Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет43/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Назар аударыңыз! Шайнаған тағамын жұтып жіберуіне жол бермеңіз.

  1. Оймышқа салынған тағамнан кейін сұйық сусын құйыңыз. Тағам түтік арқылы тезірек өтеді.

  2. Тамақтандыру аяқталғаннан кейін оймықты жылы шәймен, қайнатылған сумен немесе итмұрын тұнбасымен шайып жіберіңіз. Тағамның қалдықтары түтікте қалмауы тиіс.

ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Оймышты алып, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  2. Резеңке түтіктің ұшын қысқышпен қысып,залалсыздандырылған салфеткамен орап қойыңыз.

  3. Гастростомадан түтік шығып кетпеуі үшін, науқастың мойнына ілінген бинттен жасалған ілмекке қысқышты бекітіп қойыңыз.

  4. Қолғапты шешіп ҚКЖҚ салыңыз.

  5. Егер науқас тағамдарды шайнап ұсақтаған болса, ауыз қуысын шаюы үшін стақан су мен лоток беріңіз.



VII. ҚАРАПАЙЫМ ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ
ГИРУДОТЕРАПИЯ ОКСИГЕНОТЕРАПИЯ
Жылытқышты қолдану
Мақсаты: жылыту емшараларын өткізу.
Көрсетім: қабыну процесстерін тарату, денені жылыту, ауырғандықты басу.
Қарсы көрсетм: іш пердесіндегі ауырғандық және жіті қабыну процесстері, ісіктер, қан кету, жарақаттың алғашқы сағаттарында, тері жамылғыларын бүтіндігінің бұзылыстарында.
Жабдықтар: - резеңке жылытқыш, сыйымдылығы 1,5 - 2 л;

  • Температурасы 60-70 0 С су;

  • сүлгі;

  • 0,015% деохлор зарарсыздандырушы ерітіндісі бар ыдыс;

  • ветошь (жылытқышты дезинфекциялау үшін 2 салфетка);

  • термометр, судың температурасын өлшеу үшін.

ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысымен түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.

  3. Жылытқышқа ыстық суды (60 0 С) құйыңыз.

  4. Жылытқыштан ауасын шығарып, вентилін бекітіңіз.

Есте сақтаңыз! Жылытқыштың ауасын шығару денемен түгел жанасып тұруы үшін қажет.

  1. Жылытқышты төмен қаратып, тексеріңіз. (суы тамшылап тұрмаса дұрыс бекітілгені), жылытқышты құрғатып сүртіңіз.

  2. Сүлгімен орап науқасқа беріңіз.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:


1 . Жылытқышты науқастың қажетті жеріне 20 минутқа қойыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет