ҤГЕДЕЙ ҦЛЫСЫ. ШАҒАТАЙ ҦЛЫСЫ
Шыңғыс хан Орталық Азияны бағындырғаннан кейін жаулап алған жерлерін
төрт
ҧлының (Жошы, Шағатай, Ҥгедей, Төле) ҥлесіне бөліп бергені белгілі. Бҥгінгі
Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол
жақ жағалауына дейінгі жерлер Ҥгедей ҧлысы болып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның
Шыңжаң аймағындағы Еміл қаласы болған. 1227 жылы кезінде жаһанды қаһарымен əрі
кҥшімен тітіренткен Шыңғыс хан дҥниеден өтеді. Жошыдан кейінгі мҧрагері Шағатай
болғанымен, оның барынша қатыгез жан екенін білетін Шыңғыс хан өлер алдында мінезінің
жҧмсақтығымен, парасат-пайымымен, төзім-байыбымен ерекшеленетін сабырлы баласы
Ҥгедейді бҥкіл империяның ханы етіп тағайындауды тапсырады. 1229 жылы Ҧлы қҧрылтайда
Ҥгедей əкесінің өсиеті бойынша Ҧлы хан болып
жарияланады. Кейін ол өз ҧлысының билігін баласы
Кҥйікке табыс етеді. Кҥйік өлген соң Ҥгедей ҧлысы бөлшектеніп кетеді. Ҥгедейдің немересі Хайдуды Мөңке Ҧлы
қаған болған кезінде Қарақорымнан Тарбағатайға жер аударады. Хайду мҧнда Шағатай ҧлысының ханы Ба рақпен
одақтасып, 1269 жылы Таласта қҧрылтай өткізеді. Қҧрылтайда Еміл, Жетісу бойы, Сырдария, Ферғана өлкесі
Хайдудың билігіне өтеді. Осылай Ҥгедей ҧлысы қайтадан жанданып, Хайду мемлекеті болып қҧрылады. Хайду
1271 жылы Таразда Ҥгедей ҧлысының ханы болып сайланады. Хайдудан соң 1302 жылы əкесінің орнына
тҧңғышы Жапар билікке келеді.
Осы кезден бастап Шағатай, Ҥгедей əулеттері арасында тақ таласы қайта
басталады. Жапар əуелі Шағатай ҧрпағыДуваның (Туваның) билігін мойындайды. Көп ҧзамай 1310 жылы Ҥгедей
ҧлысы жойылып, Шағатай ҧлысына біріктіріледі.
Шағатай ҧлысы – 1260 – 1346 жылдар аралығында Шығыс Тҥркістан,
Жетісу, Мəуереннахр аумағында салтанат қҧрған көшпелілер мемлекеті. Бҧл
ҧлыс Шыңғыс ханның екінші ҧлы – Шағатай иелігі негізінде пайда болған. 1251
жылы Төленің ҥлкен ҧлы Мөңке ҧлы таққа отырып, алып империяны билеген
тҧста бақталастық өршіп, Шағатай мен Ҥгедейдің ҧрпақтары қуғынға ҧшырайды,
биліктен аластатылады. Ҧлыс ресми тҥрде ғана өмір сҥреді. 1259 жылы Мөңке
хан қайтыс болады. Енді оның інілері Қҧбылай мен Арықбҧға Шыңғыс хан
империясының Ҧлы қағаны болу ҥшін таққа таласады. Қҧбылай Пекинге кетіп,
Арықбҧға империяның бҧрынғы астанасы Қарақорымда қалады. 1260 жылы
Арықбҧға ҧлысты басқаруға Шағатайдың немересі Алғҧйды тағайындайды.
Алғҧй
бҧрынғы Шағатай ҧлысын дербес мемлекетке айналдырады. Мемлекетті 1265 жылы Алғҧй
өлгеннен кейін Хайду (1267 – 1301), Дува (1301 – 1306), Кебек (1308 – 1326), Тармашырын
(1326 – 1334), т.б. хандар басқарған. ХIV ғасырдың ортасында Шағатай ҧлысы екіге бөлініп,
батысында Əмір Темір (астанасы – Самарқан) жəне Моғолстан мемлекеттері (астанасы –
Қашқар) пайда болған.
МОҒОЛСТАН
Қазақ хандығының негiзiн салушылардың бiрi – Моғолстан
мемлекетi (ХIV – ХVI ғғ.). Ол ХIV ғасырда Шағатай ҧлысының
қҧлдыраған кезінде пайда болып, ХVI ғасырға дейін өмір
сҥрген. Мемлекет атауы «моғол», «моғҧл» сөздерiмен
байланысты аталған. Моғолстан мемлекетінің қҧрамына
Жетiсу аймағы, Қырғызстан жəне Шығыс Тҥркiстан кiрді.
Моғолстанның алғашқы билеушiсi – Тоғлҧқ Темiр хан.
Ортағасырлық тарихшы
Хайдар Мырзаның пікірінше, ол
Шағатай ҧрпағынан шыққан. Темір ханның басты атқарған
iстерi – Орта Азияны өзiне бағындырып, Шағатай ҧлысын
қайтадан бiрiктiруі жəне моғол тайпасы арасында ислам дiнiн
орнатуы. Моғолстан тҧрғындары көшпелi жəне жартылай
көшпелi өмiр сҥрiп, мал шаруашылығымен айналысқан. Бҧл
жерлерде дулат, жалайыр, ҥйсiн, қаңлы жəне басқа тҥркi тiлдес
тайпалар мекендеген. Моғолстанның кҥйреуiне əсер еткен
басты тарихи оқиға – ХV ғасырдың ортасында оның батыс
бөлiгiне Шығыс Дештi Қыпшақтан тайпалардың келіп
орналасуы. Бҧл тайпаларды Орыс ханның шөберелері Керей
мен Жəнібек бастап келген болатын. Олар Моғолстанға келген
соң шамамен 1465 – 1466 жылдары Қазақ хандығын қҧрған еді.
Шағатай ҧлысы ыдырағаннан кейін батысында Əмір Темір
мемлекеті, шығысында Моғолстан пайда болды.
ИЛХАНДАР МЕМЛЕКЕТІ.
ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ
Илхандар (ел хандары немесе Хулагу əулеті мемлекеті) əулеті Таяу жəне Орта Шығыста 1256
жылдан 1353 жылға дейін өмір сҥрді. Бҧл мемлекет қҧрамына қазіргі Ауғанстан, Иран, Ирак,
Əзербайжан, Армения елдерінің аумағы толықтай енді. Мемлекеттің негізін қалаған – Шыңғыс
ханның Төледен туған немересі Хулагу хан. 1253 жылы Қарақорымда өткен қҧрылтайда Шыңғыс
хан империясының сол кездегі Ҧлы қағаны Мөңке Таяу Шығысқа жорық жасауды ҧсынады.
Жорықты басқаруды өз інісі Хулагуге тапсырады. Хулагу сарбаздары Ауғанстан, Иран
, Ирак, Сирия
аумағын
жаулап алып, Қҧдыс (қазіргі Иерусалим) шаһарына жетеді. Оларға Египетті билеген қыпшақ Қҧтыздың
Бейбарыс сҧлтан бастаған сарбаздары (мəмлҥктер) қарсы тҧрады. Дəл осы кезде Хулагуге Қарақорымнан «Ҧлы қаған
Мөңке қайтыс болыпты» деген хабар жетеді. Империяның Ҧлы ханы болудан ҥміті бар Хулагу Қҧдыс тҥбіне жиырма
мың сарбазымен Кетбҧғаны қалдырып, өзі Қарақорымға қайтады. Қҧдыс қаласының маңындағы Галилей жазығында
1260 жылдың 3 қыркҥйегінде болған шайқаста Бейбарыс бастаған мəм лҥктер Кетбҧғаның жиырма мыңдық əскерін
тас-талқан етіп жеңеді. Кетбҧға сол шайқаста қаза табады. Ал Хулагу Тебриз қаласын астана етіп, жаңа Илхандар
мемлекетінің негізін қалайды. Мемлекеттің христиан сенімін ҧстанатын алғашқы хандары Рим папасымен, Франция
королімен одақтасып, мҧсылмандықты қа былдаған Ал тын Ордамен, Египет мəмлҥктерімен, Осман сҧлтандығымен
ҥнемі соғыс жҥргізген. Хулагу 1265 жылы қайтыс болып, ақсҥйектер арасында билік ҥшін талас өршиді. Жан-
жақтағы мҧсылман елдерімен соғыс толастамайды. 1353 жылы соңғы елхан Туга Темір өлген соң Ильхандар
мемлекеті мҥлдем қҧлап, Иран жерінде тəуелсіз мемлекеттер қҧрыла бастады.
Юань патшалығы – 1271 – 1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия жəне
Қытай аумағында салтанат қҧрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның
немересі Қҧбылай қалаған. Ол 1267 жылы ҧлы империяның астанасы Қарақорым
қаласын інісі Арықбҧғаға қалдырып, Қҧбылай астанасын Ханбалыққа (қазіргі
Пекин) көшіре ді. 1271 жылдан бастап өзі қҧрған мемлекетті Юань патшалығы деп
атайды. Оның аумағы Тынық мҧхиттан Ауғанстан шекарасына дейін созылып
жатты. Қҧбылай Жапонияны жаулап алуға да бірнеше рет талпыныс жасады. Ол
осы мақсатпен Корея мен бҧрынғы Сун империясының əскери-теңіз флотын қайта
қалпына келтіреді. Бірақ 1274 жылғы жəне 1281 жылғы Жапонияға шабуыл еш
нəтиже бермеді. Соңғы шабуыл кезінде Қҧбылайдың əскери-теңіз флоты кҥшті теңіз
дауылына тап болады. Сол кезден бастап жапондар өздерін қҧтқарған дауылды
«камикадзе» (қҧдай желі) деп атайтын болған. Юань патшалығында мəдениет, өнер,
білім жақсы дамыған. Алғашқы қазақ ақшалары да осы мемлекетте жасалған. Юань
патшалығының соңғы ханы Тоған Темір 1368
жылы өлтіріліп, билік басына
Қытайдың Мин əулеті келеді.
АҚ ОРДА. КӨК ОРДА
Қазақ хандығының негiзiн қалаған Ақ Орда ХIII ғасырда пайда болған. Ол ХV ғасырдың
20-шы жылдарына дейiн өмiр сҥрген. Мемлекеттiң негiзiн салған Жошы ханның ҥлкен ҧлы Орда
Ежен едi. Оның ҧрпақтары мемлекет кҥйрегенге дейiн билiк жҥргiзген. Ақ Ордада Орда Ежен
(1226 – 1247/1250), Кҥн Қыран (1250/1251 – 1280), Қоныша (1289 – 1301), Баян (1301 – 1309),
Сасы Бҧқа (1309 – 1315), Сасы Бҧқаның ҧлы Ерзен (1315 – 1320), т.б. хандар билік қҧрған. Ақ
Орда аумағының қҧрамына Жетiсудан басқа қазiргi Қазақстанның барлық аймағы кiрді. ХIII
ғасырда оның орталығы Шығыс Қазақстандағы Ертiс өзенi маңында болса, кейiн ол оңтҥстiкке,
Сырдария өзенiнің бойында орналасқан Сығанақ қаласына көшiрiлді. Алғашында Ақ Орда Алтын
Орданың бiр бөлiгi болып есептелген. Уақыт өте Орда Еженнiң кейбiр ҧрпақтары өз бетінше жеке
өмір сҥру ҥшін Алтын Орда билеушiлерiмен соғыс жҥргiзді. Билiк ҥшiн кҥресте Алтын Орда
əлсіреді. Бҧл кезде, ХIV ғасырдың екiншi жартысында, Ақ Орда тəуелсiздiкке қол жеткізді. Бірақ
осыған дейін де Ақ Орда билеушiлерiнiң кейбірі тəуелсiз хандар ретінде өздерiнiң теңгелерiн соға
бастаған. ХIV – ХV ғасырларда Ақ Ордада өмір сҥрген тҥркi жəне тҥркi тiлдес моңғол тайпалары
(арғындар, наймандар, қоңыраттар, қыпшақтар, керейлер, ҥйсіндер жəне т.б.) қазақ халқының
негiзiн қалаған. Ақ Орда іс жҥзінде қазақтың алғашқы мемлекеті болып табылады.
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыған кезде Көк Орда деген ҧлыс
атауы кездеседі. Көк Орда тарихи деректер мен кейінгі зерттеулерде жиі
айтылғанымен, əлі нақты бекітілмеген атау болып табылады. Көк Орда жөнінде
ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз
Бату жері, ал Ақ Орда дегеніміз Орда Еженнің иелігі деп санайды. Сонымен қатар
Бату иелігін Алтын Орда деп, ал Орда Еженнің ҧлысын Көк Орда деп қарастырған
зерттеулер де ҧшырасады. Келесі бір тарихшылардың пікірінше,
ортағасырлық
шығармалардағы Ақ Орда, Көк Орда атаулары тек Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына
қатысты айтылған, мҧның Бату мен оның ҧрпақтары билік еткен аймаққа мҥлде
қатысы жоқ деп есептейді. Сонымен қатар Ақ Орда аталған Орда Еженнің ордасы
шығыста Ертіс өзенінің орталық бойы мен оңтҥстікте Сырдария өзенінің орталық
бойын қамтыған қазіргі Шығыс, Орталық жəне Оңтҥстік Қазақстан аумағында
орналасты. Ал Көк Орда аталған Шибанның иелігіне қазіргі Батыс Қазақстан мен
Батыс Сібір аумағы енді деген пікір де кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: