ҚАҢлылар сақтар ҥйсіндер



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата21.01.2023
өлшемі1,09 Mb.
#62183
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ даласында өмір сүрген ертедегі тайпалар мен мемлекеттер

 
 
САҚТАР 
Сақтар (б.з.б. 1 мыңжылдық – б.з. І ғ.) – қазақ жерінде өмір сҥрген 
ежелгі тайпа. Олар Солтҥстік Ҥндістан, Ауғанстан, Орта Азия мен 
Қазақстан, Шығыс Тҥркістан жерлерін мекен еткен. Сақтар, негізінен
мал өсірумен айналысқан. Əсіресе, жылқы малын көптеп өсірген, өйткені 
жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат қҧлағында ойнайтын шабандоз, 
əрі ат ҥстінде садақ тартып, атқанын мҥлт жібермейтін мерген болған. 
Мҧндай өнерде оларға ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң 
қаларлықтай жҥйрік болған. Бірде парсылар патшасы сақтардың бір 
сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас ретінде оған өзінің 
байлығын ҧсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді. Уақыт 
өте келе сақтар отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін 
шаруашылығымен шҧғылданған. Бекіністі қалалар мен шағын елді 
мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде олар өз мемлекеттерін қҧрған. 
Сақтар қоғамында əскери адамдар – жауынгерлер ерекше қҧрметке ие 
болған. Батырлығымен, мергендігімен көзге тҥскен адамдардың арасынан 
патша, көсем сайланған. Оларда əйелдер мен қыздар да ержҥрек болған. 
Соғыс өнерін жетік біліп, еркектермен бірдей соғысқан. 
Мысалы, Томирис 
патшайым ақылы мен айласы, батырлығы арқасында парсы əскерін жеңгенін 
тарихтан білеміз. Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар əр 
алуан жануарларды: бҧғыны, жылқыны, тҥйені, бҧланды, барысты, тауешкіні өте 
шебер бейнелеген. Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен 
сəндеген. Шошақ төбелі бас киім, шекпен, шалбар жəне етік киген. Олар темірді 
қорытып, еңбек жəне соғыс қҧралдарын жасаған. Табиғат кҥштері мен аспан 
шырақтарына, əсіресе, Кҥн мен отқа табынған. Көшпелі қоғамдағы тҧңғыш жазу 
сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты болғанының бір айғағы – Есік 
қорымдағы «алтын адаммен» бірге көмілген кҥміс тостағанның тҥбіне тҥсірілген 
таңбалар. Ол – Қазақстаннан табылған ең ескі жазу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет