Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Мақсаты: науқастардың жеке бас тазалығын сақтау Көрсетім



бет30/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118
Мақсаты: науқастардың жеке бас тазалығын сақтау
Көрсетім: төсек тәртібіндегі науқас. Қалі ауыр науқастардың әр несеп бөлінісі және дефекациясынан кейін, зәр ұстамайтын науқастарды тәулігіне бірнеше рет жуындырып отыру қажет.
Жабдықтау: қолғаптар, клеенка, **ширма, дәретсауыт, корнцанг, мақта тампондары, салфеткалар, құмыра немесе Эсмарх сапты аяғы, лоток, су термометрі, антисептикалық ерітінді (1:5000 фурациллин ер-сі, калий перманганат әлсіз ер-сі )
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды жуып, қолғап киіңіз.

  2. Науқасты ширмамен оқшаулаңыз.

  3. Науқасты шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп, шат аралықтарын ашыңыз.

  4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.

  5. Оң қолыңызға корнцангқа қыстырылған мақта тампондарын, ал сол қолыңызға температурасы 30-35 0 С су немесе антисептикалық ерітіндісі бар құмыра алыңыз. Құмыраның орнына ұштығы, қысқышы , резеңке түтігі бар Эсмарх саптыаяғын алуға болады.

  6. Ерітіндіні жыныс мүшелеріне құйып тұрып, салфетка немесе мақта тампондарымен жоғарыдан төмен қарай (жыныс мүшелеріне тік ішекке қарай), ластануына қарай тампондарды ауыстыра отырып жуыңыз.



Назар аударыңыз!
Науқасты жуындыру ізділігі:

  • Алдымен жыныс мүшелерін жуады (әйелдерді жыныс еріндерін, ерлерде жыныс мүшесін, дорбасын )

  • Содан кейін шат қыртыстарын;

  • Содан кейін шат аралықтары мен анустың айналасын.

  1. Құрғақ тампон немесе салфеткалармен осы кезеңдер бойынша құрғатып сүртіңіз.

  2. Дәрет ыдысын, клеенканы алып тастаңыз, науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып, көрпемен жабыңыз. Ширманы алып тастаңыз.

  3. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Назар аударыңыз! Егер науқастың ауруының ауырлығы жағдайына байланысты (қозғала алмайтын, көтеруге болмайтын) науқастың жыныс мүшелері мен шат аралығын жуындыру мүмкін болмаған жағдайда мынандай тәсілмен жуындыруға болады. Жылы суға немесе антисептикке малынған биялаймен (қолғаппен) науқастың жыныс мүшелерін сүртіп алыңыз.
Содан соң құрғатып сүртіңіз. Зәр немесе нәжісін ұстай алмайтын науқастардың шат аралықтарына жуындырғаннан кейін майлар (вазелин, күнбағыс майы, балаларға арналған крем) жағылуы тиіс. Теріні сепкіштермен де опалап қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет