27
дамыту және барлық нақты жағдайларды ескере отырып, ӛмірдің маңызды
салаларына қатысудың жеке бағдарламасын әзірлеу.
ЖХЖ шеңберінде бағалаудың тҥпкілікті мақсатына қол жеткізу дәйекті
жҥзеге асырылатын міндеттерді шешу арқылы жҥргізіледі:
1) бала ағзасының қызметтері және/немесе қҧрылымы жағынан
ағзаның жҧмыс істеуінің бҧзылуын белгілеу және олардың
белсенділігі мен
қатысуына әсерін анықтау;
2) баланың тыныс-тіршілігінің қабілеттері, мҥмкіндіктері мен
шектеулері, белсенділігі және ӛмірдің тҥрлі салаларына қатысуын анықтау;
3) қоршаған ортаның қолайлы және қолайсыз факторларының баланың
ӛмірдің тҥрлі салаларына қатысуы мен белсенділігіне әсерін бағалау;
4)
баланың жеке ерекшеліктері, мҥмкіндіктері және нақты
жағдайларын ескере отырып, даму бағдарламасын жасау.
Баланың дамуын кешенді бағалау және оның негізінде жеке даму
бағдарламаларын әзірлеу мынадай принциптерге негізделген:
-
тұлғалық бағдарлау: балаға тек осында мәселелері мен бҧзылыстары
ғана емес, сонымен қатар жеке қажеттіліктері мен уәждері, сондай-ақ кҥшті
жақтары мен дамуы ҥшін жеке ресурстары бар белсенді тҧлға ретінде қарау.
Мамандар мен ата-аналардың міндеті – баланың қажеттіліктерін ескеру және
дамуы ҥшін қолайлы жағдайлар жасау;
-
отбасына бағдарланған көзқарас: біріншіден,
баланы жеке емес,
оның отбасын баланың және ата-аналарының ерекшеліктерінің жиынтығы
ретінде, олардың ӛзара әрекеті, ӛмір сҥру жағдайлары т.б. талдау және кеңес
беру, екіншіден, ӛмірдің тҥрлі салаларында баланың мәселелері, кҥшті
жақтары және әлеуетін жақсы тҥсіну ҥшін ата-аналардың пікірін ескеру;
ҥшіншіден, мамандардың баланың
отбасымен ынтымақтастығы, бала және
оның отбасына кӛмек кӛрсету бағдарламаларын әзірлеу ҥшін ата-аналармен
әріптестік қарым-қатынасты дамыту, бҧл ретте бағдарламалар отбасы
контекстін
біле отырып, сҧраныс және отбасының қажеттілігінің негізінде
қҧрылуы тиіс.
28
-
пәнаралық көзқарас кӛмек кӛрсетуде әртҥрлі бейіндегі мамандардың:
дәрігерлер, психологтар, педагогтардың баланың мәселелерін
бірлесіп
зерттеу мен талқылап, оған даму бағдарламасын дайындап, отбасына бірлесіп
кеңес беруге қатысуын кӛздейді.
- баланың ӛзіне және отбасына тән ӛмір салаларына қатысуы мен
белсенділігін бағалаудың басымдығын білдіретін мәселелерді бағалау
кезіндегі
әлеуметтік, коммуникативтік бағыты, сондай-ақ отбасындағы
баламен дамыту жҧмысының негізгі тәсілі. Ол ҥшін
балаға табиғи қызмет
тҥрлерін модельдеу қажет; бала ойын, қарым-қатынас және әлеуметтік ӛзара
әрекеттестікте қалыптасқан дағдыларды пайдалану қажеттілігін сезінетін
жағдайларды жасау қажет.
-
онтогенетикалық көзқарас балалардың даму заңдылықтары, жас
ерекшеліктеріне қарай жаңа қҧрылымдардың қалыптасуының сензитивті
мерзімдерін ескеруді кӛздейді.
Достарыңызбен бөлісу: