Қалиева А. Н. Дәріс №12 Крестгүлділер тұқымдасы құрамындағы дәрілік өсімдіктер түрлері


Медицинада қолданылатын мүшелері, оларды жинау және кептіру



бет3/4
Дата18.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#84008
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 12 Раст

Медицинада қолданылатын мүшелері, оларды жинау және кептіру.


Медицинада жерүсті бөлімі (шөбі) пайдаланылады. Халық медицинасында тамырсабағы және тамырлары қолданылады. Өсімдік шөбін бүрлену кезінде және гүлдеу басталғанда жинайды. Өсімдік сабақтарын жапырақтарымен және гүлшоғырларымен бірге кесіп алады. Жиналған шикізатты қалқа астында немесе шатырда кептіреді.
Таралуы. Сасық маралоты ареалы Қырғызстанды, Қазақстанды, Батыс және Шығыс Сібірді, Кавказды қамтиды. Қазақстанда сасық маралоты тастақты жерлер мен бұталардың арасында және таудың субальпі белдеуінде өседі. Мысалы Ертіс, Семей, Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Іле, Күнғей, Қырғыз Алатауларында кездеседі.
Химиялық құрамы. Сасық маралоты шөбінде кумариндер, сапониндер 6.5%, флавоноидтар 1% (рутин, глюкорамнин және т.б) алколоидтар 0.7% (фетидин және т.б) магнофлорин, тальфин, тальфидин, берберин, изоболдин, глауцин, таликмидин, корунин, органикалық қышқылдар және 1-2% илік заттар болатындығы анықталған. Тамырларында 1% алкалоидтар болады. Сасық маралоты улы өсімдіктер қатарына жатады.

Медицинада колданылуы.


Өсімдіктің ішті айдайтын, зәр айдайтын, температура түсіретін, тыныштандыратын, қабынуға қарсы микробтан сақтайтын, қан тоқтататын, жараны жазатын қасиеттері бар.
Ғылыми медицинада сасық маралоты тұнбасы 70% спирттегі, гипертониялық ауруға дәрі ретінде қолданылады. Препарат қан тамырларын кеңейтеді, артериальдік қысымды төмендетеді. Стенокардияны емдеуде де қолданылады.
Тибет медицинасында «оверон» деген атпен сасық маралоты домбықпаны (ісік) шеменді (водянка) гинекологиялық ауруларды, бауыр ауруларын және гипертонияны емдеуге қолданылдады. Тамырының және шөбінің тұндырмасы саркоманы және басқада қатерлі жаңа өскіндерді емдеуге пайдаланылады.

4. Торжеміс тегеурінгүл (Живокость сетчатоплодная) - Delphinium dictyocarpum DC.

  • Ботаникалық сипаттамасы. Биіктігі 60-100 см жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жалаңаш немесе тек төменгі бөлігінде жапырақтар сағақтармен бірге ұзын немесе қысқа түктермен жамылған, жоғарғы бөлігі гүлшоғырларына дейін жалаңаш. Жапырақтары күңгірт жасыл, кезектесіп орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 6-13 см, жалаңаш немесе сирек түкті. Саусақ тәрізді 5-7 терең ромбы тәрізді бөліктерге бөлінген. Гүлдері - дұрыс емес, көк-күлгін түсті, қарапайым күлте тәрізді гүлсерігімен. Гүлдің тостағаншасы 5 күлте тәрізді сыртқы жағы жалаңаш жапырақшалардан тұрады. Көп аталықтан екеуі стаминодяға айналған. Аналықтар 3-5. Тостағанша жапырақшалары күңгірт-көк. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қазан айларында пісіп жетіледі. Тұқымдары тегіс, үшқырлы деуге болады. Торжеміс тегеурінгүл негізінен тұқымдары арқылы және кейде тамырсабақтарын болу арқылы көбейтуге болады. Хромосомдар саны 16.

Delphinium dictyocarpum DC.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет