Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілеу
Науқасқа нұсқау: "Сізді емдейтін дәрігер, тәулік бойы бөлетін қақырықтың мөлшері туралы деректі білу қажет. Мына түкіргішке бүгін таңғы сағат 8.00 – ден ертеңгі күні сағат 8.00 –ге дейін қақырықты жинаңыз.Таңертең түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшері жазып алынады ".
ЕСКЕРТУ: Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеңіз:
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Тәуліктік қақырық мөлшері:
Күні: Мөлшері(мл)
17.03.09. 100.0
18.03.09. 25.0
19.03.09. 25.0
Атипиялық жасушаларға қақырық алу Мақсаты: зерттеуге қақырық алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Таза,құрғақ шыны ыдыс,жолдама.
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама Клиникалық (жасушалық) зертханаға
Атипиялық жасушаларға қақырық
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні м/б қолы
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Ауру тарихынан (дәрігердің тағайындау парағы) тағайындауға таңдау жүргізіп , зертханалық және аспаптық әдіс зерттеулерінің негіздерін журналға тіркеу.
2. Зертханалық ыдыс дайындау.
3. Жолдама жазып,оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.
4.Кешке науқасқа түсіндіріп, дайын ыдысты беру.
5. Таңғы сағат 8.30 – да қақырық жиналған ыдысты зерттеуге клиникалық зертханаға жеткізу керек.
6. Алынған мәліметтерді келесі күні ауру тарихына жабыстыру
Науқасқа нұсқау: «Таңертең, ашқарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет ыдысқа қақырықты түкіріңіз де, ыдысты тез арада мейірбикеге беріңіз».