Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Сыртқы есту жолдарын тазарту



бет33/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Сыртқы есту жолдарын тазарту
Мақсаты: Сыртқы есту жолдарын күкірттен тазарту
Көрсетім: Төсек тәртібіндегі науқас
Жабдықтар: қолғап, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі, залалсыздандырылған тамызғыш мақта турундалары, 2 науа (лоток).
Жалпы тәртіптегі науқастар күнделікті жуыну кезінде құлақтарын өздері жуа алады. Ал, төсектен тұруға болмайтын аурулардың құлақтарын мейірбике тазалау керек.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды жуып, қолғаптарды киіңіз.

  2. Егер қарсы көрсеткіштері болмаса, науқастың басын иығына қарай бұрыңыз, ал жатқан науқас болса, басын қырынан жатқызыңыз.

  3. Құлақ қалқанын артқа және жоғары бағыттап, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызыңыз.

  4. Мақта турундасын айналдыра отырып құлаққа кіргізіп шығарыңыз.

  5. Турунданы ауыстыра отырып, бірнеше рет қайталаңыз.

  6. Келесі құлақты да осылай тазалаңыз.

  7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Құлақты тазалау кезінде қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені құлақ барабанына зақым келуі мүмкін. Турунданы 1 см тереңге енгізуге болмайды!


Ауыз қуысының күтімі
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, стоматит, ауыз қуысының басқа да қабыну аруларының алдын алу.
Көрсетім: қалі ауыр, әлсіреген, қызулап, төсек тәртібіндегі науқастарға.
Жабдықтар: залалсыздандырылған 2 лоток, 2 пинцет, ауыз кеңейткіш, марліден жасалған салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәріздес баллон, немесе Жане шприці, мензурка, вазелин, антисептикалық ерітіндісі бар флакон, сүлгі, суы бар стакан, лас материалдарға арналған лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ҚКЖҚ
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Ауыз қуысын, тіс жиегін, тілін мұқият тексеріп алыңыз.

  3. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйып алыңыз.

  4. Науқасқа Фаулер жағдайын орнатыңыз.

  5. Басын жанына қаратып, мойыны мен кеудесін сүлгімен жабыңыз, иегінің астына лоток қойыңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап киіңіз.

  7. Егер тіс протездері болса алып тастаңыз, тістерін қосуын сұраңыз.

  8. Шпательмен сол жақ ұртынан кеңітіп тұрып, антисептикалық ерітіндігі малынған салфеткамен әр тісті, тіс жиегін азу тістерінен күрек тістеріне қарай сыртқы жағынан сүртіңіз.

  9. Осы қалыппен оң жағынан қайталаңыз.

  10. Қайталап осы әдістер арқылы тістердің ішкі жағынан сүртіңіз.

  11. Залалсыздандырылған салфеткамен тілді орап, сол қолыңызбен тіл ұстағышпен ақырындап тілді ауыздан шығарыңыз. Шпательге салфетканы орап тілдің түбінен ұшына дейін салфетканы 2-3 рет ауыстыра отырып жұғындарын сүртіп алыңыз, .

  12. Марліден жасалған салфеткаларды антисептикалық ерітіндіге сулап алып тілдің түбінен ұшына дейін сүртіңіз.

  13. Пинцет, шпатель және тіл ұстағышты қолданылған бұйымдарға арналған лотокқа салыңыз.

  14. Науқасқа ауыз қуысын шаюға көмектесіңіз , шая алмаса Жане шприці немесе алмұрт тәріздес баллонның көмекгімен өзіңіз шайыңыз. Ауызын шпательмен керіп тұрып белгілі бір қысымда сұйықтықты жіберіп, екі ұртын кезектестіріп жуыңыз..

  15. Ауыз айналасының терісін құрғақ салфеткамен сүртіп, залалсыздандырылған салфеткаға шпательмен вазелин майын жағып еріндеріне жағыңызы.

  16. Пайдаланылған бұйымдарды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа, салфеткалар, тампондар және қолғапты ҚКЖҚ салыңыз.

  17. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет