Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет85/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

ЕСКЕРТУ:

  • Биохимиялық тексеруге көк тамырдан қан алу таңертең ашқарынға 10 мл алынады;

  • АҚТҚ және RW қан алу тәуліктің кез келген уақытында 5 мл алынады;

  • Қан алуға арналған пробиркалар құрғақ күйде, (әйтпесе эритроциттердік гемолизі болады), химиялық таза, резеңке тығыны бар болуы керек;

  • Қанды шприцсіз, тек инемен алуға болмайды (қан шашырап кетуі мүмкін);

  • Жолдамаға пробирканың нөмірін, тексеру мақсатын, науқастың тегі, аты-жөнін, жасын, диагнозын және бөлімшесін көрсетіңіз.



Вакуум жүйесі көмегімен қан алу емшарасы
BD Вакутайнер
Мақсаты: Лабораториялық зерттеуге көктамырдан қан алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы.
Жабдықтау: залалсыздандырылған екі жақты ине, бір реттік ұстағыш, BD вакутайнер көктамырдан қан алуға залалсыздандырылған вакуум пробиркасы , лоток, 70% спирт, мақта домалақтары, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, қолғаптар, бетперде,ҚКЖҚ , штатив.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Науқасқа емшараның мақсаты мен жүру барысын түсіндіріңіз, келісімін алып, таңғы аспен тамақтанбағандығын біліңіз.
2 .Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмерлеңіз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпта болуына көмектесіңіз.
4. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминациялап, тері антисептиктерімен өңдеңіз. Алжапқыш, бетперде, көзілдірік және қолғапты киіңіз.
5. Клеенкалы жастықшаны науқастың шынтағының астына қойыңыз.
6. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе науқастың киімінің үстінен орнатыңыз.
7. Резеңке бұраудың бос ұштары жоғары қарап, ал ілмегі төмен қарап тұратындай етіп байлаңыз.
8. Күре тамырынан тамыр соғысын анықтаңыз (тамыр соғысы сақталған болуы керек).
9. Тамырды нықтап қарап, қанға толған тамырды анықтап алыңыз.
10. Науқастан жұдырығын ашып-жұмып жұмыс жасауын, қанға толған кезде жұдырығын жұмып отыруын сұраңыз.
11. Шынтақ иіні аумағын өңдеңіз, инъекция орынын спиртке батырылған екі мақта шаригімен өңдеп, ҚКЖҚ салыңыз.
12. Шприцті оң қолыңызға алыңыз: екінші саусақ иненің конюлясында, ал үшінші және төртінші саусақтарыңыз цилиндрдің үстінен, бірінші саусағыңызды астынан орналастырыңыз.
13. Көк тамырдың тесетін орнын сол қолыңыздың бірінші саусағымен нықтап алыңыз.
14. Иненің қалпағын шешіп тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы жұмулы күйде).
15. Поршеньді тартып, иненің тамырға түскендігіне көз жеткізіңіз
16. Сол қолыңызбен ұстағышты алып, оң қолыңызбен ұстағышқа пробирканы қойыңыз. Оң қолдың нұсқағыш және ортаңғы саусағымен ұстағыштың бастауын ұстап тұрып,үлкен саусақпен пробирканы инеге кигізіңіз.Резеңке бұрауды босатыңыз.
17. Пробирка қажетті мөлшерге толғаннан соң,оны ұстағыштан босатңыз.
18. Мұқият толған пробирканың ішіндегісін араластырып, қажет санға дейін аударыңыз. Қажет болған жағдайда келесі пробирканы ұстағышқа салыңыз.
19.Керекті барлық пробиркалар толған соң резеңке бұрауды шешіп, науқас шынтағын босатуы қажет. Инені ұстағышымен бірге көктамырдан алып тастаңыз.
20.Иньекция орнына 3 - 5 минутқа спиртке малынған мақта домалақтарын қойып, науқастан аздап қолын шынтақ буынына дейін қосуын сұраңыз.
21. Инені ұстағышымен бірге ҚКЖҚ салыңыз.
22. Науқасқа орнынан тұруға немесе қолайлы жайға орналастыруға көмектесіңіз.
23. Көктамырды тескен жерден қанның көрінбейтіндігіне көз жеткізіп, науқастан мақта домалағын алып, оны ҚКЖҚ салыңыз.
24. Қолғапты шешіп,ҚКЖҚ салыңыз.
25. Қолыңызды жуып, кептіріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет