Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Білек артериясынан пульсті анықтау



бет37/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Білек артериясынан пульсті анықтау
Мақсаты: пульстің негізгі қасиеттерін анықтау,жүрек қан тамыр жүйесінің жағдайын бағалау.
Көрсетім: науқастың жағдайын бақылау.
Пульсті зерттеу орындары: білек артериясы, ұйқы,самай, шынтақ,тізе асты,жамбас,табан сырты артериялары.
Пульс параметрлері: ырғақ,жиілік,толуы,кернеулік,көлемі.
Дайындаңыз: сағат (секундомер), қағаз, қызыл түсті қалам,қызу парағы
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасқа емшараны барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз,пульсті анықтау орнын табыңыз.
2.Науқасқа ыңғайлы жағдайды жасаңыз, отырған не жатқан қалыпта, тыныштық жағдайда.
3.Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминация жасау.
4.Білезік буыны тұсынан оң қолыңыздың саусақтарымен ұстаңыз, бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз, 2-3-4 саусақтармен алақан жағынан білектің ішкі жағынан (ырғақты соғатын сәулелі) үлкен саусақтың бойындағы білезік артериясынан сипап, оны білек сүйегіне басыңыз.
5.Білек артериясы аумағынан пульс орынын анықтаңыз, білек сүйегін сәл қысып, қанның тамыр бойындағы қозғалысына байланысты эластикалық пульс толқынын сезініңіз.
6.Науқастың оң және сол қолындағы артерия қабырғаларының тербеліс жүйелілігін салыстырыңыз.Пульстің симметриялығын анықтаңыз.Симметриялық – бұл толуы бойынша пульстің соғуының екі қолдағы сәйкестігі.(егер пульс симметриялы болса,әрі қарай тек бір қол бойынша сипаттайды).
7.Пульс ырғағын анықтаңыз
8.Пульс жиілігін анықтаңыз
9.Пульс толуын бағалаңыз.
10.Пульс кернеулігін анықтаңыз.
11.Пульстің зерттеу мәліметтерін қызу парағына түсіріңіз – графикалық тәсілмен (қызыл түспен), ал қадағалау парағына – сандық тәсілмен.
12.Науқасқа зерттеу нәтижелерін хабарлаңыз.
13.Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
Ескерту:
-қалыпты жағдайда пульс ырғақты,екі қолда бірдей анықталады,ересек адамдарда қалыпты жағдайда оның жиілігі минутына 60-80рет болады.
-пульс ырғағын пульс толқындары арасындағы алшақтығы бойынша анықтайды.Егер артерия қабырғасындағы пульстік тербеліс бірдей уақыт аралығында туындаса,онда пульс ырғақты.Ырғақ бұзылған жағдайда пульстік толқынның дұрыс емес алмасуы-ырғақты емес пульс бағаланады.
-пульс жиілігін (егер пульс ырғақты болса) анықтау секундомермен 1 минут ішіндегі пульстік толқын уақытын бақылай отырып, санымен есептейді.
-РS қалыпты жағдайда минутына -60-80 рет
- минутына РS >80рет – жиі – тахикардия
- минутына PS<60рет – сирек – брадикардия.
- пульстің толуын артерияның қанмен толу деңгейі мен жүректің систолалық көлеміне байланысты бағалаңыз. Пульс: толық пульс,бос,жіп тәрізді болып бөлінеді.
-пульстің кернеулігін -білек артериясын білек сүйегіне басу арқылы пульстің соғуы жоғалғанша анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет