Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Қалі ауыр науқастың шашын күту іс-әрекет алгоритмі



бет28/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118
Қалі ауыр науқастың шашын күту іс-әрекет алгоритмі
Мақсаты: Педикулездің (биттеп кету) алдын алу
Көрсетім: Науқас шашының ластануы
Жабдықтау: леген, 38-40 0 С жылы су, сабын, сусабын, тарақ, орамал, клеенка
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Әйелдердің шашын күн сайын жиі тарақпен тараңыз.

  2. Қысқа шашты түп жағынан ұшына қарай, ал ұзын шашты керісінше тарау керек.

  3. Қалі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз. Легенді кереуеттің бас жағына қарай қойыңыз, леген астына клеенка жайыңыз.

  4. Науқастың басын артына шалқайтыңыз.

  5. Шашын сусабынмен жуыңыз.

  6. Құрғата сүртіп, шаштарын тараңыз.

  7. Басына орамал байлаңыз.

  8. Қолданған бұйымдарды зарарсыздандырыңыз.

  9. Қолыңызды жуыңыз.

Ескерту: қалі ауыр науқастың шашын жууды төсекте өткізу үшін арнайы бас жағына қойылатын құрылғы пайдалануға болады.
Халі ауыр жағдайдағы науқастардың аяқтарын төсекте жуу
Мақсаты:
Жабдықтау: леген, 38-40 0 С жылы су, сабын, аяқ сүртуге арналған орамал, клеенка. Ыссы және салқын су, медициналық термометр,қолғап. Қалі ауыр науқастың аяғы аптасына 1 рет жуылады. Судың температурасы 36-37 0 С.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Қолыңызды жуып,құрғатып,қолғап киіңіз.
2.Емшараны жасар алдында науқасқа оның барысын түсіндіріп,келісімін алыңыз.
3.Матрацтың аяқ жағын орай қайырып,клеенка төсеңіз.
4. Керуеттің үстіне жылы су құйылған ыдысты қойыңыз,аяқтарын сабындап жуып,жылы сумен шайыңыз.
5.Орамалмен құрғатып сүртіңіз.
6.Қажет болған жағдайда аяқ тырнақтарын қысқа қырқыңыз.
7.Қолғапты шешіп,қолыңызды жуыңыз.
Қол саусақтарының тырнақтарын қию
Мақсаты : қол саусақтары тырнақтарын қию.
Көрсетім : науқастың жеке бас тазалығын сақтау
Жабдықтау: жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резеңке қолғаптар, қол терісіне арналған крем, қайшы, егеуіш, лоток, сүлгі, дез.ерітіндісі бар ыдыс.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа емшараның барысын түсіндіріңіз;

  2. Науқастың алдына сабын араласқан жылы суы бар ыдыста қойыңыз.

  3. Сабынды суға науқастың саусақтарын 5 мин батырғызып қойыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеп, резеңке қолғаптарды киіңіз.

  5. Науқастың қолын сабындап жуыңыз.

  6. Судан саусақтарын шығарып, 5-ші саусақтың тырнағының өсіндісін теріден 1-2 мм қалдырып мұқият қиып алыңыз.

  7. Сөйтіп, кезекпен барлық саусақтарының тырнақтарын алып шығыңыз.

  8. Қолын орамалмен кептіріп сүртіп, тырнақтарын айналасын егеуішпен егеп күтім жүргізіңіз.

  9. Қол терісіне арналған кремді жағыңыз.

  10. Қолданылған бұйымдарды дез.ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, сүлгіні лас киімдерге арналған қапқа салыңыз.

  11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріп сүртіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет