Қалиева А. Н. Дәріс №12 Крестгүлділер тұқымдасы құрамындағы дәрілік өсімдіктер түрлері


Медицинада қолданылатын мүшелері, оларды жинау және кептіру



бет4/4
Дата18.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#84008
түріҚұрамы
1   2   3   4

Медицинада қолданылатын мүшелері, оларды жинау және кептіру.


Медицинада қолдану үшін сабақтарының жоғарғы бөліктері жапырақтарымен және гүлшоғырларымен жиналады. Шикізатты бүрлену және гүлдену бастағанда жинайды. Сабақтарын төменгі жасыл жапырақтар деңгейінде орақпен орып, сосын жұқа етіп жаяды. Ашық ауада немесе температурасы 45-50°С болатын кептіргіштерде кептіреді.
Таралуы. Торжеміс тегеурінгүл бұрынғы КСРО эндемі, Батыс Сібірдің оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан тауларында кеңінен таралған. Шикізат ретінде шөбі жиналады. Жалпы таралу аймағы бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігі, Батыс Сібір. Қазақстанда, Тобыл, Ишим, Ертіс, Батыс және Шығыс ұсақ шоқырлары, Қарқаралы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауында кездеседі.
Химиялық құрамы. Торжеміс тегеурінгүл өсімдігі құрамында оннан астам алкалоидтар болады. Алкалоидтардың жалпы мөлшері өсімдік тамырында 1% шамасында, ал жер үсті мүшелерінде одан азырақ болады. Негізгі алкалоид метилликаконитин, өсімдіктің құрғақ шөбіндегі мөлшері 0,3%-дан кем болмауы керек. Өсімдік құрамында басқа да алкалоидтар кондельфин, эльделин, диктиокарпин болатындығы анықталған.

Медицинада колданылуы.


Торжеміс тегеурінгүл өсімдігінен алынатын «Мелликтин» препараты бұлшықет тонусы артып кеткенде және қозғалу қызметі бұзылғанда, Паркинсон ауруында бұлшықет тонусын бәсеңдету үшін арахноэнцефалитте және т.б. хирургияда бұлшықетті босаңсыту үшін қолданады.
Ескерту: Өсімдік улы, сондықтан оны жинағанда кептіргенде, қолданғанда үлкен сақтық керек. Дәрігердің көмегінсіз қолдануға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет