Мақсаты: ішкі ағзаларды қанмен қамтамасыз ету
Қышаның әсер ету механизмі: науқастың терісіне ене отырып, қышаның эфир майы теріні тітіркендіріп, қан тамырларын кеңейтеді, iшкi органдардың қан тамырларының рефлекторлық кеңейтуiне алып келедi.
Көрсетім: өкпе, бронх жүйесінің аурулары, жүйке жүйесінін аурулары (неврит,невралгия) , бұлшық ет аурулары, жоғарағы АҚ( кризис ), жүрек аймағының аурулары (стенокардия), остеохондроз, гипертония қатты ауруы.
Қарсы көрсетім:қан кету, тері аурулары, әр түрлі этиологиялы ісіктер, эфир майына аллергиялық реакция, тері жамылғыларының бұзылыстары, гипертермия (38 0 С- жоғары болғанда).
Жабдықтау: - қыша қағазы;
Міндетті шарт: Қолданар алдында қышаның сапасын, қолданылу мерзімін тексеру қажет.
Қолдануға болатын қышалардың өзіне тән иісі болады және үгітілмейді.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
науқастың қыша қойылатын жерлерінің тері жамылғыларын тексеріп, қыша қоюға қарсы көрсеткіштердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
Қышаның сапасын тексеріңіз.
Қышаны малатын судың температурасын тексеріңіз. (40-45 0 С аспауы тиіс)
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1 .Қыша қағаздарының әр біреуін 5 секундтай суға малыңыз.
2. Суға малынған қыша қағазын сілкіп алып, қышасы бар жағын белгіленген теріге төмен қаратып салып,бетінен орамалмен жабуыңыз керек.
Есте сақтаңыз!Қыша қағазының қойылатын жері:
- Өкпе,бронх жүйесінің ауруларында:жаурын үсті,жауырын асты,жауырын арасы,кеуде торының бүйір жақтарының жоғарғы бетіне;
- Жүйке бағаналарының ауруында бел тұсына,жүйке бағаналары аймағы,АҚ жоғарлауы кезінде
( криз);
- Жүрек аймағының ауруы (стенокардия): көбіне жүрек аймағына.
3. Науқастың үстін көрпемен жабыңыз.
4.Қыша қағаздарын 10-15минут ұстаңыз .
Есте сақтаңыз!Жүрек аймақтарында қыша қағазды 5 минуттан артық ұстамаңыз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1 .Қыша қағаздарын алып,қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз.
2.Теріні жылы суға малынған салфеткамен,сонан соң құрғақ орамалмен сүртіңіз .
3.Науқастың киінуіне көмектесіп,ыңғайлы қалыпқа жатқызыңыз.
4.Науқасты жылы жауып, 30-60минутқа демалуын ұсыныңыз.