Қалиева А. Н. Дәріс №12 Крестгүлділер тұқымдасы құрамындағы дәрілік өсімдіктер түрлері



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#84008
түріҚұрамы
1   2   3   4
ҚОС ҮЙЛІ ҚАЛАҚАЙ
  • Дәрі жасау үшін оның жапырақтарын гүлдеген кезінде жинап алады.
  • Құрамында С, К, В дәрумендері, пантотен қышқылы, уртицин глюкозиді, хлорофилл, құмырсқа қышқылы, фитостерин, каротин, кальций және тағы басқа заттар бар.
  • Ғылыми медицинада қосүйлі қалақай өкпеден, жатырдан, ішектен, геморрой түйіндерінен, асқазаннан қан кеткенде дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің құрамындағы хлорофилл денедегі зат алмасуын, жүрек пен өкпенің қызметін жақсартады. Қосүйлі қалақайды көптен жазылмай жүрген жараларды емдеуге, ағзадағы дәруменнің жетіспеуін және қанның құрамын қалпына келтіру үшін пайдаланады.

Халық медицинасында қосүйлі қалақайдың жапырақтарымен ревматизмді, іштің қатуын, подаграны, бүйрек пен қуық ауруларын, өкпе туберкулезін, геморройды, дизентерияны емдейді. Тамыранан жасалған сулы тұнбаны бронх демікпесін, асқазан ауруларын емдеуге қолданады. Сонымен қатар дене сыртындағы жарақаттарды, іріңді жараларды, сүйектің қабынуын емдеуге де болады. Оны шемен ауруын емдеуге, дене қызуын басуға және жөтелге қарсы да пайдаланады. 

3. Сасық маралоты (Василистник вонючий) – Thalictrum foetidum L.

  • Ботаникалық сипаттамасы. Биіктігі 20-60 (75)см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Иісі жағымсыз, майда безді түктері бар. Сабақтарының төменгі бөлігінде күлгін жапырақтары қысқа сағақтарда кейде отырыңқы. Үш немесе төрт қауырсынды, майда дөңгелек жапырақшаларымен, тамырсабағы қысқа, горизонтальді көптеген жіңішке қосалқы тамырларымен ерекшеленеді. Ұсақ гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүл сағағының ұзындығы 0,5-4см, күлтесінің саны 4-5, жұмыртқа пішіндес, күлгін түсті. Аталықтары көп, аналықтарынан 2-3 есе ұзын. Тозаңқаптары сары, таспа тәрізді, үшкір. Аталықтары 8-12, жатыры отырыңқы. Жемістері жұмыртқа тәрізді немесе сопақ жұмыртқа тәрізді, қысыңқы, ұзындығы 2-3.5мм, ені 4-4.5мм. Маусым-шілде айларында гүлдейді, шілде-тамызда жемістенеді. Хромосомдар саны 14. Сасық маралоты тұқымымен және вегетативтік жолмен көбейе алады.

Thalictrum foetidum L.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет