Медицинға арналған бұйымдарды зарарсыздандыру Мақсаты: инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Жабдықтар: Зарарсыздандырушы ерітінді құйылған полимерлі 2 контейнер немесе тиісті түрде таңбаланған қақпағы бар екі сыйымдылық : №1сыйымдылық - қан немесе басқа да биологиялық сұйықтықтар жұққан құралдарды жуу үшін;
№2 сыйымдылық - қолданыстан кейінгі құралдарды зарарсыздандыру үшін;
мақталы-дәкелі тығындар немесе құралдарды жууға арналған қылшалар
Міндетті шарттары: медицинаға арналған бұйымдарды зарарсыздандыру және залалсыздандырудың әдістері, құралдары мен тәртібі және оларға арналған нұсқаулықты анықтайтын салалық стандарттың сақталуы;
манипуляция атқарылғаннан кейін бірден зарарсыздандыруды өткізу.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Арнайы киім-кешекті кию: халат, бетперде, қолғап.
№1сыйымдылықта: Қолданып бола салысымен құралдардың ішкі қуысын зарарсыздандырушы ерітіндімен толтыру;
Зарарсыздандырушы ерітіндіні құралдардың ішкі қуысынан үш қайтара өткізу;
№2сыйымдылықта: - құралдардың ішкі қуысын зарарсыздандырушы ерітіндімен толтыру;
- құралдарды ажырату зарарсыздандырушы ерітіндіге 60 мин толығымен батыру;
-сыйымдылқтың қақпағын жауып қою;
-ерітіндіге салған уақыты туралы құлақшаға белгі салу;
-зарарсыздандырылудың уақыты өткен соң құралдарды зарарсыздандырушы ерітіндіден шығару;
-құралдарды науаларға салу;
-құралдарды ағынды суда 0,5 сек жуу
-қолғаптарды шешіп, ҚКЖҚ-ға салу,қолды жуып,кептіру;
-медицинаға арналған бұйымдарды әрі қарай өңдеуден өткізуге ОЗБ-ге (орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімінде) жіберу
Медицинаға арналған бұйымдарды залалсыздандыру алдынан тазарту Залалсыздандыру алдындағы тазарту ОЗБ-де (орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімі) өткізіледі.
Мақсаты: Органикалық, белок, майлар мен дәрілер қалдықтарын кетіру және механикалық ластанулардан тазарту.
Жабдықтар: халат, бетперде, қолғап, 27,5% сутегі асқын тотығы мен жуғыш заттың қосылымынан тұратын 0,5% жуғыш ерітінді, 15 минуттық сағат (құмсағат, электрлік сағат) еріштер, мәрлі тығындар, науа, дистелденген су,тамызғыш, азопирам реактивінің жұмыс ерітіндісі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Халатты, бетпердені, қолғапты киеді.
2. жуғыш ерітіндіні 40°-50°С температураға дейін қыздырады.
3. Медицинаға арналған бұйымдарды бөлшектенген күйде ішкі қуысын жуушы ерітіндімен толтырып, 15 минутқа салып, қақпақты жабады.
4. Жуғыш ерітіндімен әрбір құралды ерішпен (марлі тығындымен) 30 секунд жуады (жуғыш ерітіндіні қуыстардан өткізеді).
5. Медициналық бұйымдарды науаға салады.
5. Ағын судың астында әрбір құралды 30 секунд жуады, аспаптардың әрқайсысынан су өткізеді. Науаға салады.
6. Медициналық бұйымдарды дистелденген сумен жуады, құрғақыстық шкафта 85°С температурада ылғал түгел кеткенше кептіреді.
7. Залалсыздандыру алдынан тазалаудың сапасын бақылауды азопирам сынамасымен өткізеді. Сынама өткізуге өңделген медициналық бұйымдардың 1% (3-5 данадан кем емес) алынады.
8. Азопирам реактивінің жұмыс ерітіндісін әзірлеу керек (даярланған реактивтің жұмыс ерітіндісін 2 сағат мерзім ішінде қолданады).
9. «Реактивке арналған» деген тамызғышпен азопирам жұмыс реактивін алып, медициналық бұйымдарға, ішкі қуыстарына, саңылауына жағады.
10. Медициналық бұйымды мақтаның немесе дәкенің үстінде ұстап, ағып жатқан реактивтің түсін қадағалайды.
11. Азопирам сынамасының нәтижесін бағалайды.
12. Медициналық бұйымдарды 30 сек дистелденген сумен жуады
13. Құрғақыстық шкафта 85°С температурада ылғал түгел кеткенше кептіреді.
14. Медициналық бұйымдарды залалсыздандыру үшін орау.