ҚАРЛҦҚТАР
Қарлҧқтар – тҥркі тілдес тайпалар. Бҧл
тайпа
туралы алғашқы деректер б.з.-дың V ғасырынан
белгілі. Қарлҧқ қағандығы (766 – 940 жж.) VIII
ғасырда Жетісу жеріне ойысып, 940 жылға дейін
өмір сҥрген. Қарлҧқтар қазақ жерін – Жоңғар
Алатауынан осы кҥнгі Оңтҥстік
Қазақстан
облысына дейінгі аралықты жайлаған. Қарлҧқ
жерінің ҥлкен болғаны сонша, оны батысынан
шығысына қарай кесіп өту ҥшін сауда керуені 30
кҥндей уақыт жҥреді екен. Мҧны араб саяхатшысы
ибн Хаукал жазып кеткен.
Қарлҧқ билеушілері ежелгі
Тараз бен Суяб қалаларын өздеріне астана еткен. Қарлҧқ
көсеміне «жабғу» лауазымы берілген. Олардың негізгі
кəсібі көшпелі мал шаруашылығы болған. Жылқы, қой,
ешкі, сиыр, тҥйе малдарын ҧстаған. Халықтың кейбір
бөлігі
егіншілікпен айналысып, арпа, тары, бҧршақ,
атбас бҧршақ өсірген. Өзге халықтарға қарағанда, бақша
өсіруді жетік меңгерген. Сонымен қатар сауда-саттық
жасап, қолөнер кəсібіне де көңіл бөлген.
ҚЫПШАҚТАР
Қыпшақтар – тҥркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері
белгілі. Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып,
олардың тайпалық одағына, кейіннен мемлекетінің қҧрамына
кіреді. XI ғасырдың басында қыпшақтар Қимақ қағандығының
орнын басып, өз мемлекетін – Қыпшақ хандығын (ХІ – ХІІІ ғғ.
Өмір сҥрген) қҧрады. Қыпшақтар оғыздарды ығыстырып,
Сырдарияның бойын басып алады. Шығыста – Ертістен бастап,
батыста –
Еділге дейінгі, оңтҥстікте – Сырдарияның орта
ағысына дейінгі кең аймақты иеленеді.
XI ғасырдың ортасынан
бастап, қыпшақ тайпаларының көптеген ірі топтары Еділдің батыс
жағасынан ары жылжып, оңтҥстік орыс
даласын Қара теңізге дейін
жаулап ала бастайды. XIII ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия
жəне Шығыс Еуропадағы тҥркі тілдес халықтардың ішіндегі саны
жағынан ең көбі, ал жер көлемі жағынан ең ҥлкені болған. Қыпшақ
мемлекетін хандар билеген. Хандар Елбөрі атты іргелі əулеттен
шыққан. Қыпшақ хандығы ежелгі тҥркілердің дəстҥрімен əскери-
əкімшілік жағынан оң жəне сол қанаттарға бөлінген. Сондықтан
мемлекеттің екі орталығы болған. Оң қанаттың
ордасы Орал өзенінің
бойындағы Сарайшық қаласы, ал сол қанаттың ордасы Оңтҥстік
Қазақстандағы Сығанақ қаласы деп белгіленген. Қыпшақтар жылқы, ірі
қара, тҥйе ҧстап, қой баққан. Байлықтың негізгі өлшемі ретінде жылқы
асыраған. Көп теген қып шақтардың мыңдаған жыл қылары болған.
Отырықшы халық арпа, сҧлы егіп, бидай өсірген. Қыпшақ халқының
қалыптасуының соңғы кезеңі моңғол шапқыншылығының салдарынан
тежелді
.
ОҒЫЗДАР
Оғыздар – тҥркі тілдес тайпалар. Тарихта V ғасырдан бастап
белгілі. Олар ертеректе Жетісу өңірін мекендеген. Алайда қарлҧқтармен
соғыста жеңіліп, Жетісу өңірін тастап шығуға мəжбҥр болады. Сөйтіп,
олар Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі
сағасына қарай қоныс
аударады. ІХ ғасырдың екінші жартысында оғыз көсемдері қарлҧқтар мен
қимақтардың бір бөлігімен одақтасып, Сырдария аймағын мекендейтін
печенег, баджагар, т.б. тайпаларға соққы береді. Оларды ығыстыра
отырып,
Сырдария бойына, Арал маңайына қоныстанады. Осылайша
олар Оғыз мемлекетін (ІХ – ХІ ғғ. өмір сҥрген) қҧрып, Сырдарияның
төменгі сағасындағы Жаңакент (Янгикент) қаласын астана етеді.
Жаңакент Орта Азияға, Шығыс Еуропаға жəне Қиыр Шығысқа апаратын
керуен жолының бойында орналасқан. Шығыс Еуропаға жəне Қиыр
Шығысқа апаратын керуен жолының бойында орналасқан. Оғыздар
одағы əрқайсысы 12 тайпадан тҧратын екі бірлестікті қҧраған. Олардың
қҧрамында печенег, ас, алан, т.б. далалық тайпалардың бөліктері болған.
Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымын иеленген. Жабғудың
мҧрагерін «инал» деп атаған. Мемлекетте бас қолбасшы ҥлкен рөл
атқарған, оларды басқа да тҥркі тілдес тайпалардағы сияқты «сюбашы»
деген. Оғыз мемлекетінің халықтары мал шаруашылығымен айналысқан.
Терісі əдемі қойлар (қаракөл) мен қос өркешті тҥйелер өсірген.
Кейін
келе малынан айырылған көшпенділер отырықшылыққа өткен. Олар
«жатақтар» деген атпен белгілі. Жатақтар, негізінен, жер өңдеумен жəне
қолөнер кəсібімен айналысқан. Оғыздардың жерінде Жент, Сауран,
Сығанақ, Фараб жəне басқа да қалалар болған. Оғыздар Киев Русімен
одақтаса отырып, Солтҥстік Кавказдағы хазарларды талқандаған. Еділ
(Волга) бойындағы бҧлғарларға кҥйрете соққы берген.
Достарыңызбен бөлісу: