бет 63/118 Дата 18.05.2023 өлшемі 0,51 Mb. #94363
Байланысты:
sestrinskoe delo ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Егу жасағанда науқас ішімен немесе қырынан жатуы керек , түрегеп тұруға болмайды!
Мақсаты: дәрілік заттарды бұлшық еттің ортаңғы қабатына енгізу.
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы.
Жабдықтау:
Сыйымдылығы 5-10 мл шприц, 2 ине (0860) ұзындығы 60-80 мм, кесіндісі 0,8-1,0;
Бөз матадан жасалған 4 қабатты салфеткамен жабылған , мақта домалақтары, пинцет салынған залалсыздандырылған лоток,
70% спирт;
Дәрілік заттары бар ампула , флакондар;
Залалсыздандырылған қолғаптар ;
Дез.ерітінді бар сыйымдылықтар
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Барлық қажетті жабдықтарды дайындаңыз.
Науқаспен жақсы қарым қатынас орнатыңыз.
Науқасқа емшараның мақсаты мен өту барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Бетперде киіп, қолыңызды жұмысқа даярлап , қолғапты киіңіз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Шприцтің қорабын ашыңыз, құрастырыңыз. Ампуланың мойынын спиртке батырылған мақта тампонымен екі мәрте өңдеп , ампуланы ашыңыз.
Қажетті мөлшерде дәріні сорып алыңыз (дәрігердің тағайындауы бойынша мөлшерді алыңыз).
Назар аударыңыз! Майлы ерітінділерді Т- 37 0 С дейін су моншасында жылытыңыз.
Инені алып, ҚКЖҚ-на тастаңыз.
Бұлшық етке инъекция жасауға арналған инені кигізіп, ауасын шығарып , өтімділігін тексеріңіз.
Науқасты ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
Егу жасайтын орынды пальпация жасау арқылы қараңыз. Қатаюларды, ауырғандықты анықтау үшін.
Бөксенің жоғарғы сыртқы квадрантын екі рет мақта тампонымен өңдеңіз (алдымен 10х10 см аумақты , кейін 5х5 см аумақты, егу жасайтын орынды)
Сол қолыңыздың саусақтарымен егу жасайтын жердің терісін керіп ұстаңыз.
Тік бұрышпен инені 5-6 см тереңдікке енгізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: