Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет46/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118
Жылыту компресін қолдану
Мақсаты: ұзақ уақыт бойы қан тамырларының кеңеюіне шақырады,осы процес теріге және төмен жатқан ұлпаларға қан толуын жоғарлатып,қабынуға қарсы,ауруды жеңілдетіп қойдыру әсерін тигізеді.
Көрсетім: науқастың жергілікті жерін жылыту үшін,қабыну инфильтраты,буындар,тері қабыну процесстері,ұрып алған жерлер мен шандырлардың тартылуы(жарақат алғаннан кейін бір тәуліктен соң)
Қарсы көрсетім: қан кеткенде, терінің іріңді қабынуында, тері жамылғыларының зақымдануы, қатерлі жаңа ісіктер,жарақаттан кейінгі бірінші тәулік.
Жабдықтау: мәрлі салфеткалары, 8 қабатқа салу, мәрлі салфеткаларын салатын ертінді (бөлме температурасына байланысты су: 20-250 , 40 0 спирт немесе 6% сірке су ертіндісі (жарты литр суға 1 ас қасық сірке суы), клеенка немесе компресс қағазы, мақта, бинт, қайшы.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1.Жеке қарым-қатынас орнатыңыз .
2.Емшара өткізудің қажеттілігін науқасқа түсіндіріңіз.
3.Науқастың компресс қоятын орындарының тері бүтіндігіне (терінің іріңді қабынуы жане жылытушы компрессті орнатуға қарсы әсердің жоқтығына көз жеткізу т.б)
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1 .Компресс қоятын дене орынының көлемі бойынша 6-8 қабатты дәкелі салфетка даярлау( дымқыл қабат).
2.Дәкелі салфетканің көлемінен 1,5-2 см үлкен клеенка немесе компресстік қағазды қиып алу керек.
3.1,5-2 см үлкендеу етіп мақта қабатын салу керек. Компрессті нықтап қою үшін бинт даярлау керек,дәкелі салфеткіні жартылай спиртті ертіндіге малып жайлап сығып алыңыз.
Есте сақтаңыз! 1) Марлі салфетка жарақаттанған жерден 2 см артық болады
2.Компресстік қағаздың көлемі алдыңғы қабаттан 1,5-2 см артық болуы керек.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1 5-30 минуттан киін науқастан жағдайын сұрау (ыстықты сезінуін, науқастың қозғалуына компресстің кедергі келтіріп жатпағандығын)
2.Уақыт қадағалау (компрессті 6-12сағат аралығында ұстау,ал спиртке малынған компрессті 4-6 сағат).
3.Компресстің дұрыс салынғанын тексеріп, саусақты таңғыш астына салыңыз.
Есте сақтаңыз!Егер салфетка дымқыл және жылы болса компресс дұрыс салынған.
4.Компресті шешіп оның тигізген әсерін анықтау керек(салфетка жылы,дымқыл болуы керек)
5.Компресті шешкен соң теріге құрғақ,жылы таңғыш салу (бинт немесе сүлгі,мақта қолдану)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет