Назар аударыңыз! Дәрігердің тағайындауы бойынша жылытқышты ұзақ уақыт қою керек болса, 10-15 минуттық үзіліс жасап, суын ауыстырып беру қажет.
2.Жылытқышты суығанша ұстаңыз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
Жылытқышты алып, қақпағын ашып, суын төгіңіз.
0,015% деохлор ерітіндісімен арасына 15 минут салып, 2 мәрте жылытқышты сүртіп зарарсыздандырыңыз.
Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы орынға сақтаңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Мұзды мұйықты қолдану Мақсаты: қан кеткенде және қызбаның асқынуларының алдын алу үшін.
Көрсетім: қан кету, жарақттанудың алғашқы тәулігінде, қызбаның ІІ кезеңі.
Жабдықтау: бүтіндігі тексерілген мұзды мұйық, мұз кесектері, 14-16 0 С су, сүлгі, 0,015% деохлор зарарсыздандырушы ерітіндісі бар ыдыс, 2 ветошь
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Мұйықты мұздатқышта дайындалған мұз кесектерімен толтырып, үстіне салқын су құйыңыз.
Мұйықты көлденең орналастырыңыз. Ауасын шығарып, қақпағын жабыңыз.
Мұзды мұйықты сүлгімен мұқият, емшара барысында сүлгі сытылып түсіп қалмайтындай етіп ораңыз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқастың керекті жеріне мұзды мұйықты 15-20 минутқа қойыңыз.
Назар аударыңыз!Бас аумағына мұзды мұйықты қоюға болмайды, оны 5-7 см қашықтықта 20 минутқа іліп қоюға рұқсат етіледі. Қажет болса 15 минут үзіліс жасап қайталауға болады.
Мұйықты алып, тері жамылғыларын қарап шығыңыз. Қажет болса 30 минут үзіліс жасап қайталауға болады.
Есте сақтаңыз!Жалпы қолдану уақыты үзілістерді қосқанда 2 сағаттан артық болмауы тиіс. Мұздың еруіне қарай суын төгіп, үстіне мұз шақпақтарын салып отыруға болады.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:,
Мұзды мұйықты алып, суын төгіп, қалған мұз шақпақтарын алып тастаңыз.
Науқасқа тыныштық жағдай орнатып, ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
Мұйықты 2 мәрте 15 минут үзіліс салып дез.ерітіндіге малынған ветошьпен зарарсыздандырыңыз.
Ескерту: науқастың тері жамылғыларының бүтіндігінің бұзылыстары кезінде мейірбике процедура барысында қолғаптарды киіп, аяқталған соң шешіп, 0,06 % деохлор немесе т.б. ерітіндіге салыуы немесе ҚКЖҚ тастауы қажет.