Гипертониялық клизма Мақсаты:Ішекті нәжістен, газдан босату.
Көрсетім: 1.Тазарту клизмасының нәтижесі болмаған кезде.
2. Көлемді ісіктер.
Қарсы көрсетім: 1.Асқазан және ішектен қан кету.
2.Тоқ ішектің төменгі бөліктерінің жіті қабыну процестері.
3. Іш аймағының белгісіз ауырсынулары.
Енгізетін сұйықтықтың көлемі мен температурасы: -100 мл 10% NaCl ерітіндісі немесе температурасы 37-38 0 С 20% магний ерітіндісі.
Жабдықтау: -Алмұрт тәрізді баллон, жел шығарғыш түтікше,вазелин, клеенка,алжапқыш.
Тік ішекке енгізу тереңдігі:20-30см
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Алмұрт тәрізді баллонға 50-100 мл көлемінде 37-380С тепмературасындағы гипертониялық ерітіндіні алыңыз.
2. Жел шығарғыш түтікшені вазелинмен майлаңыз.
3.Науқасты сол жақ қырынан, аяғын кіндігіне қарай бүгіп жатқызыңыз.
4.Құйрығын ашып, жел шығарғыш түтікшені тік ішекке енгізіңіз.
5.Баллоннан ауаны шығарыңыз.
6. Баллонды түтікшеге жалғап, баяу гипертониялық ерітіндіні жіберіңіз.
7. Баллонды қыспай,түтікшені алып зарарсыздандырушы ерітіндіге салыңыз.
Ескерту:Науқасты арқасымен жатқызып, ішекте ертіндіні 20-30 минут ұстауын сұрау қажет.
Тамшы клизмасы Мақсаты:Науқастың ағзасына қоректік ерітінділерді енгізу.
Көрсетім:Қоректік заттарды басқа жолмен қабылдай алмаған кезде.
Қарсы көрсетім: 1.Асқазан және ішектен қан кету.
2.Ішектің жіті қабынуы процестері.
3.Іш аймағындағы белгісіз ауырсынулар.
4.Ісіктер кезінде.
Енгізілетін сұйықтық көлемі мен температурасы: 38-39 0 С температураға дейін қыздырылған, 2 литрге дейін физиологиялық ерітінді, амин қышқылы ерітіндісі, 5% глюкоза.
Жабдықтау: - әйнек тамызғышпен Эсмарх кружкасы (немесе көк тамырға тамшылатып құюға арналған жүйе), вазелин, леген, жылытқыш, клеенка.