Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Тәуліктік мөлшерге қақырық алу



бет87/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Тәуліктік мөлшерге қақырық алу
Мақсаты: Тәуліктік мөлшерге қақырық алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: таза,құрғақ мөлшерленген қалта түкіргіші
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа қалта түкіргішін беру,түсіндіру

  2. Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілеу

Науқасқа нұсқау:
"Сізді емдейтін дәрігер, тәулік бойы бөлетін қақырықтың мөлшері туралы деректі білу қажет. Мына түкіргішке бүгін таңғы сағат 8.00 – ден ертеңгі күні сағат 8.00 –ге дейін қақырықты жинаңыз.Таңертең түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшері жазып алынады ".
ЕСКЕРТУ: Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеңіз:
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Тәуліктік қақырық мөлшері:
Күні: Мөлшері(мл)
17.03.09. 100.0
18.03.09. 25.0
19.03.09. 25.0
Атипиялық жасушаларға қақырық алу
Мақсаты: зерттеуге қақырық алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Таза,құрғақ шыны ыдыс,жолдама.
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама
Клиникалық (жасушалық) зертханаға

Атипиялық жасушаларға қақырық


А.Ж.Т. Асанов А.А.


Күні м/б қолы



ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Ауру тарихынан (дәрігердің тағайындау парағы) тағайындауға таңдау жүргізіп , зертханалық және аспаптық әдіс зерттеулерінің негіздерін журналға тіркеу.
2. Зертханалық ыдыс дайындау.
3. Жолдама жазып,оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.
4.Кешке науқасқа түсіндіріп, дайын ыдысты беру.
5. Таңғы сағат 8.30 – да қақырық жиналған ыдысты зерттеуге клиникалық зертханаға жеткізу керек.
6. Алынған мәліметтерді келесі күні ауру тарихына жабыстыру
Науқасқа нұсқау: «Таңертең, ашқарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет ыдысқа қақырықты түкіріңіз де, ыдысты тез арада мейірбикеге беріңіз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет