Мақсат бойынша саралауды сабақтың басында ескердім.
Қарым-қатынас формалары бойынша саралауды топтық жұмыс кезінде қолдандым. Мәтінмен жұмыс кезінде топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
Таңдау бойынша саралауды оқушылар өзі үшін қызықты және өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы таңдап алуға мүмкіндігі бар.
|
Сыныппен жұмыс жасаған кезде «Еркін микрофон»әдісі арқылы мұғалім бағалайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма кезінде топтық жұмыста «3,2,1 әдісі» ( 3 – маңызды ақпарат, 2 – қызықты ақпарат, 1- ұсыныс) арқылы кері байланыс қолдандым.
Топтық жұмыс кезінде «Үш «Ж» және бір «Ә» әдісі . оқушылар өздері 3 жақсы мен 1 рекет айтады топ ішінде бағалайды.
Жеке жұмыс кезінде «Екі жұлдыз бір тілек» Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.
|
Интербелсенді тақтаны қолданған кезде техника қауіпсіздігін сақтадым. Оқушыларға сабақта техника қауіпсіздігін естеріне түсірдім.
Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру мақсатында сабақта оқушыларға жеті атаның өмірдегі маңыздылығын түсіндірдім.
Сабақта пәнаралық байланыс тарих сабағымен болды. Жеті ата шежіресі туралы түсінік
|