Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет29/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118
Аяқтың тырнақтарын қию
Мақсаты : аяқ тырнақтарын қию.
Көрсетім : науқастың жеке бас тазалығын сақтау
Жабдықтау: жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резеңке қолғаптар, қол терісіне арналған крем, қайшы, егеуіш, лоток, сүлгі, дез.ерітіндісі бар ыдыс.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа емшараның барысын түсіндіріңіз;

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеп, резеңке қолғапты киіңіз.

  3. Науқасты кушеткаға отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

  4. Сабынды суға науқастың аяғын 5 мин батырғызып қойыңыз.

  5. Науқастың аяқтарын кезекпен судан шығарып, сүлгімен құрғатып сүртіп алып арнайы кескіш немесе қайшымен тырнақтарын қиыңыз.

  6. Тырнақтарын айналасын егеуішпен егеп күтім жүргізіңіз.

  7. Науқастың өкшесіне кремді жағыңыз.

  8. Қолданылған бұйымдарды дез.ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, сүлгіні лас киімдерге арналған қапқа салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріп сүртіңіз.



Беттің түктерін қыру
Мақсаты : Науқастың жеке бас тазалығын сақтау
Көрсетім: Төсек тәртібіндегі науқастарға
Жабдықтау: қырынуға арналған станок, қырынуға арналған крем немесе сабынды көпірік, салфетка, су құйылған лоток, сүлгі, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды жуып, қолғаптарды киіңіз.

  2. Салфетканы ыссы суға малып, сығып алыңыз.

  3. Салфетканы науқастың бетіне 5-7 минутқа қойыңыз.

  4. Науқастың бетіне сабынды көпірік немесе қырынуға арналған кремді жағыңыз.

  5. Теріні тартып тұру арқылы, бағытымен мұқият түктерді қырыңыз.

  6. Дымқыл салфеткамен науқастың бетін сүртіп алыңыз.

  7. Науқастың бетін сүлгімен кептіріп сүртіңіз.

  8. Қолғаптарды шешіп, қолыңызды жуып кептіріңіз.



Сыртқы жыныс мүшелері мен шат аралығының күтімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет