Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет34/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Ескерту:
- қалі ауыр науқастарға тыныс алу жолдарына сұйықтық кетіп шашалып қалмауы үшін ауыздарын шайқау қоланылмайды;
- қалі ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатын тәулігіне 2 рет антисептикалық ерітіндімен сүртіп алу қажет;
- еріні құрғап жарылғанжағдайда ауыз кеңейткіш қолданылмайды.


V. НАУҚАСТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ
Дене температурасын қолтықтан өлшеу (Термометрия)
Мақсаты: ересек науқастың дене температурасын анықтау
Көрсетім: ағзаның функционалдық жағдайын бақылау, АІИ алдын алу.
Қарсы көрсетім: қызару,ісіну,қолтық астындағы қабыну процесстері
Жабдықтар: медициналық термометр,жеке салфеткалар, зарарсыздандырушы ерітінді құйылған ыдыс, температуралық парақ, қалам, сағат, температуралық журнал.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1.Науқаспен жақсы қарым қатынас орнату, процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алу.
2. Қолды жуып, құрғату.
3. Термометрді қорабынан алып, сынапты бағанын 35°С – қа дейін сілкіп (егер сынап бағанасы жоғары болса).
4. Қолтық астын қарау (тері жарақаты, қызарғандық болмауы керек)
5. Қолтық астының терісін салфеткамен құрғатып сүрту.
Назар аударыңыз! Қолтықтағы тер, дымқылдық термометрдің көрсеткішісін өзгертеді және сынапты суытып жібереді.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Термометрді қолтық астына резервуардағы сынап жағымен салады және ол барлық жағынан терімен жанасатындай етіп орналастырыңыз.
2. Науқас қолын кеуде торына қарай қысып, термометрді ұстауын сұраңыз (егер сырқат жағдайына байланысты бұны өзі істей алса).
3. Қызу өлшеу уақытын белгілеңіз.
4. Дене қызуын 10 минут өлшеңіз.
5. Нәтижесін бағалаңыз.
6. Науқасқа нәтижесін айтыңыз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Мәліметтерді сандық тәсілмен – қызу тіркейтін журналға (бақылау парағы), графикалық тәсілмен – температуралық параққа жазыңыз.

  2. Термометрді толық батырып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет