
халықаралық Жіктемесі (ЖХЖ) [1] кеңінен таралған. Ол әлеуметтік
жіктемеге жатады, медициналық жіктемеге қарағанда тек денсаулық
бҧзылыстарын ғана емес, олардың жеке тҧлғаның жҧмыс істеуі, оның
белсенділігі мен ӛмірдің әртҥрлі салаларына қатысуы, оның кҥшті жақтары,
қабілеттері мен оңалту әлеуетін ескере отырып бағалайды.
БҦҦ-ның ЖХЖ қабылдауы мҥмкіндігі шектеулі адамдарға кӛмек
кӛрсетудің медициналық моделін әлеуметтік ҥлгіге ауыстыруды белгіледі,
оның негізгі қағидаттарын келесі ережелерде баяндауға болады:
- тіршілік әрекетінің шектелуі белсенділіктің азаюына себеп болып
табылмайды;
- белсенділікті шектеу себебі – қоғамның ҧйымдасуы;
17
- қарым-қатынас, оқыту, қимыл-қозғалыс, байланыс, сәулет ӛнері,
экономикамен байланысты кедергілер денсаулық жағдайына байланысты
шектеулермен бірдей маңызды болып табылады.
ЖХЖ анықтамасына сәйкес ӛмір тіршілігінің шектелуі дегеніміз – адам
денсаулығының ӛзгерістері мен ӛмір сҥретін жағдайларды білдіретін сыртқы
факторлар арасындағы кҥрделі қарым-қатынастардың нәтижесі. ЖХЖ
адамның жҧмыс істеуін ӛзі немесе оның денсаулық жағдайы мен қоршаған
орта факторлары, сондай-ақ жеке факторлар арасындағы динамикалық ӛзара
әрекеті ретінде сипаттайды. ЖХЖ-да тҧлғалар жіктеме бірліктері болып
табылмайды, яғни ЖХЖ адамдарды жіктемейді, тек денсаулық домендері
(бӛлімдері) және денсаулыққа байланысты домендер жиынтығының
кӛмегімен ғана тҧлғаның жағдайын сипаттайды. Бҧл ретте сипаттама
әрдайым қоршаған және жеке факторлар контекстінде беріледі.
ХҚЖ мақсаты – денсаулық кӛрсеткіштерін сипаттау ҥшін әртҥрлі
елдердің пайдаланушыларын бірыңғай стандартты тілмен және шеңбермен
қамтамасыз ету. Жіктеме денсаулықтың қҧрамдас бӛліктері және
денсаулыққа байланысты кейбір қҧрамдастарды, мысалы, білім мен еңбек
сияқты анықтамаларды енгізеді [1]. ЖХЖ ӛзін қолдану ҥшін қоғамның тҥрлі
салаларын – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, экономика,
оңалту, сақтандыру, заңнаманы қамтиды және тҧлғаның жеке мәселелерін
ғана емес, сонымен қатар ол ҥшін ӛткізілетін оңалту шараларының
тиімділігін бағалау ҥшін пайдаланылады.
ЖХЖ 10-қайта қаралымдағы қазіргі таңда жҧмыс істеп отырған
Аурулардың Халықаралық Жіктемесін (АХЖ-10) жоққа шығармайды және
оған қайшы келмейді. Екі жіктеме де әртҥрлі бҧзылыстарды анықтайды,
бірақ АХЖ-10 аурулар мен бҧзылыстарды белгілеу ҥшін симптомдар
тҥріндегі бҧзылыстарды сипаттайды, ал ЖХЖ бҧзылыстарды денсаулықтың
ӛзгеруіне байланысты ағзаның қызметтері мен қҧрылымдарының мәселелері
ретінде қарастырады. ЖХЖ және АХЖ-10 бір-бірін толықтырады және
18
денсаулық ҧғымына қатысты қызмет кӛрсететін ДДҦ-ның біртҧтас
жіктелімдер тобын қҧрайды [1].
ЖХЖ-ны денсаулық пен мҥгедектікті сипаттау және мӛлшерін ӛлшеу
ҥшін стандарт ретінде әлемнің 191 елінің келісуімен ДДҦ ресми тҥрде
мақҧлдады. Қазақстан Республикасында ЖХЖ ресми тҥрде қолданылмайды,
алайда созылмалы неврологиялық ауруларға шалдыққан, оның ішінде
балалар церебралды сал ауруымен ауыратын мектеп жасындағы балалардың,
сондай-ақ нейрохирургиялық бейіндегі науқастардың функционалдық
мәртебесін бағалау ҥшін ЖХЖ қолданудың жергілікті тәжірибесі бар [44-46].
Балалар мен жасӛспірімдердің даму мәселелерін бағалау ҥшін оларды
кешенді оңалту және ӛмірін қалпына келтіру бағдарламаларын жасау
мақсатында туылғаннан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасӛспірімдер ҥшін
жҧмыс істеу, тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулерінің халықаралық
Жіктемесінің (БЖ-ЖХЖ – Іnternational Сlassification of Functioning, Disability
and Health. Сһіldren & Ҥоutһ Version – ІСҒ-СҤ) [47-48] нҧсқасы әзірленді.
Әлемнің барлық ӛңірлерінің кәсіпқойлары тӛрт тҥрлі жас топтарына: 0-
2 жас, 3-5 жас, 6-12 жас, 13-17 жас ҥшін БЖ-ЖХЖ кодтарының басымдығын
анықтады [49].
БЖ-ЖХЖ балалар мен жасӛспірімдердің кҥнделікті ӛмірі тҧрғысынан
олардың жҧмыс істеуі мен тіршілік әрекетінің шектелуі туралы тҥсінік
береді, бҧл олардың жай-кҥйінің нақты сипаттамасын беру, барынша кӛңіл
бӛліп, кӛмекті талап ететін облыстарды айқындауға, олардың денсаулығын
жақсарту ҥшін шаралар қолдануға мҥмкіндік береді. ЖХҚ – денсаулықтың
интерактивті моделі; онда «ағзаның қызметтері мен қҧрылымы»,
«белсенділік» және «қатысу» ретінде ЖХЖ-да белгіленген «қызмет ету»
және «тіршілік әрекетін шектеу» ҧғымдары жаңа тҧрғыдан берілген.
Жіктеу қҧрылымы. ЖХЖ-ның әрқайсысы екі қҧраушыдан тҧратын екі
бӛлімі бар:
1-бӛлім. Қызмет етуі және тіршілік әрекетін шектеу:
а) ағзаның қызметі мен қҧрылымы,
19
б) белсенділік және қатысу.
2-бӛлім. Контекст факторлары:
а) қоршаған орта факторлары,
б) тҧлғалық факторлар.
Бірінші және екінші бӛлімнің әрбір қҧраушысының 1-кестеде берілген
ӛз бӛлімдері болады. «Ағза қызметтері» бӛліміне ағза жҥйелерінің
физиологиялық қызметтері (психикалық қызметтерді қоса алғанда)
енгізілген, «ағза қҧрылымы» бӛлімі ағзаның әртҥрлі анатомиялық бӛліктерін
қамтиды, мысалы, дене мҥшелері, аяқ-қолдары және олардың олардың
қҧрамдас бӛліктері.
ЖХЖ бҧзылыстардың ӛз анықтамасын береді, оған елеулі ауытқулар,
аномалиялар, ақаулар немесе жойып алу сияқты қызметтер немесе
қҧрылымдарда пайда болатын мәселелер жатады.
ЖХЖ бҧзылыстарды ауытқулар немесе ауруларға қарағанда кеңірек
және кӛлемдірек қарастырады. Мысалға, аяқ-қолдың жоқ болуы – ауытқу
немесе ауру емес, бҧл ағза қҧрылымының бҧзылысы. Бҧзылыстар уақытша
немесе тҧрақты болуы мҥмкін және себептерге байланысты емес: мысалы,
есту немесе кӛру қабілетінің жоғалуы генетикалық аномалия немесе
жарақаттың салдарынан болуы мҥмкін. Бҧзылыстар денсаулықтың ӛзгеруінің
бір бӛлігі немесе кӛрінісі болуы мҥмкін, бірақ олар аурудың міндетті тҥрдегі
белгісі болып табылмайды және тҧлға ауру деп саналуы тиіс дегенді
білдірмейді.
Жіктеменің бірінші бӛлігінің басқа қҧрамдас бӛлігі ретінде
«белсенділік» және «қатысу» болып табылады. Белсенділік белгілі бір
міндетті немесе әрекетті білдіреді. Белсенділіктің шектелуі дегеніміз – бала
бастан кешуі мҥмкін белсенділікті жҥзеге асырудағы қиындықтар.
|