27, 5% сутегі асқын тотығы ерітіндісі
Жуғыш құрал
( «Айна », « Лотос»),
Су (см3)
17 мл
5 грамм
1 литр
Механикаландырылған
(ағынды әдісі,ершпен, ультрадыбысты қолдану) және қолмен жуу кезінде
Азопирам сынамасының нәтижесі Азопирам сынамасы
СЖҚ(СМС), таттану
Қызғылт-көкшіл
Қоңыр
Қан Хлорқұрамдылар
Реактивтің түсі 1 минут ішінде өзгерсе, сынама оң мәнді болып саналады. Кейін (1 мин өткен соң) пайда болған боялу саналмайды.
Егер реактив оң мәнді болса барлық бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы өңдеудің жуғыш ерітіндіге батырып салу кезеңінен бастап қайтадан өткізеді.
Егер жуғыш заттар қалдығын анықтауға жүргізілген сынама оң мәнді болса, онда . барлық бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы өңдеудің ағынды судың астында жуу кезеңінен бастап қайтадан өткізеді. Сынама теріс мәнді болса, реактивтің түсі өзгермейді.
Медициналық бұйымдарды залалсыздандыру Мақсаты: науқастың және қызметкердің ауруханаішілік инфекцияны жұқтырудың алдын алу, медициналық бұйымдардағы барлық микроағзалар мен олардың ұрықтарын жою.
Өнімдердің жасалған материалдарына байланысты залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Залалсыздандыратын бұйымдарды торға немесе қорапқа салып, стерилизаторға орналастырады.
2. Залалсыздандыруды бақылауды химиялық әдісіпен іске асырады.
Индикаторларды бу залалсыздандырғышының нүктелеріне конверт әдісімен орналастырады, ауа залалсыздандырғышы нүктелерінің 3-қабатына салады.
3.Залалсыздандырудың қандай түрінде де залалсыздандыруға сәйкес тәртіпті сақтау керек.
–автоклавтағы температура 132° С – 2 атм, 20 мин, аяушы тәртіп кезінде температура 120° С – 1,1 атм, 45 мин
-құрғақ-ыстық шкафта залалсыздандыру температура 180° С, 60 минут, температура 160°С - 150 минут
4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру аяқталғанда индикаторлардың эталонға сәйкестігін тексеріңіз.
5. Залалсызданған блокта залалсызданған бұйымдарды түсіреді.
6. Химиялық залалсыздандыру кезінде медициналық бұйымдарды залалсыздандырушы ерітінді бар сыйымдылыққа салып, қақпағын тығыз жауып қояды. Химиялық залалсыздандырудың уақыты аяқталғаннан кейін бұйымдарды залалсыздандырылған сумен жуады да қолданады немесе әрі қарай сақтау қажет болса асептикалық жағдайда орамаға салып қораптайды.
7. Залалсыздандырғыш жұмысын тіркейтін журналды толтырады.