Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет41/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Назар аударыңыз! Ұмытпаңыз: 1) науқастан тамақтану ізділігін анықтауды (қалай ішкісі келетіндігін сұрау) ;
2) ыстық сусындардың температурасын тексеру; (қолыңыздың сыртқы бетіне тамшылатып қарау арқылы)
Есте сақтаңыз! Ыстық тағамдардың температурасы - 58-62°С, салқын тағамдар - 15°С төмен емес.
3) сусындарды түткіше арқылы ішкізген жөн;
4) ауызында қатты тағам болмаған кезде сұйықтарды ішкізген жөн.


Тамақ үлестіргіш (асхана) үшін порциондық парақ құрастыру

Бөлімшенің атауы________________________________




ПОРЦИОНДЫҚ ПАРАҚ

_________________________


(күні, айы, жылы)
№1 палата

1

А.Т.Ә.

Диета №1

2

А.Т.Ә.

Диета №7

3

А.Т.Ә.

Диета №9

4

А.Т.Ә.

Диета №15

№2 палата



1

А.Т.Ә.

Диета №5

2

А.Т.Ә.

Диета №10

3

А.Т.Ә.

Диета №15

4

А.Т.Ә.

Диета №1а

Палаталық мейірбике:________________________________ (қолы)


«__»__________ 2010 ж

Палаталық мейірбике күнделікті ауруханада емделіп жатқан науқастар тізімі бойынша порциондық парақ толтырады,онда палатаның нөмірі, науқастың аты-жөні,дәрігер тағайындаған диеталық үстел нөмірі көрсетіледі.


Тамақ блогына порционник құрастыру

ЕПМ атауы________________________________




ПОРЦИОНДЫҚ ТАЛАПНАМА

Терапиялық бөлімшенің науқастарын


тамақтандыру үшін ____________________________
(күні, айы, жылы)
Науқастар саны туралы мәлімет ___________





Палатаның нөмірі

Науқастар саны

Диета бойынша саны
















































































































Аға мейірбике:________________________________ ___________ (қолы)


Бөлім меңгерушісі: ______________________________ __________ (қолы)
«__»__________ 2010 ж
Тамақ блогына порционникті бөлімшенің аға мейірбикесі құрастырады.


Науқастарды мұрын зонды арқылы тамақтандыру
Мақсаты: зонд енгізу арқылы науқастарды тамақтандыру
Көрсетім: тілдің, жұтқыншақтың, тамақтың, кеңірдектің жарақаттануы, ісіктерінде, жұтыну және сөйлеу қабілетінің бұзылысында, ессіз жағдайда, психикалық ауруларды тамақтанудан бас тартқан кезде, асқазанның ашық жарасында
Қарсы көрсетім: асқазан жара ауруының асқынуында
Жабдықтар: (залалсыздандырылған): диаметрі 3-5 мм зонд, сыйымдылығы 200 мл оймыш немесе Жане шприці, вазелин, салфеткалар, 1:2000 фурацилин ерітіндісі, қысқыш, фонендоскоп, 3-4 стақан жылы тамақ.
Назар аударыңыз! Зондқа белгілер жасап аламыз: жұтқыншаққа дейін 30-35 см, асқазанға – 40-45 см.
Егер науқас ессіз жағдайда болса: науқастың қалпы: жатқан күйінде басын бір қырынан. Жасанды тамақтандыру үшін зондты 2-3 аптаға дейін қалдырамыз. Шырыты қабықтардың ойылуының алдын- алу шараларын жүзеге асырып отырамыз.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату немесе оның туыстарымен.

  2. Емшара барысымен таныстырып, оның (олардың) келісімін алыңыз.

  3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  4. Зондты енгізу ұзындығын белгілеп алу (асқазанға 45 см.).

  5. Лотокқа фурациллин ерітіндісін құйып, зондты белгіге дейін батырыңыз, немесе вазелин майын жағыңыз.

  6. Науқастың басына жастықшасын қойып, кеудесіне салфетка жауып, шалқасынан жатқызыңыз. Бұл қалып, зондтың асқазанға енуін жеңілдетеді.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолғапты киіңіз.

  2. 15-18 см тереңдікке жіңішке мұрын зондын енгізіңіз, содан кейін, науқасқа жартылай отыру қалпын беріңіз, содан кейін зондты әрі-қарай жұтынуын сұраңыз.

  3. Жане шприціне 30-40 мл ауа сорып алып, зондқа жалғаңыз.

  4. Ауаны фонендоскоп арқылы бақылай отырып, зонд арқылы асқазанға енгізіңіз. (ауаның асқазанға түскендігін дәлелдейтін дыбыстар есту).

  5. Шприцті алып, зондтың сыртқы ұшын лотокқа салып, зондты қысқышпен қыстырыңыз. Себебі асқазандағы заттар ағып, шықпауы керек.

  6. Зондты науқасқа кедергі жасамайтындай етіп бекітіңіз.

  7. Зондтан қысқышты алып, оған оймықты немесе Жане шприцін қосыңыз. Зондты асқазан тұсынан төмен түсіріңіз. Бұл кезде асқазандағы ауа шығады.

  8. Оймышты еңкейтіп, оған жылытылған (38-40 0 С су моншасында) тағамды құйыңыз, оймықтағы тағам түбінде қалғанша зондты көтеріп, осылай тағам біткеше қайталаыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет